Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды барып көрді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Астанада бір жыл бұрын ахалтеке тұқымының биесі дүниеге келген. Президент жылқыға өзі «Ақжан» деп ат қойған. Оның түсі ақшыл-қызғылт реңктердің үйлесімімен ерекшеленеді. Сонымен қатар жарты жыл бұрын атқораға осы тұқымдағы тағы бір бие қосылып, оған «Ақниет» есімі берілген.
“Бірнеше ай бұрын біздің ахалтеке сәйгүліктерімізге ақшыл қоңыр түсті тағы бір құлын қосылды. Оны Ақниет деп атадым. Жылқы шаруашылығын жақсы білетін мамандар оның болашақта халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін екенін айтып отыр. Президент Іс басқармасының атқорасында жуырда Катар мемлекеті сыйға тартқан араб сәйгүліктері де пайда болды”, – деді Президент.
Мемлекет басшысы кейде өзі келіп, жылқыларды қолдан жемдейтінін айтты.





