Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) жариялаған жаңа рейтингте Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақ дәрежесінде бірінші орынға көтерілді. Ол 76,2 келіге дейінгі салмақта бұған дейін екінші сатыда тұрған, енді америкалық Диего Пачеко мен даниялық Якоб Банкты артқа тастап, тізімде дара көш басталы, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл дивизиондағы WBO чемпиондық белбеуі дәл қазір ұлыбританиялық Хамза Ширазға тиесілі. Бұған дейін ұйым Жәнібекті британдық боксшының міндетті қарсыласы деп танып, қос тарапқа жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша ресми келіссөздер жүргізуді тапсырған еді. Егер белгіленген уақыт аралығында қос тарап өзара ортақ мәмілеге келе алмаса, айқасты өткізу құқығы промоутерлік саудаға (промоутерлік аукционға) шығарылады.
Жаңартылған рейтингтегі көшбасшылық орын Жәнібектің чемпиондық жекпе-жекке деген заңды құқығын одан әрі шегелей түсті. Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін орта салмақта WBO тұжырымының чемпионы болған еді. Алайда ол биыл жазда аталған белбеуінен өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысу туралы шешім қабылдаған болатын.





