Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЙЫРЫМДЫНЫҢ ҚАЗАНЫ ОРТАЙМАСЫН

29 желтоқсан 2024
РУХАНИЯТ
ҚАЙЫРЫМДЫНЫҢ ҚАЗАНЫ ОРТАЙМАСЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын дәстүр бойынша балаларға тәтті-дәмдісін ұсынып, ақ дастарқан жаятын «Амина» мейрамханасының басшысы Ася Ким  биыл да 220 бүлдіршінді шаттыққа кенелтті. Сарқан ауданының орталығындағы «Амина» мейрамханасында көпбалалы мүгедектігі бар және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздарға арнайы мерекелік дастарқан жайып, қайырымдылық жасады. Жаңа жылдың кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар қызықты думанның мерейін одан ары тасытты.  


Мейрамхана басшысы Жаңа жылдық думанның  жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қол ұшын созған кәсіпкерлер Сарбиназ Құмарова, Жанар Құрманғалиева мен Болат Ақпаевқа демеушілік көрсетіп, қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Ол өз ісін 2008 жылы Жансүгір ауылында 60 адамға арналған кафе ашудан бастады. Алты айдан кейін екінші кафе ашылды. 2011 жылы Жансүгірде 250 мейманды қабылдауға арналған «Амина» мейрамханасын,  ал екі жылдан кейін Сарқан қаласында 300 қонақты жайлы қабылдай алатын мейрамхана салды. Араға жылдар салып Сағабүйенде «Амина» мейрамханасы ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастады. Жансүгірде 40 адамға лайықталған қонақүй ашып, 3 жылдан кейін Талдықорған қаласында да дәл осындай мейрамхана ашылды. Сонымен қатар Екіаша ауылындағы өзінің қоғамдық тамақтандыру орны арқылы ГЭС салып жатқан 150-160 құрылысшыларды да ыстық ауқатпен қамтамасыз етуде. Асяның қайырымдылықпен айналысып келе жатқанына 13 жыл болыпты. Ораза кезінде ауыз бекіткен жандарға 1000 адамды қамтып ауызашар ұйымдастыруды ол дәстүрге айналдырған. 

Кез-келген бизнестегі сәттілік табандылықты, қажырлы еңбекті және өз кәсібіне деген құштарлықты қажет етеді. «Амина» өз клиенттеріне сапалы дайындалған тағамдарды ұсынады.  Асяның басты тірегі, өмірлік серігі Бидахмет Жаңабатыров және балалары. Қызметкерлерінің барлық қажеттіліктерін өтеп, ауырса емдетіп, көлікпен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпкерге қарауындағылар дән риза. 

Ася Валентинқызының еңбегі лайықты бағаланып, «Қазақстанның  үздік 100 адамы» кітабына есімі айшықталып жазылып, Мәскеу қаласынан шығатын Үлкен энциклопедияға жетістіктері тіркелген. 

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.