Талдықорған: +27°C
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әбікен Сарыбаевтың 100 жылдығы аясында «Шежіре» отауының тағылымы дәріптелді

02.06.2026
РУХАНИЯТ
Әбікен Сарыбаевтың 100 жылдығы аясында «Шежіре» отауының тағылымы дәріптелді

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл қазақ сөз өнерінде өзіндік орны қалған белгілі айтыскер ақын Әбікен Сарыбаевтың туғанына 100 жыл. Ел жадында өрелі ойымен, өткір тілімен, халықтық өнерге адалдығымен сақталған ақынның есімі бүгінде туған өңірінің рухани кеңістігінде ерекше құрметпен аталады. Оның өнегелі өмірі мен өнер жолы ұрпаққа сөз қадірін, елдік рухты, ұлттық намысты ұғындыратын тағылымды мектепке айналды. Әбікен Сарыбаевтың есімі аудандық Мәдениет үйіне берілуі де тегін емес. Сол шаңырақта айтылған әрбір ән, қойылған әрбір көрініс, ұйымдастырылған тағылымды шара Әбікендей өнер иелерінің аманатын жалғап тұрғандай әсер береді.

Осы қара шаңырақтың жанынан құрылған «Шежіре» өнер, тәлім-тәрбие отауы өткен мен бүгінді жалғап, аналар өнегесін, әжелер даналығын, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқан тағылым мектебі ретінде қалыптасты.

Шығармашылық ортаның тарихы 2015 жылғы наурыздан басталады. Алғашқыда алты әжеден құралған шағын өнер тобы аудандық мәдени шараларға қатысып, ұлттық ән мен салт-дәстүрді насихаттауға кірісті. Осы бастама ауылдық мәдени кеңістікте жаңа серпін тудырды. Әжелер сахнаға ән айту үшін ғана емес, ұлттық болмысты көрсету, қазақы тәрбиені таныту, жастарға үлгі болу мақсатымен шықты. Кейін бастама кеңейіп, «Шежіре» өнер, тәлім-тәрбие отауы ретінде жүйелі бағыт алды.

Өнер ордасының қалыптасуында ұйымдастырушы азаматтардың, мәдениет саласы мамандарының еңбегі ерекше. Алғашқы кезеңде әжелер тобының құрылуына Гүлмира Өтегенова ұйытқы болса, үйірме жетекшілігін Сәуле Қасымханқызы атқарды. Кейін жұмысты Ләззат Құсайынова жалғастырып, шығармашылық тынысын кеңейтті. Бүгінде Ләззат Құсайынова мәдениет саласындағы тәжірибесімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, әрбір мүшенің өнерін ашуға деген ықыласымен «Шежіренің» дамуына бағыт беріп келеді. Ал топ жетекшісі Раушан Нұрғалымова өнерпаздардың ішкі бірлігін сақтап, дайындық жұмыстарының жүйелі жүруіне ұйытқы болып отырған тәжірибелі жан.

«Шежіренің» басты ерекшелігі өнер мен тәрбиені қатар өрбітуінде. Мұндағы аналар халық әндерін орындап, ұлттық киім үлгісін таныстырып, қолөнер бұйымдарын көрсетіп қана қоймайды. Олар шежіре айту, естелік бөлісу, тағылымдық кездесулер өткізу, жастарға ұлттық әдеп пен салт-дәстүрдің мәнін түсіндіру жұмысын да тұрақты жүргізеді.

Бүгінгі таңда жаһандану ықпалы күшейіп, жастардың танымы мен талғамы түрлі бағытқа бұрылып жатқан кезде, ұлттық өнерді тірі орта арқылы көрсету аса қажет. Кітаптан оқылған дәстүр мен сахнада көрінген дәстүрдің әсері екі бөлек. Әжелердің өз қолымен тіккен ұлттық киімі, өз қолымен жасаған бұйымы, өз дауысымен айтқан әні, өз жүрегінен шыққан батасы жас ұрпаққа әлдеқайда терең әсер етеді. Өйткені мұнда жасандылық жоқ, өмір тәжірибесінен туған шынайылық бар.

«Шежіре» құрылған күннен бастап аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени рухани шараларға белсене қатысып, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттауға үлес қосып келеді. 2018 жылы Панфилов ауданы, Қоңыр- өлең ауылында өткен «Ауылым – алтын бесігім» іс-шарасында Алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылдан 2022 жылға дейін Талдықорған қаласындағы «Таңжарық» бағдарламасына бірнеше рет қатысып, қолөнер бұйымдарын таныстырды. 2021 жылы «Болмыс» бағдарламасының «Қарттарым – асыл қазынам» түсіріліміне қатысып, өнерлі аналардың тағылымды жолын көпшілікке танытты.

Өнер ошағы сахналық шаралар мен қатар қайырымдылық жұмыстарға да белсене араласып келеді. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Рамазан айында аудандық қайырымдылық қорларына тұрақты көмек көрсетті. 2022 жылы Сарыөзек ауылындағы медресеге қолдау білдіріп, Қаңтар оқиғасы кезінде блокпосттағы азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Мұндай игі істер өнерпаз аналардың елдік іске бейжай қарамайтын азаматтық болмысын көрсетті.

Шығармашылық табыстары да аз емес. 2023 жылы қолөнер шебері Ботакөз Рахимова облыстық «Үкілі серуен» ұлттық киім байқауының іріктеу кезеңінде жоғары бағаланды. 2024 жылы өнерпаз аналар КТК телеарнасының «Кел шырқайық» бағдарламасына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Сол жылы «Дара ене, үздік келін» байқауында Гүлнар Қасымова мен келіні бас жүлдеге ие болды. 2025 жылы «Жетісу» телеарнасының «Армысың, әз Наурыз!» бағдарламасына қатысып, ұлттық өнерді кеңінен насихаттады. Сонымен қатар «Дана ене, дара келін» облыстық байқауында арнайы жүлде иеленіп, Қызылжар шайқасының 327 жылдығына арналған «FELT BOOK 2025» кітап жәрмеңкесіне қатысты.

2025 жылы Қарттар күніне орай «Шежіре» үйірмесінің 10 жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен ықыласына бөленді. Ал 2026 жылы 18 наурыз – Ұлттық киім күні аясында облыстық көркемөнер галереясында өткен «Ұлттық киім – ұлт құндылығы» көрме фестивалінің мазмұнды өтуіне атсалысты.

Аталған өнер ошағының тарихы еңбек ортасының қоғамды тәрбиелеудегі күшін дәлелдейтін өнегелі жол. Оның әрбір мүшесі, концерті, көрмесі, қайырымды ісі өңір мәдениетінің дамуына қосылған сүбелі үлес болып қала бермек.

Қажет АНДАС
Сарыөзек кенті,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

02.06.2026
Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

02.06.2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

02.06.2026
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

02.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

02.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.