Талдықорған: +20°C
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Талдықорғанда «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті

17.06.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
Талдықорғанда «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жетісу облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты – қоғамда адалдық, әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Көрме үш бөлім бойынша ұйымдастырылды. «Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі» бөлімінде құқықтық мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған әдебиеттер қойылды. Оқырмандар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Еңбек кодексі, Азаматтық кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке арналған ғылыми-танымдық еңбектермен танысты.

«Адалдық – адамдықтың асыл қасиеті» бөлімінде ар-ождан, әділеттілік, жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптейтін шығармалар ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың «Қара сөздері», «Құтадғу білік», «Диуани хикмет», сондай-ақ қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары бар.

Ал «Құқықтық мерзімді басылымдар» бөлімінде құқықтық тақырыптағы өзекті мақалалар мен салалық басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарының маңыздылығы туралы ақпараттық материалдар таныстырылды. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудағы және қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі Лина Айдын көрменің тәрбиелік және ағартушылық маңызына тоқталды.

– Бүгінде қоғам үшін адалдық пен әділеттілік мәселелері ерекше маңызға ие. Осыған орай кітапханамызда «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. Көрменің басты мақсаты – оқырмандар арасында заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, адамгершілік құндылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет идеяларын насихаттау. Көрмеде құқықтық әдебиеттермен қатар адалдық, әділеттілік, ар-ұят, еңбекқорлық сияқты маңызды адами қасиеттерді дәріптейтін көркем шығармалар да ұсынылған. Кітап арқылы біз жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуді көздейміз. Көрмеде Абайдың «Қара сөздері», қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары мен құқықтық бағыттағы еңбектер ерекше орын алады. Бұл кітаптар оқырмандарды ойлануға, өзін-өзі жетілдіруге және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге жетелейді. Көрме қонақтары заң мен құқықтық тәртіптің, адалдық пен әділеттіліктің қоғам өміріндегі мәнін тереңірек түсініп, құқықтық және рухани мәдениет саласындағы білімдерін кеңейте алады, – деді ол.

Алматы облысының және Жетісу облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны Бақытжан Тұрысбеков мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.

– Бүгін «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесіне қатыстық. Көрме өте мазмұнды әрі тағылымды ұйымдастырылған. Мұнда ұсынылған құқықтық және рухани бағыттағы әдебиеттер адалдық, әділеттілік, жауапкершілік секілді құндылықтардың қоғамдағы маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе заң үстемдігі мен құқықтық мәдениетке арналған кітаптар біздің қызметімізбен де үндеседі. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жастардың рухани дамуына оң әсер етеді деп есептеймін, – деді ол.

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Олар мұндай профилактикалық және ағартушылық шаралардың қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтырудағы маңызы зор екенін атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «ЖЕТІСУ» газеті / 7-su.kz веб-сайты (@7su.media)

 

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18.06.2026
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

18.06.2026
Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

18.06.2026
Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

18.06.2026
Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.