Талдықорған: +7°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«15 МЫҢНАН АУДАРЫЛАДЫ»: ЕЛІМІЗДЕ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛДЫ

22.04.2020
ӘЛЕУМЕТ
"15 МЫҢНАН АУДАРЫЛАДЫ": ЕЛІМІЗДЕ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне карантин кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін төмендету бойынша тапсырма берген еді. Нәтижесінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №212 бұйрығымен «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидалары» бекітілді. Бұл туралы Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан ТӘНЕКЕНОВ «Жетісу Медиа» ақпарат алаңында өткен брифингте айтты.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 15 мың теңге төлем коммуналдық қызмет тұтынушылардың абоненттік есепшотына жіберіледі. Коммуналдық қызметтер сәуір және мамыр айлары үшін төленеді. Көмек коммуналдық қызметтерді жеткізушілер мен өз атынан шарт жасасқан, төтенше жағдайға байланысты карантин енгізілген елді мекенде тұратын негізгі санаттағы адамдарға ғана көрсетіледі.

– Коммуналдық қызметті тұтынушының атында есепшот болса, коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтеледі. Облыс бойынша 248 мың 395 азамат коммуналдық қызметті тұтыну бойынша өтем ала алады. Жеті санат бойынша тіркелген азаматтардың бір айлық коммуналдық шығыны шамамен 15 мың теңгені құрайды. Аталған төлем үшін Республикалық бюджеттен екі айға 7,5 миллиард теңге бөлінді. Облыс аумағында халыққа коммуналдық қызметті түрлі меншіктегі 138 мекеме көрсетіп келеді. Атап айтар болсақ, электр қуатын беретін мекеме саны – 2. Ал газ – 9, жылу – 17,  су және кәріз – 33, лифт қызметі – 2, қалдықтарды шығару – 75. Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты алу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, ешқайда бармай, call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы өтінім береді. Өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушының есепшотына қаражат аударылады. Бүгінгі таңда жергілікті әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар атқаруда, – дейді Бағлан Сағындықұлы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидалары бойынша төлем алатын азаматтардың жеті санатын енгізді. Сонымен, 15 мың теңгені кімдер алады?

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамның отбасы;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер аталған төлемді алуға толықтай құқылы.

Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін мемлекеттік қамқорлыққа қатысты сұрақтарыңыз бойынша 329687 саll-орталығының телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Елімізде күн жылына бастайды

Елімізде күн жылына бастайды

17.04.2026
Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

17.04.2026
Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

17.04.2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

17.04.2026
Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.