Талдықорған: +13°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кино әлеміндегі рекорд: 2026 жылдың алғашқы миллиардер фильмі анықталды

8 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Кино әлеміндегі рекорд: 2026 жылдың алғашқы миллиардер фильмі анықталды

irbis.spb

WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік кассада 1 миллиард долларлық межені бағындырған 2026 жылдың алғашқы кино туындысы белгілі болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Tengri Life мәліметтеріне сүйеніп.

Шетелдік беделді Variety басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Illumination, Nintendo және Universal студияларының бірлескен өнімі – «Супер Марио: Галактикалық кино» анимациялық фильмі прокаттың оныншы аптасында 1 миллиард доллар жинап, рекорд орнатты. Өндірістік бюджеті шамамен 110 миллион долларды құраған жоба орасан зор кассалық түсімінің арқасында биылғы жылдың ең табысты туындыларының біріне айналды.

Жаңа анимациялық туынды жарыққа шыққаннан кейін «Super Mario» жобаларының жалпы кассалық жинағы 2 миллиард доллардан асты. Франшиза кассалық түсім көлемі бойынша әлемдегі ең ірі он анимациялық топтаманың қатарына еніп, тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұған дейін шыққан «Ағайынды Супер Марио» фильмі прокатта 1,3 миллиард доллар жинап, әлемдік хитке айналған еді. Illumination студиясы көрерменге «Гадкий я», «Үй жануарларының құпия өмірі», «Зверопой» сияқты танымал туындылары арқылы жақсы таныс.

Сиквелде бас кейіпкерлер Марио, Луиджи, ханшайым Пич пен Тоадтың жаңа шытырман оқиғалары баяндалады. Анимациялық фильмдегі кейіпкерлерді Крис Пратт, Бри Ларсон, Джек Блэк сияқты Голливудтың танымал актерлері дыбыстаған.

«Супер Марио» – Nintendo компаниясының аттас видеоойындар сериясына негізделген әлемге танымал медиафраншизасы. Оқиғаның басты кейіпкері Марио есімді су құбыршысы інісі Луиджимен бірге Саңырауқұлақ патшалығын сан мәрте қауіптен құтқарады. Ондаған жылдар ішінде бренд аясы кеңейіп, көптеген ойындарды, мультсериалдарды, комикстер мен толықметражды фильмдерді қамтитын үлкен мәдени құбылысқа айналды.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.