Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда жыл басынан бері 42 мыңңан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілді

15 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда жыл басынан бері 42 мыңңан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты  бұл уақытта барлық ХҚКОда жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады. 2026 жылдың бес айында Жетісу облысында 42783  жеке куәлік пен паспорт берілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облылы бойынша филиалы хабарлады.

Жеке куәлік пен паспортты рәсімдеу үшін  – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. Егер төлқұжатты бірінші рет алып тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Ал егер құжаттың мерзімі аяқталып бара жатса, оны 1 ай бұрын ауыстыруға мүмкіндік бар.

Төлқұжат пен жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері:
16 жасқа дейінгі балалар төлқұжаты (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК),
36 беттік төлқұжат – 34 600 теңге (8 АЕК),
48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге (12 АЕК),
Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК).

Ескерту: жеке куәлік алғаш рет алынғанда немесе мерзімі бітіп ауыстырылғанда тегін беріледі (мемлекеттік баж алынбайды). Егер жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтып алсаңыз, 4 325 теңге (1 АЕК) төлеу қажет.

16 жасқа дейінгі балаларға  24 беттен тұратын Қазақстан Республикасының паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға – 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға – 10 жыл мерзімге  беріледі. Қызмет көрсетудің  мерзімі –  15 жұмыс күні.

Алайда, құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алуға болады Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін

1 санатты жеделдік – 1 жұмыс күніне дейін – 3011,12 теңге

2-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін 1581,14 теңге

Облыс орталықтары үшін – жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 жұмыс күніне дейін

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат жеделдіктің – 7 жұмыс күніне дейін – 703 теңге

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсыну және ата-анасының бірінің бірге келуі міндетті. ҚР азаматтары 16 жасқа толғаннан кейін бір ай ішінде жеке куәлікке өтініш беруі керек. Мерзімі аяқталған жеке куәлікті бір ай ішінде жаңартпаған жағдайда әкімшілік айыппұл қарастырылған. Егер сізде қолданыстағы төлқұжат бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу кезінде оны да өзіңізбен бірге алып келгеніңіз жөн. Бұл қызметті де төлқұжат сияқты жеделдетілген тәртіппен алуға болады. Сонымен қатар жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдетілген санаты бар. Олардың қатарына ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы аналар және т.б. жатады.

– Жыл басынан бері Жетісу облысында төлқұжат пен жеке куәлік берудің ең көп саны Талдықорған қаласына тиесілі – мұнда 14 616 адам құжаттанды. Ал ең азы Сарқан ауданында тіркелген – 1 515 құжат рәсімделді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиал директоры Абзал Омаров.

Еске салайық, жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 және одан аз күнтізбелік күн қалса немесе құжат мерзімі өткен күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспаған жағдайда, оны Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы онлайн түрде жаңартуға болады.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.