Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды

15 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Үштөбе гарнизонында орналасқан 15603 әскери бөлімінде запастағы әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны басталды. Аталған жиынға 100-ден астам запастағы офицерлер мен сержанттық құрам қатысуда.

Жиынның негізгі мақсаты – әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, әскери мамандықтар бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ Қарулы Күштердің резервтік құрамын дайындау.

Оқу-жаттығу жиыны екі негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар жалпы әскери дайындықтан өтеді. Бұл кезең аясында жауынгерлік атыс жүргізу, арнайы техникаларды басқару және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әскери тәртіп, саптық дайындық және қауіпсіздік талаптары бойынша да оқыту жүргізіледі. 

Екінші кезеңде әскери міндеттілер өздерінің әскери мамандықтары бойынша тереңдетілген дайындықтан өтеді. Сабақтар барысында инженерлік-әуеайлақтық қамтамасыз ету және инженерлік бүркемелеу бағыттары бойынша теориялық және практикалық машықтарын жетілдіреді.

– 15603 әскери бөлімінің басшылығы жиынға қатысушылар үшін барлық қажетті жағдайды жасады. Әскери міндеттілер жатын орынмен, үш мезгіл тамақпен және әскери киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Жиын барысында олар теориялық білімдерін жетілдіріп, практикалық машықтарын шыңдайды, – дейді 15603 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Дидар Абишев.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар инженерлік-әуеайлақ және инженерлік бүркемелік мамандықтарын меңгеріп, өздерінің кәсіби даярлық деңгейін арттырады. Бұл өз кезегінде Қарулы Күштердің мобилизациялық әзірлігін нығайтуға және резервтегі әскери мамандардың біліктілігін жетілдіруге ықпал етеді.

Мұндай оқу-жаттығу жиындары әскери міндеттілердің жауынгерлік қабілетін арттырумен қатар, олардың әскери мамандықтар бойынша заманауи талаптарға сай дайындалуына мүмкіндік береді.

 Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.