Алматы облысының көші-қон полициясы жеті айда атқарған жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Азаматтық және иммиграция бөлімі биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтығына 4681 адам қабылдады, оның ішінде, 4178 адам оралман, 217 адам «Некедегі әйелдің азаматтығы туралы конвенциямен», 120 адам халықаралық келісім бойынша (Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Беларусь).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 166 адам Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
— Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысы бойынша 332 адам Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылып, 332 адам басқа мемлекеттердің азаматтығына қабылданғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, оның ішінде, екі мемлекеттің азаматтығын пайдаланғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 496-бабының 2-тармағы бойынша 4 адам (1 – РФ, 1 — Израиль, 2 — Түркия) әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2-уіне 408 мың 380 теңге, 1-уіне 583 мың 400 теңге, 1-уіне 291 мың 700 теңге айыппұл салынды), — деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





