Талдықорған: +31°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

07.05.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны
WhatsAppTelegramFacebook

«Бізден басқа ешкім емес!» Бұл – десантшылардың ұраны. Бір қарағанда менмендік пен өзімшілдікке толы сөздей көрінеді. Бірақ, түпкі мәні тіптен бөлек. Әскери қақтығыстар кезінде десантшыларға қашанда жауапты әрі ауыр міндеттер жүктелген. Жаудың шебін бұзу, парашютпен шайқастың қақ ортасына кіру, тұтқынға түскендерді құтқару, соңғы демің қалғанша қорғанысты ұстау сияқты жанқиярлық шаралар дәл осы аэромобильді әскерге тапсырылады. Олар «шегіну» деген сөзді білмейді. Былайғы тілде, «Элиталық әскердің» ұраны бұл. Отан қорғаушылар күніне орай Талдықорған іргесіндегі 18404 әскери бөліміндегі гвардиялық десанттық-шабуылдаушылар бригадасының жай-күйін біліп қайттық.

Десантшылар даярлығының негізгі бөлігі физикалық жаттығуларға арналғанын алға тартты тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бригада командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Владислав Гасс. Айтуынша, ұзақ марштар, ауыр жабдықпен жүгіру, кедергілер жолағынан өту – күнделікті машық. Бұл десантшылардың төзімділігін шыңдап қана қоймай, кез келген жағдайда кедергілерді еңсеріп, тапсырманы орындауға бейімдейді.

– Бригадада 2 шақырылым бойынша 900-ге жуық мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз бар. Десант болу оңай емес. Жаңадан келетін сарбаздарға нақты талаптар қойылады. Соның барлығын орындай білу керек. Қазір сарбаздар әуе-десанттық жаттығу кешенінде даярлық үстінде, – деді капитан В. Гасс.

Парашютпен секіру десантшылар үшін ең маңызды қадам. Әуе-десанттық дайындық жөніндегі нұсқаушы Серік Сайыпназаров берілген межеге сай сарбаздардың даярлығын қалыптастыру қажет екенін алға тартады. Айтуынша, десантшы 45 секундта парашют жабдығын тағынып, секіруге даяр болуы тиіс. Түркістан өңірінің тумасы Ұлан Еркінбек нұсқаушы тапсырмасына сай жоғары нәтижеге қол жеткізуге барын салуда. Оның ойынша, десантшының әрбірі Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген сөзін ұран етуі тиіс. Сонда ғана нағыз десантшы атанбақ.

№37 бригаданың сарбаздары үнемі қоян-қолтық ұрыс қимылдарын да пысықтайды. Себебі, олар үшін физикалық мығымдық аса қажет. Былтыр күздегі шақырылыммен десантшылар қатарына қосылған Сәтбаев қаласының тумасы Еркебұлан Оразбаев бригаданың «Кез келген биіктіктен – кез келген отқа» ұранын миының мың қатпарына тоқып алған. Айтуына қарағанда, десантшы «асық ішіндегі сақа» болуы тиіс.

– Біз үшін физикалық, психологиялық даярлық бірінші орында. Бүгінде өзге сарбаздармен қоян-қолтық ұрыстың әдістерін меңгерудеміз. Десантшыға қойылар талап – тәртіп. Қазақтың хас батыры Бауыржан бабамыз «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегенді айтқан. Әрбір десантшы әрбір сәтке сақадай сай болуы тиіс әрі жекпе-жек өнерінің шебері болуы керек, – дейді десантшы.

Талдықорғандық десантшылардың басым жаңалығы – әскери жаттығу барысында дрондарды қолдану. Адамның ақыл-ойының жемісін пайдаланып жатқанына тұп-тура 2,5 жыл. Бригаданың оператор бөлімшесінің командирі Ержан Арыновтың айтуынша, дрондардың көмегімен сарбаздар барлау және шабуылдау тәсілдерін меңгеруі тиіс.

– Десантшылар шабуыл жасауға ғана машықтанбайды. Олар барлау жүргізуге де бейімделуі керек. Адам аяғы жетпейтін жерлерді барлауға дрондардың көмегіне жүгінеміз. Қазір бөлімшеде дрондардың 2 түрі қолданыста. Бірі – барлау жұмыстарына негізделсе, екіншісі жау көзін дәлдікпен жоюға арналған. Біз сарбаздарды 4 айда өздігінен ұшатын қондырғыны басқаруға үйретеміз, – дейді бөлімше командирі.

Оның айтуынша, оператор бөлімшесінде десантшылар тек дрон ұшыруды ғана үйренбейді. Бұзылған не сынған аппараттарды жөндеуге де машықтанады. Жалпы, сарбаздар десант болуы үшін заманауи қару-жарақтың барлық түрін меңгеруі тиіс. Былай айтқанда, қасиетті Отанның әрбір пұшпағына көз алартқан жаудың бетін тойтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Мерзімді әскери қызметтегі Бәкір Дулаттың пікірінше, күн сайынғы жауынгерлік дайындық арқылы нағыз десантшы дүниеге келеді.

– Жауынгерлік дайындық – үздіксіз үдеріс. Күн сайынғы тактикалық сабақтар, қару-жарақпен жұмыс істеу жаттығулары, парашютпен секіру, шынайы жауынгерлік жағдайда әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығулар десантшыны шыңдай түседі. Әсіресе, дене даярлығына көп көңіл бөлінеді. Себебі, десантшы үшін күш пен төзімділік – міндетті қасиеттер, – дейді сарбаз.

Әдетте десантшыларды Отан қорғаушылардың «элитасы» деп санайды. Өйткені, олар қатаң тәртіп пен үздіксіз жаттығуды ұстаным етеді. Десантшылардың казармасын таныстыру кезінде бригаданың тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бригада командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Владислав Гасс әскери бөлімге келген күннен бастап Отан қорғаушыдан нағыз десант даярлау жұмыстары жүргізілетінін алға тартты. Былай айтқанда, құрышты шыңдайды.

– Десантшының ең басты ерекшелігі – шапшаңдық пен икемділік. Кез келген жағдайда, ауа райының қандай болуына қарамастан, қысқа уақыт ішінде әрекет етуге дайын болуымыз керек. Сондай-ақ, физикалық әрі моральдық тұрғыда өте жоғары дайындық талап етіледі. Әр сарбаз өз ісіне жауапты болып, бойымыздағы өжет мінез тасып тұруы керек. Бөлімге келген сәттен сарбаздың әрбір сәтін, әрбір секундтын құр өткізбейміз. Төсек-орнын жинау, әскери киім кию әдебін үйретеміз, – дейді ол.

Қатардағы десантшы Мансұр Мұртазалиев, десантшы болу үлкен абырой екенін жеткізді.

– Шынайы десантшы болу үшін жігер, төзім мен ерік басты қасиет. Ешқашан берілмеу керек. Десантшылар бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұруы тиіс. Менің мақсатым – Отанымды қорғау, тыныштығын күзету, – деді жас сарбаз.

Десантшы – ерік пен жігерді, ерге тән мінезді, тәуекелге бара алатын батыл қасиеттерді бойына шоғырландыра білген күш иесі. Ал, осындай азаматтар тұрғанда ел тыныш, аспан ашық бола бермек.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026
Бейбіт күннің қалқаны

Бейбіт күннің қалқаны

07.05.2026
Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

07.05.2026
Баспаналы болған бақытты сәт

Баспаналы болған бақытты сәт

07.05.2026
40 күндік әскер

40 күндік әскер

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.