Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ширек ғасыр толайым табыс

5 мамыр 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Ширек ғасыр толайым табыс

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» волейбол клубының құрылғанына биыл – 25 жыл! Осыған орай команда қатысқан жарыстардан жүлдемен оралып, айтулы мерейтойға айрықша сый жасады. Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасы өтті. 

Биыл ел чемпионатын 10-шы рет жеңген «Жетісу» әйелдер командасы суперкубокты еншілеп, Тайландта өткен 2-ші Азия чемпиондар лигасында қола медаль иеленді. Ал «Жетісу» ерлер командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп, Кубок пен Суперкубокты ұтып, келесі жылы өтетін сары құрлық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Қосалқы құрам арасында (21 жасқа дейінгі) «Жетісу-2» қыздары қола алса, ұлдар командасы маусымды ІІ орынмен аяқтады.

– Жетісу өңірінде волейболдың жеңісті дәстүрі қалыптасқан. Біз дәл бұл нәтижелермен шектеліп қалмай, әлі де көрсеткішті жоғарылату жолында еңбектене бермекпіз. Академия ашып, жастарымызды волейболға баулып, олардың ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғауына себепші болғымыз келеді, – деді өз сөзінде облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы.

Артынша өңір басшысы «Жетісу» ерлер командасының бас бапкері Марат Адрышевты «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің Алғысы және төсбелгісімен Айбек Жақсылықов пен Валерия Якутинаны марапаттап, Денис Исаевқа, Дамир Акимовке, Владислав Кунченкоға, Наталья Борисенкоға Мемлекет басшысының алғысын табыстады.

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

– Жас спортшыларды дайындап, оларды үлкен додаға қосу – біздің басты міндетіміздің бірі. Қазіргі құрам мықтылардың санатында. Отандық ойыншылардан бөлек, қосымша легионерлер де келіп жатыр. Олардың тәжірибесі мен жас ойыншыларымыздың жігері алдағы жетістіктерге әсер етеді, – деді өз сөзінде «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич.

«Жетісу» әйелдер командасының ойыншысы Мадина Бекет 2-ші Азия чемпиондар лигасының үздік құрамына кіріп, «Ең үздік либеро» номинациясын алды. Ал Қазақстан чемпионатының биылғы қорытындысы бойынша Мария Фролова «MVP» (Ең сапалы ойыншы), Мяо Ивэн «Үздік шабуылшы», Дария Шаргородская «Үздік байланыстырушы» атанды. Ал «Жетісу» ерлер командасында Дамир Акимов, Роман Егоров, Владислав Кунченко чемпионаттың «Үздік құрамына» енді.

Шара барысында «Жетісу» ерлер командасының физикалық жаттығуына жауапты Антон Рубцов келгендерге арнайы шеберлік сабағын өткізді. Ал ойыншылар болса жиналған волейбол мектебінің оқушыларына қолтаңба беріп, естелікке фотоға түсті. Сахнада «Жетісу» әйелдер командасының бас бапкері Марко Гршич мотивациялық сөз айтты. Ойыншылардан Айбек Жақсылықов, Татьяна Никитина және Жәнібек Омар өз білгендерімен бөлісті.

Бұл шара «Жетісу» волейбол клубының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Клуб басшылығы алдағы уақытта тағы бірнеше шара өткізуді жоспарлап отыр.

 

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.