Талдықорған: +21°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

23.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Саяжан Әскербек

WhatsAppTelegramFacebook

Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуға Жетісу облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Саданов пен «Жетісу» ӘКК» өңірлік инвестициялық орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова қатысты.

Жиында өңірде баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің екі негізгі механизмі жүйелі іске қосылғаны айтылды. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорын қалыптастыру және «айналым схемасы» арқылы тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиемен қамту. Бұл бағыттарға облыстық бюджеттен 3 млрд. 801 млн теңге бөлінген.

Тұрақтандыру қоры бүгінде 1 млрд 353 млн теңгеге бағаланатын 1919 тонна өніммен жасақталған. Қор құрамында 10 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар. Соның ішінде Көксу қант зауыты өндірген 904 тонна қант (435 тг/кг), 56 тонна макарон (310 тг), Балқаш ауданындағы «Агрофирма «Бірлік» кәсіпорнының 188 тонна күріші (273 тг/кг), «Алель Агро» компаниясының 372 тонна құс еті (1245 тг/кг), 14 тонна ас тұзы (65 тг/кг) қамтылған.

Сондай-ақ, Сарқан ауданындағы «Акбулак Продукт» ЖШС сүт зауыты төрт түрлі өнім бойынша бағаны тұрақтандыру міндеттемесін алған. Қазіргі таңда 105 тонна сүт өнімдері жеткізіліп, сүт – 345 теңгеден, айран – 365 теңгеден, сары май – 4300 теңгеден, сүзбе – 1500 теңгеден аспайтын құнмен саудаға шығарылуда. Бұдан бөлек, «PCD Group» зауыты өндірген «Sarqan» маркалы 280 мың литр күнбағыс майы әлеуметтік дүкендерде 680 теңгеден сатылуда.

Брифинг барысында Альмира Ибраимова екінші бағыт – «айналым схемасына» кеңірек тоқталды.

– Бұл тетік арқылы тауар өндірушілерге жылдық 0,01 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріледі. Кәсіпкерлер өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді келісілген көлемде және белгіленген бағамен кемінде бір жыл бойы жеткізуді міндетіне алады. Нәтижесінде баға тұрақтылығы сақталып қана қоймай, жергілікті өндіріс те қолдау табады, – деді ол.

Аталған схема аясында бүгінде 8 тауар өндірушіге 2 млрд теңге бөлінген. Солардың бірі – Талдықорғандағы «Sardar Export» нан комбинаты. Кәсіпорын әлеуметтік нанды 110 теңгеден 125-тен астам дүкенге жеткізіп отыр. Сонымен қатар, бөлінген қаражат есебінен 1080 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген.

Жұмыртқа өндірісі бағытында «Көгер ЛТД» құс фабрикасы бірінші санаттағы өнімді 49 теңгеден ұсынып келеді. Қазіргі таңда өңірде 4,5 млн дана жұмыртқа қоры қалыптасқан. Бұл өнімдер 49 сауда нүктесі арқылы тұрғындарға қолжетімді.

Көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Көксу, Кербұлақ, Ескелді және Панфилов аудандарындағы шаруашылықтарға қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 3900 тонна картоп, 795 тонна сәбіз, 623 тонна пияз қоры жасақталып, олар белгіленген шекті бағамен сатылуда. Сондай-ақ маусымаралық кезеңге Түркістан облысының шаруашылығымен 1184 тонна ерте пісетін көкөніс жеткізуге келісім жасалған. Өнімдер Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған көкөніс сақтау қоймасында сақталады.

Ет өнімдері бойынша да нақты шаралар қабылданған. Алакөл ауданы мен Талдықорған қаласындағы екі бордақылау алаңына жеңілдетілген несие беріліп, жалпы көлемі 416 тонна сиыр еті 3300 теңгеден аспайтын бағамен ұсынылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Жетісу» ӘКК-нің әлеуметтік дүкендері мен серіктес сауда нүктелері арқылы сауда үстемесінсіз сатылуда. Қазіргі таңда Талдықорғанда 3 әлеуметтік дүкен және 8 серіктес нысан жұмыс істейді. Жалпы, бұл жүйе арқылы ұсынылатын өнімдер нарықтағы бағадан орта есеппен 10-15 пайызға төмен.

Жауапты мекемелер тарапынан баға тұрақтылығын сақтау бағытында тұрақты мониторинг жүргізіліп, сауда субъектілерінің үстемеақы шегін сақтауына бақылау күшейтілген.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

23.04.2026
Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026
Әкеге қарап өскен ұл

Әкеге қарап өскен ұл

23.04.2026
Алименттен қашқан әке көп

Алименттен қашқан әке көп

23.04.2026
Қырық түп жеміс ағашы егілді

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.