Талдықорған: +31°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Күй күмбірлеген күн

02.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Күй күмбірлеген күн
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың рухани әлемінде күй өнерінің орны айрықша. Домбыраның қос ішегінен төгілген әрбір қоңыр күй – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымының, өмір салтының, елдік рухының көрінісі.

Күй – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, ұлттың жүрек соғысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген үнсіз шежіре. Сондықтан дәстүрлі күй өнерін дәріптеу – мәдени мұраны сақтау ғана емес, ұлттық болмысты жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына елдік құндылықтарды сіңірудің маңызды тетігі. Осы игі мақсатты көздеген облыстық «Үздік жас домбырашы» байқауы Ұлттық домбыра күні қарсаңында Талдықорған қаласында өтті. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өнер додасы қазақтың қасиетті қара домбырасын төрге шығарып қана қоймай, түрлі этнос өкілін ортақ мәдени құндылық төңірегіне топтастырған тағылымды рухани шараға айналды.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айдос Игенбай ұлттық өнер – халықты біріктіретін ең қуатты рухани күштердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, домбыра – қазақ халқының ғана емес, Қазақстандағы барлық этностың ортақ мәдени кеңістігін байытатын құндылық. Сондықтан жастардың күй өнеріне деген қызығушылығы ұлттық мәдениеттің өміршеңдігін көрсетеді. Ол өнер бәйгесіне қатысқан барлық жас домбырашыларға шығармашылық табыс тілеп, бұл байқау олардың өнер жолындағы үлкен белестердің бастауы боларына сенім білдірді.

Биылғы байқау жаңа форматта ұйымдастырылды. Өнер додасы бір кезең бойынша өткізіліп, әрбір қатысушы қазақтың дәстүрлі күй өнерінен екі шығарманы орындады. Бұл талап жас күйшілердің техникалық дайындығын ғана емес, күйдің табиғатын сезінуін, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігі мен музыкалық талғамын жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Өңірдің әр аудан-қаласынан келген түрлі этнос өкілі сахна төрінде қазақтың қасиетті күйлерін орындап, ұлттық өнерге деген ерекше құрметтерін көрсетті. Бірінен кейін бірі орындалған күйлер көрерменді ерекше әсерге бөледі. Бір шығармада Құрманғазының қайсар рухы сезілсе, келесі туындыда Тәттімбеттің сыршыл әлемі, Дәулеткерейдің нәзік иірімдері мен халық күйлерінің терең философиясы көрініс тапты. Домбыраның күмбірінен туған қоңыр әуен көрерменді бір сәтке тарих қойнауына жетелеп, қазақ даласының кеңдігін, бабалардың асқақ рухын көз алдына әкелді.

Жас орындаушылардың өнеріне тәжірибелі күйші-ұстаздардан құралған әділқазылар алқасы төрелік етті. Бағалау барысында қатысушылардың орындаушылық мәдениеті, техникалық шеберлігі, күйдің мазмұнын аша білуі, сахнадағы еркіндігі мен көркемдік деңгейі жан-жақты сараланды.

Әділқазылар алқасы байқауға қатысқан жастардың дайындық деңгейіне жоғары баға беріп, өнерге деген ынтасы мен ізденісін ерекше атап өтті. Сонымен қатар олар жас күйшілерді тәрбиелеп жүрген ұстаздарға кәсіби тұрғыда маңызды ұсыныстарын жеткізді.

Қазылардың пікірінше, дәстүрлі күйшілік мектептің басты ерекшелігі – шығарманың төл табиғатын сақтау. Сондықтан халық күйлерінің қағысын, орындау мәнерін және музыкалық мәтінін өзгертуге болмайды. Бұл – сын айту емес, ұлттық мұраға деген жанашырлықтан туған тілек екенін ерекше атап өтті.

Өнер додасының қорытындысында қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Панфилов ауданынан келген Евгений Матюшкоға бұйырды. Екінші орынға Текелі қаласының өнерпазы Эмиль Ким лайық деп танылды. Ал үшінші орынды Панфилов ауданынан қатысқан Адилям Махмутова иеленді. Жүлдегерлерге арнайы дипломмен бірге ақшалай сертификаттар және статуэткалар табысталды. Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық жас домбырашыға Алғыс хат, арнайы сыйлық және естелік статуэтка тапсырылды.

«Үздік жас домбырашы» байқауы жеңімпаздарды анықтаған өнер сайысы ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған рухани мереке болды. Түрлі этнос жастарының бір сахнада қазақтың қасиетті күйлерін орындауы – еліміздегі қоғамдық келісімнің, мәдени сабақтастықтың және ұлттық өнерге деген ортақ құрметтің жарқын көрінісі.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.