Биылғы жыл бюджеттік шығынды жоспарлауда Үкіметті дилеммаға әкеп тіреп қойды. Мұрнының ұшына дейін тірелгені соншалық, ұлттық экономика тізгінін ұстаған Байбазаров өз орнынан кетті. Бектеновтың артқан сенімін ақ шашы болса да еш ақтай алмаған министрдің қызмет тен кету себебін білесіздер. Сол баяғы кіріс пен шығынды ретке келтіре алмауы.
Бір жағынан, Байбазаровқа да жаным ашиды. Қайтсін? Өндірісті қар қынды дамытайын десе бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік төлемдерге (зейнетақы, әлеуметтік көмек, тағы басқаларға) жұмсалады. Оларды азайту өліммен тең. Индустрияға қаражат салмауға да болмайды, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өте төмен. Ал ол көрсеткіш сол төмен қалпында қала берсе мемлекетімізге импортты азайту да, экспортты күшейту де, валюта тү сімі мен салықтық базаны кеңейту де мүмкін болмайтыны анық. Расымен де дилемма. Бюджеттік жолайрық! Қайтпек керек?
Әрине, мұндайда резервке жүгіну керек. Еділбай тұқымы да құйрығында ғы майды қуаңшылықта жаратады емес пе? Қажет пе, несіне Ұлттық қорды пайдаланбасқа? Президентіміз «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында астын сыза кеткен мәселелердің бірі осы. Шынымен де Ұлттық қорды қашанғы жи най беріп, бетіне қарап отырамыз? Оны ақылмен жарату қажет. Бюджеттің жыртығын жамай беруге емес – өндіріс пен өнеркәсіпті дамытуға, тек қана соған! Мемлекет өз қалтасынан ауылшаруашылығына да кесек-кесек инвес тиция берсе жақсы емес пе?
Кезінде Жапония (1950-1973 арасында) бар қаражатын жинақтап, бү кіл әлемдегі мықты-мықты патенттерді сатып алды. Ақырында өнеркәсі бін әбден дамытып, сол еңбектің жемісін әлі күнге дейін жеп келеді. Біле жүріңіз – Қытай өз экономикасына ЖІӨ-ң 195 пайызы көлемінде қаражат салып жүр. Екі есе! Сенесіз бе? Германия болса 70 пайызын құюда. Жал пы, қарыштап дамитын елдер бұл көрсеткішті 50 пайыздан түсірген емес. Қазақстан болса 9,5 пайыздан аса алмай отыр. Даму қайдан болсын?!
Сондықтан да Президентіміз бәрімізге Ұлттық қор бойынша үлкен ой салды. Қордың қаражаты шетелдегі облигацияларда жатқанша өз эконо микамызға жұмыс істегені жақсы. Өз басым оны толығымен қолдаймын. Алайда қаражат бар екен деп «сай сайға, бай байға құяды» дегенге салынып кетпеуіміз керек. Кез келген жобаның пайдасын тек бір ғана кәсіпкер емес, бірнеше кәсіпкердің көргені аса маңызды. Әйтпесе осы күнге дейін қалта сында қаражаты болса да мемлекеттен арзан инвестиция алып, дайын асқа тік қасығын әкелгендер аз болған жоқ. Өзінің жеке басындағы қамы үшін зауыт салып, бірақ бюджеттегі субсидияны қағып алғандар да болды бізде. Жетер! Жалқыны емес, жалпыны ойлайтын кез келді. Бұл туралы айтудан шаршамаймын. Керек десеңіз кооператив, керек десеңіз кластер құруға бо лады. Қорқатын түгі де жоқ.
Анас БАҚҚОЖАЕВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты





