Талдықорған: +19°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде руханиятқа тағзым мен білімге құрметтің айқын көрінісіне айналған тағылымды кеш өтті. «Кітап пен кітапханашы – руханияттың мәңгілік мұрасы» атты салтанатты жиын тек кәсіби мерекені атап өтумен шектелмей, ұлттың мәдени жадын сақтаушы қасиетті мамандық иелерінің қоғамдағы орнын қайта бағамдаған мазмұнды басқосуға айналды.

Кеш шымылдығы ашылған сәттен бастап-ақ зал ішін ерекше бір ілтипат пен іңкәр сезім баурап алды. Өйткені бұл жиын – кітапқа деген құрметтің, сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктің, рухани сабақтастықтың символы іспетті. Ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева кітапханашылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел руханиятына қосып жүрген өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Ол өз сөзінде кітапханашының тек қызметкер ғана емес, ұлттың жады мен зердесін сақтаушы, рухани көпір екенін айрықша атап өтті.

Расында да, кітапхана – уақыт пен кеңістікті жалғап тұрған алтын арқау. Ол өткеннің аманатын бүгінге жеткізіп қана қоймай, болашақтың да бағдарын айқындайтын киелі мекен. Ал сол қасиетті орданың жүрегі – кітапханашы. Олардың күнделікті көзге көрінбейтін еңбегі, әрбір оқырманмен орнатқан рухани байланысы, кітап арқылы адам жанына сәуле түсіруі қоғам үшін аса маңызды миссия.

Мерекелік кешке жиналған кітапхана ісінің ардагерлері мен жас мамандар бұл ойды әр қырынан өрбітіп, кітапхананың бүгінгі қоғамдағы орны туралы толғамды пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, цифрландыру дәуірінде кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, білім мен мәдениеттің, идея мен жаңашылдықтың орталығына айналып келе жатқаны ерекше атап өтілді. Заманауи технологиялармен үндескен кітапханалар жаңа буын оқырманды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып отыр.

Салтанатты кеш барысында салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар мамандар марапат төрінен көрінді. Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» табысталып, кітапхана ісіне сүбелі үлес қосқан жандардың еңбегі жоғары бағаланды. Бұл марапаттар тұтас бір рухани саланың дамуына қосылған үлестің айғағы.

Одан кейін мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының марапаттары табысталып, кәсіби шеберлігімен танылған мамандарға құрмет көрсетілді. «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісінің иегері атанған Айман Қожабекованың көпжылдық еңбегі көпшілікке үлгі ретінде ұсынылса, «Кітапхана ісінің үздігі» атағын иеленген Гүлнар Мұхаметқалиева кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары бағаланды.

Сондай-ақ «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталған Раиса Мұратова, Айгүл Бодауова, Раушан Қойчубаева және Кенжехан Ілімахунованың есімдері ерекше құрметпен аталды. Бұл жандардың әрқайсысы кітапхана саласының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті мамандар. Олардың еңбегі оқырманға қызмет етудің үздік үлгісі, руханиятқа адалдықтың айқын көрінісі десек қателеспейміз.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Алғыс хаттарына ие болған кітапханашылар да көпшілік қошеметіне бөленді. Бұл олардың еңбегінің республика деңгейінде мойындалғанының дәлелі.

Кештің көркемдік бөлігі де мазмұндық тұрғыдан үйлесім тапты. Жетісу облысының Д. Рақышев атындағы филармониясының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарлама көрерменге ерекше әсер сыйлап, рухани кештің ажарын аша түсті. Ән мен күй, поэзия мен сахналық көріністер арқылы кітап пен өнердің егіз ұғым екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Қазіргі жаһандану дәуірінде рухани құндылықтардың қадірі арта түскені белгілі. Осындай кезеңде кітапхана мен кітапханашының рөлі бұрынғыдан да маңызды. Олар ақпарат тасқынының арасынан асылын іріктеп, оқырманға жол көрсететін шамшырақ.

Жетісу төрінде өткен бұл тағылымды кешсол шамшырақ иелеріне көрсетілген лайықты құрмет. Ол кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, руханияттың мәңгілік екендігін тағы бір мәрте ұғындырды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.