Талдықорған: +31°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

30.06.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

gz.mcfr.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік сатып алу, оның ішінде, рәсімдердің ашықтығы, кері байланыс және халықтың сенімін арттыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі ерекше маңызға ие. Осыған байланысты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыстық департаменті дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, қоғамдық белсенділер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Алмас Алимбеков, ҚР МҚІА Жетісу облыстық департаменті басшысының орынбасары Арыстан Асқардың баяндамалары тыңдалды.

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың негізгі мақсаты – сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, заңдылық пен адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Кездесу барысында мемлекеттік сатып алу саласы заңнамасындағы өзгерістер, рәсімдердің ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері талқыланды.

Сала қызметкерлерінің айтуынша, ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №589 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы өңірдегі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленді. Сатып алу процедураларын орталықтандыру ашықтықты қамтамасыз етуге, адал бәсекелестікті дамытуға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді күшейтті. Атап айтқанда, сатып алу мерзімдері қысқартылып, рәсімдер оңтайландырылды, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі артты.

Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасаған немесе мемлекеттік шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған тұлғалардың қатысуына шектеулер енгізілді. Қосалқы мердігерлерді тарту тетіктеріне бақылау күшейтіліп, мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына басымдық берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық бақылаудың маңызы да артып келеді. Мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуы туралы ақпараттың ашық жариялануы азаматтар мен бизнес өкілдерінің бақылауын күшейтіп, рәсімдердің жариялылығы мен есептілігін қамтамасыз етеді.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік сатып алу жүйесінде адал бәсекелестікті дамытуға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша төмендетуге бағытталған.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Үрімжіде жанданған серіктестік

Үрімжіде жанданған серіктестік

30.06.2026
Жол сапасы қатаң бақылауда

Жол сапасы қатаң бақылауда

30.06.2026
Тарих пәні платформасы

Тарих пәні платформасы

30.06.2026
Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026
Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.