Талдықорған: +18°C
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шамшырақ жағушылар» құрметтелді

06.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Шамшырақ жағушылар» құрметтелді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақта ұстаздан асқан ұлы мамандық жоқ. Әкім де, хәкім де, елбасы да, қолбасы да ұстазға бас иеді. «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағай: «Ұстаз – баланың шамшырағын жаға білу керек» дейтін еді ғой. Қандай ұлы сөз?! Апта ортасында облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған жетісулық «шамшырақ жағушыларға» құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы келелі кездесуде ұстаздар қауымын әуелі Рәміздер күнімен құттықтап, артынша болашақтың негізін қалар ұрпақ тәрбиелеп отырған педагогтардың еңбегі турасында әңгіме тінін тарқатты.

– Халқымызда: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген асыл сөз бар. Өңір педагогтары білім саласындағы өзгерістерді қолдап, жүзеге асыруға үлес қосып, ел болашағы үшін еңбек етіп келеді. Биыл оқушыларымыз республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Осындай жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр. Бүгін берілген мемлекеттік наградалар көпжылдық қажырлы еңбек, төгілген тер, ұлт болашағын қалыптастырудағы қарекетке мемлекет тарапынан берілген әділ баға мен шынайы құрмет, – деді Бейбіт Исабаев.

Мұнан соң, аймақ басшысы ұстаздарды марапаттады. Әкім қолынан Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Зиялы Әбілова, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльвира Досаева, Текелі қаласындағы №7 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Виктория Комелькова «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебінің география пәні мұғалімі Жарқынай Болысбекова, Сарқан ауданындағы Жетісу орта мектебінің физика пәні мұғалімі Дана Жәкенова және Алакөл ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кенжегүл Қалияева «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Жиын барысында білім беру саласына елеулі үлес қосып, алғыс алған ұстаздар да аймақ басшысына ілтипатын білдірді.

– Бұл марапат бір адамның емес, тұтас ұжымның, бүкіл педагогикалық қауымдастықтың еңбегіне берілген баға. Бізге артылған сенім мен жауапкершілікті ақтап, саналы әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күшімізді саламыз. Аймақта заманауи мектептер салынып, білім беру нысандары жаңартылуда. Бұл бізге жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқыту үдерісін шығармашылықпен ұштастыруға кең мүмкіндік береді, – деді Дана Жәкенова.

– Қазіргі уақытта мұғалімдердің жүктемесі өте жоғары. Педагог тек білім беріп қана қоймай, балаларға көбірек көңіл бөліп, олармен тіл табыса білуі, креативті әрі коммуникативті болуы, сондай-ақ, қарқынды дамып жатқан жаңа технологияларды меңгеріп, оларды оқу үдерісінде кеңінен қолдануы қажет. Бұл – күн сайын табандылықпен атқарып жүрген басты міндетіміз. Президент тағайындаған мемлекеттік награда бізді одан әрі қанаттандырады, – деді Виктория Комелькова.

Жоғары наградаға ие болған «шамшырақ жағушылар» салтанатты шара соңында аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлымен естелік суретке түсіп, жайдары жүзбен тарқады.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жазадан босатылуы мүмкін

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жазадан босатылуы мүмкін

06.06.2026
Табиғатты қорғау акциясында 100-ден астам көшет отырғызылды

Табиғатты қорғау акциясында 100-ден астам көшет отырғызылды

06.06.2026
Заң үстемдігінің  сақшысы

Заң үстемдігінің сақшысы

06.06.2026
Дәнекерлеуші

Дәнекерлеуші

06.06.2026
Бақ қонып, құт дарыған

Бақ қонып, құт дарыған

06.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.