Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Балалық шақтың шаттығы

1 маусым 2026
ӘЛЕУМЕТ
Балалық шақтың шаттығы

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы жағажайда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ – бақыт мекені» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы сән берген мерекеге мыңдаған қала тұрғыны, ата-аналар мен бүлдіршіндер қатысты.

Саябақ алқабы ерекше безендіріліп, келушілерге сан түрлі қызықты локация ұсынылды. Жағажай аумағында тақырыптық фотозоналар мен сауда жәрмеңкелері ұйымдастырылса, саябақтағы арнайы алаңдарда робототехника, авиа және кеме модельдеу көрмелері қойылып, жас өнертапқыштардың туындылары көпшілік назарына ұсынылды. «Заң және Тәртіп» алаңы, спорттық ойындар, велосипед жарысы, суретшілер пленэрі, асфальтқа сурет салу байқауы, ертегілер әлемі мен қуыршақ театры балалардың қызығушылығын арттырған ерекше орындарға айналды.

Салтанатты шараға жиналған қауымды қала әкімі Ернат Бәзіл құттықтап, балалардың жарқын болашағы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктерге тоқталды. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын да бүлдіршіндерге ізгі тілегін арнап, олардың амандығы мен бақытты балалық шағы әрқашан қоғам назарында екенін атап өтті.

Мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері концерттік қойылымдарын ұсынды. Концерт «Қымыз мұрындық» биімен ашылып, көрермендерді ұлттық өнердің әсем өрнегімен қарсы алды.

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Сахна төрінде балалар шығармашылығының сан қыры көрініс тапты. «Балалық шақ», «Самалтау», «Тек алға!», «Қазақстан», «Мен қазақпын», «Бақыт деген…» сынды әндер орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Көркем», «Кербез», «Цветы», «Танцевальная мозаика», «Құс базары», «Stars», «Томирис», «Contemporary» және басқа да хореографиялық композициялар мерекенің сәнін кіргізді.

Бұл күн бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен мейірімділікті дәріптеуге бағытталған тағылымды мерекеге ұласты. Балалардың бақытты балалық шағы мен жарқын келешегі жолындағы мұндай игі бастамалар әрдайым жалғасын таба бермек.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.