Талдықорған: +16°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

6 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

"Жетісу" ФК

WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан ел чемпионатының екінші айналымы басталды. «Жетісу» футбол клубы 16-турда Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» алаңында жергілікті командамен ойнап, 1:2 есебімен жеңілді. Оның алдында Талдықорғанда өткен 15-турда «Ақтөбені» 1:0 нәтижесімен жеңген болатын. Жетісулықтар сапынан қатарынан екі матчта гол салған – Асхат Балтабеков.

Ойын тартысқа толы өтті. «Ақтөбе» өткен кездесуде кеткен есесін қайтару мақсатында шабуылды жиілетіп, допты барынша бақылауда ұстап, соққыны көбейтті. Статистикаға үңілсек – «Ақтөбе» 59 пайыз, ал «Жетісу» 41 пайыз допқа иелік етті. Соққылар саны бойынша «Ақтөбе» алда (13 соққы, 6 тура; «Жетісуда» 5 соққы, 2 тура). Бұрыштама бойынша ақтөбеліктердің нәтижесі жақсы (9 рет). Талдықорғандықтар болса жалпы ойын барысында тек 1 мәрте ғана бұрыштан допты көтеру құқығына ие болды.

Өткен ойында 5 ескерту қағазы көрсетілді (15-турда). Бесеуінде жетісулықтар алды. Ал осы ойында (16 тур) 4 сары қағаз ақтөбеліктерге, 2 ескерту жетісулықтарға берілді. Георги Заряны құлатып, екінші ескерту қағазын алған Дінмұхамед Қашкен 90 минутта алаңнан кетті.

Матчта есепті ашқан – Иван Ордец. Ол 45+1 миунтта Луиш Нанидың бұрыштан көтерген добына бірінші жетіп, допты басымен Стефан Сикаш қорғаған қақпаға бағыттады. Ал одан кейінгі голды 86 минутта көрдік. «Жетісу» командасының сол қапталдағы қорғаушысы Асхат Балтабеков пенальтиден гол салды. Бұл 32 жастағы жетісулықтың чемпионатта салған үшінші голы (16 ойында 3 гол салып, 5 пас берді). Пенальтиді Шыңғыс Әнуарбековке айып алаңының ішінде дөрекі ойнаған Темірлан Ерлановтың әректі үшін берді. Ойын аяқталар тұста «Жетісу» қақпасының алдындағы абыр-сабыр сәтте Артур Шушеначевпен доп үшін арпалысқан Йован Пайовичтің қолына тиіп кетті деп есептеген оралдық бас төреші Болат Сариев бірден пенальти белгіледі. Айтабанға келген Георги Заря мүлт кеткен жоқ. Есеп – 1:2. Ойын соңындағы баспасөз мәслихатына «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов келмеді.

Ойыннан кейін жанкүйерлердің пікірі екіге қақ айырылды. Инстаграмдағы танымал goal.kz_official, pflkaz, match.kz_ парақшаларындағы ойын жөніндегі арнайы жазбада жазылған пікірлердің басым бөлігі кездесу соңындағы пенальтидің өте күмәнді екенін алға тартқан. Төрешіні жазғырып жатқандарда жоқ емес. Қазының екі таймда да қосымша уақытты «аямай» қосқанын сынағандар бар.

Талдықорғандықтар турнирлік кестеде 16 ойыннан кейін (4 жеңіс, 6 тең, 6 жеңіліс) 18 ұпаймен 8-орында келеді. «Жетісу» келесі ойынын өз алаңында 11 шілдеде «Алтайға» (Өскемен) қарсы өткізеді.

Серік ҚАНТАЙ   

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.