«Nur Otan» партиясы «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі партияның даму бағдарламасын қабылдады. Құжат ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жаңа әлеуметтік доктринасын жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарлама аясында партияның қызметі үшін 10 басым мақсат белгіленді.
«Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білім» – бағдарламаның басым мақсаттарының бірі дәл осылай аталады. Жұмыстың негізгі бағыттары – қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындау, оқу жүйесіне үздік мамандарды тарту, білім беру инфрақұрылымын дамыту. Мемлекетімізде техникалық мамандықтарға көбірек көңіл бөлінуде. Осыдан екі жыл бұрын бакалавриаттағы мемлекеттік грант саны 20 мыңға ұлғайды, оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға тиесілі. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-ші отырысында мемлекет үшін білім беру жүйесінің ерекше маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылға қарай білім беруді қаржыландыру 6 есеге, ал ғылымға қаржы салу 7 есеге артатынын айтты.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті осы маңызды бағытты жүзеге асыруға барынша атсалысады. Биыл аталмыш университет Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде 6-орынға ие болды, ал жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингісінде 8-орынға тұрақтады. Нақтырақ айтсақ: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» дайындық бағыттары бойынша институционалдық рейтингте (бакалавриат – 2-орын, магистратура – 1-орын) және келесі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жетекші орындарға ие болды: «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» – 1-орын; «Ақпараттық қауіпсіздік» – 1-орын; «Ғарыштық техника және технологиялар» – 2-орын, «Аспап жасау» – 3-орын.
Алматы энергетика және байланыс университеті – Орталық Азияның барлық өңірінде энергетика, телекоммуникация, IT-технологиялар және ғарыштық техника және технологиялар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайтын Қазақстандағы санаулы жоғары оқу орындарының бірі.
Университетте 6 мыңға жуық жас білім алса, оның 5 мыңға жуығы бакалаврлар. Демек, бакалавриаттың 23, магистратураның 14 және PhD докторантураның 6 бағдарламасы бойынша білім беріледі. Оқу орны халықаралық университеттермен серіктестікті кеңейтуге назар аудара отырып, іскерлік білім беру сапасын жақсарту бағдарламасы бойынша Жоғары білім беру және халықаралық кредиттік ұтқырлық әлеуетін арттыру жобаларына қатысады. Біздің серіктестеріміз – Испания, Швеция, Финляндия, Германия, Италия, Түркия, Франция, Польша және басқа да елдердің жетекші университеттері. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үздік студенттер семестр бойы Еуропа, Жапония, Қытай, Үндістан, ТМД елдері және Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. Университет оқытушылары шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шарттары бойынша жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде көшпелі дәрістер мен тренингтер өткізеді. Университет өз қабырғасында Халықаралық университеттер мен әлемнің жетекші компанияларының өкілдерін қабылдайды. Ресейдің және Франция университеттерімен қос диплом бағдарламасы бар.
«Азаматтардың мүддесін білдіретін тиімді мемлекет». Бұл бағыттың мақсаттарының бірі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, эволюциялық даму және саяси жүйені нығайту болып табылады. Осы бағыт бойынша оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырылуда. «Таза сессия», «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам», «Сыбайлас жемқорлық – теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс» атты бұқаралық әлеуметтік сауалнамалары арқылы жемқорлыққа қарсы тұрақты мониторинг жүргізіледі. Университет аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия, жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған «Сенім телефоны» жұмыс істейді, холлдарда жәшіктер орналастырылған.
Университет қабырғасында «Азаматтардың мүддесін білдіретін тиімді мемлекет» бағытын ілгерілету үшін іс-шаралар өткізіліп тұрады. Өткен жылы Антиплагиат компаниясы университет алаңында «Ғылыми және білім беру қоғамдастықтарындағы академиялық адалдық мәселелері: теориядан тәжірибеге» атты семинар өткізді. Семинарға қатысушылар ғылым мен білім берудегі заңсыз алыс-берістер мәселесі, біліктілік, оқу жұмыстары, ғылыми жарияланымдар мәтіндерінің бірегейлігін бақылауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістері туралы өзекті ақпарат алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар да тұрақты түрде өткізіледі. Биылғы маусым айында білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған онлайн-форматта «дөңгелек үстел» өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы К. Токушев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Е. Игіліков қатысты.
