Талдықорған: +22°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев өңірдегі бес айдың қорытындысын жариялап, халықтың әмияны мен құқығын қорғау бағытындағы атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндады.

Жыл басынан бері департаментке 573-тен астам өтініш келіп түскен. Аталмыш көрсеткіш халықтың құқығын қорғауға деген құлшынысы артқанын аңғартады. Мамандардың жедел әрекет етуі мен заң аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушыларға 20 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Департамент басшысы Айдос Нұрданұлы:

«Біздің міндетіміз – кез келген заң бұзушылыққа жедел жауап беріп, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау. Өңір тұрғындарына жосықсыз бизнес өкілдерінің алдында өз құқықтарын қорғауға көмектесу басты назарда қала бермек. Ең көп шағым дәстүрлі түрде бөлшек сауда саласына тиесілі. Мұнда 187 арыз тіркелген. Көбіне дүкен иелері тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартады. Әсіресе, дүкен сөрелеріндегі «Тауар қайтарылмайды және айырбасталмайды» деген заңсыз тақтайшалар әлі де кездеседі», – деп атап өтті.

Спикердің айтуынша, электронды сауда саласы да өзекті мәселенің біріне айналды. Интернет арқылы зат сатып алғанда тауар сапасының сәйкес келмеуі, жеткізу мерзімінің бұзылуы жиі орын алады. Бүгінгі таңда осы бағытта 52 өтініш қаралып, тиісті шаралар қабылданған.

Тұрғындарды тек сауда ғана емес, күнделікті тұрмыс сапасы да толғандырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 108 арыз түскен. Сумен жабдықтаудың төмендігі, жылу мен электр энергиясына негізсіз ақы есептеу сияқты мәселелер халықтың наразылығын тудырады.

Сонымен қатар, тұрмыстық қызмет көрсету саласында да (техника жөндеу, жиһаз жасау, химиялық тазалау) 72 шағым тіркелді. Көбіне шеберлер жұмысты сапасыз орындап, ақшаны қайтарудан қашады. Мұндай жағдайда департамент мамандары заңды тетіктерді қолдана отырып, тұтынушының шығынын өндіріп алуға атсалысады.

Жаз мезгілі – демалыс уақыты. Осы кезеңде көлік қызметіне, әсіресе әуе билеттерін қайтаруға қатысты сұрақтар көбейеді. Департамент мамандары маңызды бір жайтты еске салады: егер рейс авиакомпанияның кінәсінен тоқтатылса немесе кешіктірілсе, жолаушы билет құнының 100 пайыз көлемін қайтарып алуға құқылы. Бұл ереже билеттің тарифіне қарамастан жұмыс істейді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша департамент тек арыз қабылдап қана қоймай, нақты жазалау шараларын да іске асыруда. Бес ай ішінде 20 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 17 жағдайда заң бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 25 әкімшілік хаттама толтырылып, 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, азаматтардың құқығын қорғау үшін сотқа 24 талап-арыз жолданған.

Департамент басшысы сөзін қорытындылай келе:

«Бәріміз де тұтынушымыз. Біздің ортақ мақсатымыз – жазғы демалыс өңір тұрғындары мен қонақтарына тек жағымды эмоциялар сыйлауын қамтамасыз ету. Әрбір азаматтың құқығы мемлекеттің сенімді қорғауында болады», – деді.

Жосықсыз қызметке немесе сапасыз тауарға тап болсаңыз, мына мекенжайлар бойынша көмек сұрай аласыз:

  • Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78.
  • Жедел желі телефоны: 8 (7282) 41-56-10.
  • Eotinish.kz платформасы немесе Telegram-бот.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.