Талдықорған: +33°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Қанат Умиралинов

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ұйымдастырған «Әке. Отбасы. Болашақ» XI республикалық әкелер форумы өтті. Тағылымды басқосудың басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, әкенің ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша орнын айқындау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жауапты әкелік мәдениетін қалыптастыру және өнегелі әкелердің өмірлік тәжірибесін кеңінен дәріптеу.

Республикалық жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек, «Сен қалаған әке» кітабының авторы Баян Бекетай, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Әкелер одағының» өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және белсенді әкелер қатысты. Дәстүрлі форумға жалпы саны 400-ге жуық азамат жиналды.

Қанат Умиралинов

Жиында сөз алған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов отбасы құндылықтарын сақтау – елдің ертеңіне салынған ең қымбат инвестиция екенін айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыру жолында отбасының орнына тұрақты түрде айрықша назар аударып келеді.

– Қазақ дүниетанымында әке – тәрбиеші, бағыт беруші, ұлттық мұраттың жалғастырушысы. Еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік пен Отанға сүйіспеншілік алдымен шаңырақта қалыптасады. Сондықтан әке абыройы қоғамның беріктігін айқындайтын маңызды өлшем. Жетісу өңірінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Әкелер кеңестері, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттар жас ұрпақ тәрбиесіне арналған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруда, – деді ол.

Қанат Умиралинов

Облыстық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арыстанғали Арын ұлттық тәрбиені сақтау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді.

– Біз бұл форумға ұлттың ертеңін талқылау үшін жиналдық. Әр баланың тағдыры – отбасынан, әр шаңырақтың берекесі – әкенің парасатынан бастау алады. Ақпараттық ықпал күшейген кезеңде балаға кәсіп қана үйрету аздық етеді. Ең алдымен адамдық қасиет пен азаматтық жауапкершілікті бойына сіңіру қажет. Сол жолда әке ақылшы, сырлас әрі өмірлік бағыт беретін тұлғаға айналуға тиіс, – деді Арыстанғали Қадырұлы.

Қанат Умиралинов

Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде аймақта әкелік мәдениетті нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Бүгінде өңірдің барлық аудан-қалаларындағы мектептерде Әкелер кеңестері құрылып, нәтижелі қызмет жүргізуде. Жүздеген тәрбиелік кездесу, тағылымды басқосулар мен түрлі жобалар ұйымдастырылған. Қаратал және Панфилов аудандарында өткен «Әке және отбасы» форумдары тұрғындардың зор қолдауына ие болып, жауапты әкелік мәдениетін дамытуға тың серпін берген.

Сондай-ақ жиында «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек ұлттық тәрбиенің бастауы отбасынан өрбитінін атап өтті.

– Балаға қалатын ең асыл мұра – сапалы тәрбие. Оның өзегі ұлттық құндылықтардан нәр алады. Әке мен ананың өнегесі ұрпақтың болмысын қалыптастырады. Сондықтан әрбір шаңырақ ұлттық рухтың, салт-дәстүрдің және адамгершілік қағидаттарының алтын бесігі болуы керек, – деді ол.

Форумда актер әрі блогер Ринат Дошыбеков те сөз алып, мұндай кездесулердің қоғамдық маңызына тоқталды.

– Әке институтын дамыту – тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бүгінгі форум еліміздің әр өңірінен келген азаматтардың тәжірибе алмасуына, ортақ құндылықтарды дәріптеуіне және жауапты әкелік мәдениетін нығайтуына зор мүмкіндік берді. Осындай игі бастамалар ұрпақ тәрбиесін күшейтіп, отбасы құндылықтарын бекемдей түседі, – деді ол.

Форум барысында көтерілген ойлар мен ұсыныстар отбасы институтын одан әрі нығайтуға, әке мәртебесін биіктетуге және ұлттық тәрбиенің сабақтастығын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.