Талдықорған: +17°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН БҰРЫШТА ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ

30.09.2020
ӘЛЕУМЕТ
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН БҰРЫШТА ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарттар күні қарсаңында Оқушылар сарайындағы Д.Қонаев бұрышында ұрпаққа өнеге болар игі шара өтті. Оған Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың көзін көрген азаматтармен қатар, жастар және облыстың өңірлерінен келген Қазақстан коммунистік партиясының өкілдері қатысты. Қонақтар алдымен ұлы тұлғаға арнайы ашылған бұрыштағы жәдігерлермен танысып, естеліктерін айтты.

Кездесудің алғашқы сөзін алған Қазақстан коммунистік халық партиясы Алматы облыстық филиалының хатшысы Сәуле Тасқынбайқызы:

– Бәріміз бір қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Еліміз көп жүйелі мемлекет болғанымен, жолымыз басқа болғанымен мақсатымыз бір. Осы елдің өркендеуі мен дамуы, берекесі мен бірлігін сақтау жолында еңбек етіп келеміз. Әрине, отырыс, кездесу болған соң оның да өзіндік тәртібі бар. Бүгін Қарттар күніне орай Д.Қонаев атамыздың ұлы істерін тағы бір рет еске түсіру үшін жиналып отырмыз. Десе де, осы орайда біздің партия көтеріп жүрген зейнетақы жүйесіне жасалуға тиісті өзгерістер туралы айтпай кетуге болмайды. Бәріңізге белгілі, біраз жылдан бері зейнетақы жүйесін реформалау ісі көтеріліп жүр. Осыған байланысты көпшіліктің қандай да бір ұсыныс, пікірі болса, тыңдағым келеді. Екіншіден, бүгін сіздердің араларыңызға Д.Қонаев атамыз қайтыс болған күні қасында болған Виктор Иванович ақсақалды ертіп келіп отырмын. Сол кісінің естеліктерін де тыңдап көруді ұсынамын, – деді ол.

Осыдан кейін Д.Қонаев бұрышының ашылуына мұрындық болған Хания Есдәулетқызы сөз алды.

– Димаш Ахметұлы қандай жағдайда, қай орында болсын еңбек адамын қадірлеген. Бүгінгі дәуір ғылым мен техниканың, білім мен парасаттылықтың дәуірі. Сондықтан осы дәуірдің өркендеуі үшін еңбек адамдарын қадірлеудің үлгісін орнатып, заман  талабына қарай адамның қабілеттілігін бағалаудың байыпты бағдарын орнатқан жөн. Бұл тұрғыдан да Д.Қонаев бәрімізге өнеге болуға тиіс. Әрине, өткен ғасырлар білектің заманы болса, енді білімнің заманы келгенін жастарға ұғындыру қажет, – дей келе, Д.Қонаев бұрышына тапсырылған жәдігерлердің тарихын сөз етіп, оны ұсынған ел азамататрына алғысын жеткізді.

Кездесуге ұлы тұлғаның көзін көрген ақсақалдар да қатысты. Солардың бірі — қоғам қайраткері Зылиқа Тамшыбаева апамызбен ұзақ жыл бірге жұмыс істеген Ізтай Бабатаев ақсақал. Ол кісі Д.Қонаев атамызбен кездескен кездегі есетілігін емірене еске алды.

– Әлі есімде, 1975 жылы Димаш ағамыз біздің ауылға келді. Сонда ол кісінің: «Жігіттер, сендердің еңбектеріңді білемін. Азаннан кешке дейін тынымсыз жұмыс істейсіңдер. Солай болса да, ауылды көркейтіңдер, қажымаңдар, қайраттана түсіңдер. Өйткені, қаланы да, даланы да асырап отырған ауыл. Қазақта: «Тату үйге тақсырет жуымайды», — деген мақал бар. Естеріңде болсын, ауызбіршілік, ынтымақпен жұмыс істеңдер. Алакөздесіп алысқа бармайсыңдар. Өмір бейне ай сияқты. Кейде толады, ол кезде ісінбеңдер. Кейде тұтқадай ғана болады, ол кезде кішіреймеңдер. Кім болсаң да халықтан үлкен емессің, соны ұмытпаңдар», – деп айтқаны есімнен кетпейді, — деді ақсақал.

Айта кетерлігі, Ізтай аға сол күні Димаш атамыздың шай мен қымыз ішкен екі кесесін осы күнге дейін сақтап, ұлы тұлғаға арналған бұрышқа сыйлапты.

Осындай ұлағатты әңгімелер айтылған кездесудің соңында ел ағаларын құрметтеп, перзенттік борышын ұмытпаған біраз азаматқа Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалы атынан диплом табысталып, құрмет көрсетілді.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.