Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«54 АДАМ ЖАЗЫЛДЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

18.02.2020
ӘЛЕУМЕТ
"54 АДАМ ЖАЗЫЛДЫ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына байланысты қоғамдық қабылдау өткізіп, Жетісу жеріндегі жұртшылықтың мұң-мұқтажын шешуге ықылас білдірді.

Облыстық әкімдікте орналасқан «Жетісу – адалдық алаңы» кабинетінде өткен қабылдауға 54 адам жазылыпты. Олардың қатарында алғаш болып кірген Ерғанат Оралбаев Шелек өңірін Еңбекшіқазақ ауданынан бөліп, аудан статусын беруді сұрады.

Бұл мәселенің бірден шешілмейтінін жеткізген аймақ жетекшісі жергілікті халықтың сұранысы жақын арада орындалмайтынын айтты. Одан кейін осы ауданның Ащысай ауылынан келген Дәулетхан Оразбеков, Нұрсапа Сыдықбеков, Марат Исабеков есімді азаматтар елді мекенде қордаланған мәселелерді таныстырды.

Олардың айтуынша, 6 мың тұрғыны бар Ащысайдағы орталық саябақты Жеңістің 75 жылдығына орай жаңарту керек, ескірген мектеп пен балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, ауыл маңындағы тұрмыстық қалдық алаңынан жаз мезгілінде жағымсыз иіс таралып, түрлі жұқпалы ауру шығуы мүмкін, малдың өлігін өртейтін орын қазіргі талаптарға сай емес, жұмысы басталып аяқсыз қалған ауызсу мәселесі тұрғындар үшін аса маңызды.

Аталған мәселелерге орай арнайы іссапармен барып, жағдаймен танысып, қажетті шара қабылдауды бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовқа тапсырған Амандық Ғаббасұлы одан соң Қаратал ауданынан келген Қабдырахман Шаяхметтің басындағы жағдайды сұрап білді. Ол өзінің 2007 жылдан бері аудандық әкімдіктен алған 20 гектар жерді қалың ағаштан тазартып, егістік алқапқа айналдырып, жұмысын жүргізгенін, алайда уақыт өте келе әлгі жерді «Утебаев» шаруа қожалығы иесінің өзіне тиесілі екенін айтып, мұны сотқа бергенін, осыған орай екі жақ соттың үкімін күтіп отырғанын жеткізді.

Осыған байланысты облыс әкімі орынбасарлары Серікжан Бескемпіров пен Батыржан Байжұмановқа мәселені анықтап, жерді игеруге күш салған азаматқа қолдау көрсетуді тапсырды. Ал, «дайын асқа тік қасық» болып шыға келген шаруа қожалығы басшысының әрекетін заңға сәйкес қарау керектігін ескертті.

Өскемен қаласынан арнайы келген Қарлығаш Есқалиева «Қорғас» кеден бекетінің шегарашыларымен келісіп, 150 мың доллардың тауарын, онда да телефондар өткізбек болғанын, алайда заңсыз әрекеті әшкереленіп, тексеру кезінде кеден қызметкерлері бүкіл тауарын қамауға алып қойғанын, содан бері тағы 18 мың доллар ақша беріп, жүгін шығаруға күш салғанынан еш нәтиже шықпағанын, соған байланысты облыс әкімі Амандық Баталовтан бір көмек бола ма деп келгенін жеткізді. Осыған орай «Қорғас» кеден бекеті басшысының орынбасары мен өз орынбасары Жеңіс Тұяқовқа мәселені ашып, анықтауды тапсырған аймақ жетекшісі одан соң Талдықорған қаласының тұрғыны Ермек Ешмұхамедұлын тыңдады.

Ол қалаға табиғи газ тарту жұмыстары кезінде қазылған жерлердің асфальт жабындысының соңынан стандартқа сай жабылмайтынын, соған орай көшелердегі түзу жолдың ойық-ойық болмауын қадағалау керектігін айтып, селқос жасалған жұмыстың нәтижесін жақсартуды сұрады. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровқа тапсырма берген облыс әкімі Текелі қаласының тұрғыны Нина Баранова көтерген мәселе – «Текелі кен-байыту кешені» ЖШС-дан шығатын шудың моноқала тұрғындарының тыныштығын алатынын сұрап білді. Осыған орай бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен орынбасары Серікжан Бескемпіровке тапсырма беріп, мәселені дұрыс шешуді тапсырды.

Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылдық округінде орналасқан «Калинин» шаруа қожалығына апаратын жолдың жоқтығын айтқан Сергей Калининге мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтың жұмысын қолдау керектігін ескерткен облыс әкімі жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаевқа тапсырма жүктеді.

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің қызметкері Гауһар Дүйсенбаева өзінің және бірнеше журналистің қызметтік пәтерлерін жекешелендіре алмай жүргендігін жеткізді. Облыс басшысы аталмыш мәселені тез арада шешуді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровқа тапсырды.

Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың көпшілігі негізінен баспана алу мәселесін, үйдің кезегі жылжымайтынын, аулаларындағы ойын алаңына құрылыс салынып жатқанын, көпқабатты тұрғын үйге қарайтын жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысы сапасыз екендігін алға тартып, өздерін толғандырған мәселелердің мәнін ұғынғысы келді.

Әсіресе, Талдықорғандағы көпбалалы аналарға берілген коттедж қалашығындағы жұртшылықтың атынан сөз алған Гүлнар Байбатшаева, Гүлвира Байқұмарова, Жазира Рахатова өздеріне берілген үйдің қандай санатқа жататынын, осыған орай қанша уақыт тұратынын сұрап, жарық, су, жылу сынды әлеуметтік төлемдерді төлей алмай отырғандарын жеткізді.

– Жоқ, ол үй сіздерге арендалық ретінде берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша берілген арендалық үйлердің ай сайын төленіп тұратын ақшасы баспананың құнына кіреді. Уақыт өте келе өзінің құнынан қалған ақшасын төлеп жекеменшікке шығарып ала аласыздар, – деген Амандық Баталов қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов пен орынбасары Асхат Қалиасқаровқа ескерту жасады.

– Тұрғындарға дұрыс түсіндірсеңдерші, арендалық болғандықтан ешкім оларды үйінен шығара алмайды. Жылу, су, электр жарығы сынды коммуналдық төлемдерді төлеп тұрасыздар. Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жер» бағдарламасымен кредиттік және арендалық тұрғын үйлер беріліп отыр. Оның біріншісі төлеу қабілеті бар адамдарға несие ретінде берілсе, екіншісі, өздеріңіз секілді көпбалалы аналарға үлестіріліп отыр. Қанша уақыт бойы тұрсаңыздар да ай сайын төлеп келген ақшаларыңыз үйдің құнына кіріп, қалған сомасын оңай өтеулеріңізге мүмкіндік береді. Екеуіңе коттедж қалашығынан үй алған адамдардың құжаттарын қысқа мерзім ішінде бітіріп беруді тапсырамын!

Қоғамдық қабылдауға келгендердің соңын ала Амандық Баталов арыз-шағым айта келген саудамен айналысатын тұрғындарды тыңдап, Талдықорған қаласының Біржан сал көшесінен шығарылған олардың орын таба алмай жүргендерін білді. Соған орай Гауһар ана мен Абай көшелерінің қиылысынан ашылуы тиіс жаңа базарға бармайтынын айтып, көмек сұрағандарға басу айтқан облыс әкімі басқа орын табуға жәрдемдесетінін, базар құрылысын өз бақылауына алатынын, заңды түрде сауда жасайтындарға жеңілдік қарастырылғанын жеткізді.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.