Талдықорған: +24°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?

11.06.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл барша футбол жанкүйерлерін теледидар алдына жинап, көшені азан-қазан қылып, мерекеге айналдыратын аладопқа арбалған жандар үшін айтулы сәт.  Теңбілдоптан төртжылдықтың басты додасы саналатын 23-ші Әлем чемпионатыны өз шымылдығын түреді. Тарихта алғаш рет үш мемлекет (АҚШ, Мексика, Канада) өткізеді. Тұңғыш мәрте турнирге 48 құрама қатысады. Командалар 12 топқа бөлінді. Ұпайдан шашау шығармаған екі құрама келесі кезеңге тікелей жолдама алса, үштікті түйіндегендердің арасынан нәтижелі 8 құрама плей-оффқа қатысады. Жанкүйерлер жалпы 104 ойын көреді.

Кездесулер үш елдегі 16 стадионда болады. Ойындардың басым бөлігі АҚШ-тағы Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Майами, Даллас және Атланта қалаларындағы 11 аренада өтеді. Мексикадағы матчтар Мехикода орналасқан әйгілі «Ацтека» стадионында, сондай-ақ, Гвадалахара мен Монтеррей қалаларында жоспарланған. Канада өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатын қабылдап, ойындарды Торонто мен Ванкувердегі стадиондарда өткізеді.

FIFA Халықаралық футбол федерациясы Әлем чемпионатын ұйымдастыру арқылы 6 миллиард доллардан астам табыс табады деген болжам бар. Бұл туралы Finance Football компаниясы мәлімдеген. Турнирдің негізгі табысы телетрансляциялар құқығын сатудан түседі. Осы арқылы ұйым шамамен 3,8 миллиард доллар табыс табады. Сонымен қатар жарнамалық келісімдер мен демеушілік серіктестік арқылы тағы 2,4 миллиард доллар көлемінде кіріс түспек.

Әлем чемпионаты алдында елімізге белгілі спорт журналистерінің пікірін білдік.

Мадина Асылбек. Басты фавориттер өзгерген жоқ

– Бұрын әлем чемпионатына жолы түсе бермейтін құрамалар да енді өз мүмкіндігін сынайды. Сондықтан сенсацияның да, күтпеген нәтижелердің де көп болатыны анық. Дегенмен басты фавориттер өзгерген жоқ. Меніңше, бұл жолғы әлем чемпионатында Испанияның мүмкіндігі өте жоғары. Соңғы жылдары испандар құраманы толық жаңартты. Жас буын мен тәжірибелі футболшылардың үйлесімі жақсы қалыптасқан. Ең бастысы – Испанияның ойын стилі айқын. Допты бақылау, жоғары қарқын, техникалық футбол. Мұндай турнирлерде нақты жүйесі бар командалар ұзаққа барады. Португалияны да назардан тыс қалдыруға болмайды. Көпшілік әлі күнге дейін бұл құраманы тек Роналдумен байланыстырады. Бірақ қазіргі Португалияның күші бір ойыншыда емес. Құрамда әлемнің үздік клубтарында ойнайтын жоғары деңгейлі футболшылар жеткілікті. Қорғаныс та, жартылай қорғау да, шабуыл да сапалы жасақталған. Тіпті соңғы жылдардағы ең мықты Португалия құрамаларының бірі деп айтуға болады. Ал Франция үшін бұл турнирдің орны бөлек. 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинадан пенальти сериясында жеңілгені әлі ұмытылған жоқ. Француздардың қазіргі буыны әлі де бабында. Құрам сапасы жағынан әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналады. Әзірге соңғы Алтын доп иесі Дембеле де, ең қымбат футболшылардың бірі Мбаппе де осында. Сол үшін дәл қазір турнир алдындағы әсер бойынша Испания, Франция және Португалия маған ең дайын көрінетін құрамалар сияқты көрінеді.

Ақырыс Сейітқазы. Португалия мықты

– Криштиану Роналдудың соңғы Әлем чемпионаты деп қарап отырғаным жоқ, Португалия биылығы турнирге қатысатын құрамы ең мықты құрамалардың қатарында. Оның үстіне Роналду әттеген-айсыз кетпесе екен деймін. Ес білгелі Португалия құрамасының ойынын көріп келе жатқаннан кейін, осы жолы топжарса деген тілегім бар. Эйсебио, Фигулардың кезінен бұйырмай келе жатқан кубокқа осы жолы португалдардың қола жетсе екен.

Елдар Аманбаев. Ағылшын футболының дәуірі жүріп тұр

– Англия құрамасы топжарады деп отырмын. Ағылшындардың командалары биыл Еуропаның басты додаларында ерекше ойын көрсетті. Конференция лигасын жеңді, Еуропа лигасын алды, Чемпиондар лигасының финалында ойнады. Ағылшындардың дәуірі дәл қазір жүріп тұр. Құрамы да керемет. Бас бапкер Томас Тухель жұлдызды ойыншыларды көп алмасада, қатарға нағыз жеңіске жете білетін футболшыларды алды. Бүгінгі таңда жаһанның үздік ойыншыларының бірі саналатын Хари Кейн бастаған ағылшындар жеңеді деп ойлаймын.

Руслан Бақытжан. Роналдудың кубок алатын сәті

– Әлем чемпионатында Португалия құрамасы жеңіске жетуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, пиренейліктердің сапында әйгілі Криштиану Роналду бар. Роналду клубтық деңгейде барлық турнирде жеңіске жеткен аңыз ойыншы. Құрама сапында Еуропа біріншілігін алды. Енді мундиальда топ жарса, каръерасын армансыз аяқтай берсе болады. Жалпы Криштианудан бөлек, Португалия командасының әр позициясында мықты футболшылар жиналған.

 

Серік ҚАНТАЙ    

Қатысты жаңалықтар

Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?

Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?

11.06.2026
Еліміздің барлық өңірінде «Жас құтқарушы» жарыстары мәресіне жетті

Еліміздің барлық өңірінде «Жас құтқарушы» жарыстары мәресіне жетті

11.06.2026
«Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

«Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

11.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды

11.06.2026
Менің ауылым

Менің ауылым

11.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.