Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Таланттарды тоғыстырған алаң

14 мамыр 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Таланттарды тоғыстырған алаң
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстың цифрлық экожүйесін дамыту және жас ІТ мамандарды қолдау мақсатында Талдықорғанда ауқымды технологиялық жарыс – «Digital Regional Hackathon» өтті. Іс-шара IT-Hub Jetisu Digital алаңында ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды қолдау, цифрлық бастамаларды дамыту және қалалық инфрақұрылымды жетілдіруге арналған тың шешімдер ұсыну. Ұйымдастырушы ретінде «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының Талдықорған қаласындағы филиалы жұмыс жүргізді.

Жиын барысында қатысушылар бір күн бойы қарқынды жұмыс істеп, өңірді цифрландыруға бағытталған IT жобалардың прототиптерін әзірледі. Әсіресе, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, Smart City технологияларын енгізу секілді бағыттарға ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай хакатондар аймақтың цифрлық экожүйесін дамытуда маңызды рөл атқарып, IT саласына деген қызығушылығы жоғары жас мамандардың нақты жобалар ұсынуына мүмкіндік береді.

Қатысушылар бұл тәжірибе командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге және қысқа уақытта нақты өнім жасауға үлкен мүмкіндік болғанын айтады. Сонымен қатар, менторлардың қолдауы мен жаңа білімнің болашақта пайдасы зор екенін жеткізді.

Жұмыс офлайн форматта, тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өтті. Соның нәтижесінде командалар жобаларын тек әзірлеп қана қоймай, нақты жұмыс істейтін деңгейге жеткізе алды. Жаңа бастамалар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін жобалар қатарына енді.

Іс-шараға арнайы спикер әрі коуч ретінде Ұлан Үсенов қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол бүгін ұсынылған жобалардың деңгейі жоғары болғанын, қатысушылардың ойлау қабілеті мен кәсіби дайындығы айқын көрінгенін атап өтті.

«Digital Regional Hackathon» өңірдегі цифрлық технологиялардың дамуына серпін берген маңызды қадам болды. Бұл бастама жастардың елді жаңғырту үдерісіне белсенді түрде қатысып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.