Біздің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын нығайту партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» – «Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы» 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының тағы бір маңызды мақсаттарын іске асыруға ықпал ететіні сөзсіз. Оның аясында ҚР Президенті Қ. Тоқаев белгілеген жаңғырту құндылықтарын қоғамда ілгерілету, елдегі үйлесімді қоғамдық қатынастар құрылысы, негізгі серіктестердің бірі ретінде партияның азаматтық секторымен белсенді өзара іс-қимылы атап өтілді.
«Жастар – зор мүмкіндіктерге ие ұрпақ». Осы мақсат аясында жастарды әлеуметтік қолдау және оның әлеуетін дамыту, жастар арасында патриотизм деңгейін арттыру, жастар мемлекеттік саясатының нәтижелілігін арттыру қарастырылған. Партияның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында көрсетілген бұл мақсат университет қызметіндегі басым бағыттардың бірі болды. Оқу орнында Студенттерге қызмет көрсету орталығы мен «Мансап және жұмысқа орналастыру» орталығы жұмыс істейді. Мұнымен қатар көлемді оқу залдары мен 600 мың дана қоры бар кітапхана бар. Университет кампусына заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханалар, дәрістік аудиториялар мен акт залы, интернет желісімен қамтамасыз етілген асхана мен кафелері бар 3 оқу ғимараты кіреді. Білім алушылардың жайлылығы үшін 1600 төсек-орынға арналған 3 жатақхана, спортзалдары мен футбол алаңы бар. Дене шынықтыру сабақтары спорт түрлері бойынша секцияны таңдау тәртібінде өтеді: атлетизм, пауэрлифтинг, фитнес, спорттық билер, волейбол, футбол, тхэквондо, дзюдо, джиу-джитсу және үстел теннисі. Оқуды шығармашылықпен, ғылыммен, спортпен, волонтерлікпен біріктіру өзін-өзі жетілдіруге ықпал етеді, белсенділікті ынталандырады, өз уақытын тиімді жоспарлауға үйретеді, ой-өрісін кеңейтеді. ЖОО-ның оқудан тыс өміріне қатысты коммуникативтік дағдыларды дамытуға, командада жұмыс істеуге, ұжымды басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз күшіне деген сенімділікті арттырады және болашақ жетістіктің кепілі болып табылады.
Университетте бірегей «Ғибрат» клубы жұмыс істейді. Оның мақсаты тек қазақ тілі мен дәстүрлерін сақтап қана қоймай, қазіргі заманғы бағытта дамыту. ENACTUS AUPET «Enactus KAZAKHSTAN» жаһандық ұйымының бір бөлігі болып табылады. Бұл халықаралық ұйым, оның миссиясы – кәсіпкерлік әрекет арқылы адамдардың өмірін жақсарту. Ұлағат-клубтың негізгі міндеті – ұлттық бірегейлікті нығайту, халық мұрасын: тілді, дәстүрді, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау. «ССС» (Children Charity Club) – қайырымдылық клубы, оның басты мақсаты балалар үйінде тұратын балаларға, университет студенттеріне және қиын жағдайға тап болған қарапайым адамдарға көмек көрсету болып табылады. StudiA315 – біздің студенттеріміз кез келген идеяларға креативті көзқарас ұсынатын шығармашылық зертхана. Жатақхананың студенттік кеңесі тәрбие, мәдени-бұқаралық, спорттық жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, тәртіпті сақтау, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін құрылды және жұмыс жасауда. Ал КТК – университеттің ашық ішкі лигасы, ол студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, жас таланттарды дамытуға және қолдауға ықпал етеді.
Осылайша университеттің барлық қызметі білім алушылар үшін жағдай жасауға, олардың жеке өсуі мен кәсіби қалыптасуына бағытталған. Жаңа білім беру технологиялары, қос дипломды, қосымша және қашықтан білім беру, практиканың өндірістік базалары, біліктілікті арттыру курстары, басқару жүйелерін цифрландыру және тәуекел-менеджмент – ұсынылатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасы туралы айтуға мүмкіндік беретін үлкен артықшылықтардың бірі.
Сәуле САҒЫНТАЕВА,
Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры,
профессор





