Талдықорған: +21°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан мектептерінде STEM және робототехника бағытындағы кабинеттер ашылды

23.04.2025
ӘЛЕУМЕТ
Қазақстан мектептерінде STEM және робототехника бағытындағы кабинеттер ашылды

Қазақстанда Мемлекет басшысының барлық оқушыны сапалы және заманауи білім ресурстарымен тең дәрежеде қамтамасыз ету тапсырмасы аясында мектеп инфрақұрылымын кешенді жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасып келеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

2023 жылдан бастап еліміздегі мектептерде химия, физика, биология, STEM және робототехника пәндеріне арналған кемінде мыңдаған заманауи кабинеттер жыл сайын ашылуда. Соңғы екі жылдың өзінде 2039 мектепте 3128 жаңа пәндік кабинет жабдықталды. Оның ішінде 336 кабинет – болашақ инженерлердің іргетасын қалауға арналған робототехника бағытында іске қосылған. 2029 жылға дейін тағы 945 осындай кабинет ашу жоспарланып отыр.

Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде еліміздің мектептерінде 1800-ге жуық робототехника кабинеті жұмыс істейді. Оның 858-і қалалық мектептерде, ал 942-сі ауылдық білім ошақтарында орналасқан. Бұл – цифрлық сауаттылық пен инженерлік ойлауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың ауыл мен қала баласына тең мүмкіндік беріп жатқанын айқын көрсетеді.

Аталған бастамалардың нақты нәтижелері де көрініс табуда. Қазақстандық оқушылар халықаралық білім аренасында айқын жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, еліміздің жас өнертапқыштары робототехникадан әлем чемпионатында 190 елдің ішінен үш жыл қатарынан топ жарып, чемпион атанды. Жуырда АҚШ-та өткен додада ұлттық құрама жаңа рекорд орнатып, Қазақстанның техникалық шығармашылық саласындағы жаһандық көшбасшылығын тағы да дәлелдеді.

Фото: ortcom.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.