Талдықорған: +21°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

28.09.2026
ӘЛЕУМЕТ
Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жеке өлшеммен жасалған протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін берілуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі саналатын қамқорлық шаралары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында жүзеге асырылады. Тірек-қимыл жүйесінде бұзылыстары бар бүлдіршіндердің қозғалысын қолдау, дене бөліктерінің қызметін түзету және оңалтудың нәтижесін жақсарту мақсатында әр балаға жеке тәсіл қолданылады. Арнайы бұйымдар баланың денсаулығына, дене бітімінің ерекшеліктеріне және нақты қажеттілігіне сай жеке өлшемі бойынша дайындалады.

Көмектің негізгі түрлерінің бірі ортездеу процесін қамтиды. Ортез – дененің белгілі бір бөлігін ұстап тұруға, тұрақтандыруға, дұрыс қалыпқа келтіруге және денеге түсетін салмақты азайтуға көмектесетін медициналық бұйым. Мамандардың тексеру нәтижесіне қарай табанға, тобыққа, тізе буынына, балтырға, аяқтың толық бөлігіне, сондай-ақ қолдарға арналған құралдар әзірленеді. Бала өскен сайын оның дене бітімі мен қозғалыс қажеттілігі де өзгеретіндіктен, дайын бұйымды бере салуға болмайды. Міндетті түрде кәсіби маманның тексеруінен өтіп, жеке өлшемдер алу қажет.

Әлеуметтік қолдау жүйесі тек бұйымды тегін дайындаумен шектелмейді. Егер протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығындарын өтеу тетігі қарастырылған. Негізгі жол шығындары жылына 1-2 рет өтеледі. Оның ішінде ірі бұйымдарға екі ретке дейін, ал ұсақ құралдарды алу кезінде жол шығыны бір рет қайтарылады. Сонымен бірге баланы алып барған ілеспе тұлғаның да жол шығыны бір рет өтелуге тиіс. Осылайша, мемлекеттік көмек кеңес алудан бастап, өлшем дайындау, бұйымды беру және жол шығынын өтеуді толық қамтиды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ата-аналарға бұйымды өз бетінше таңдамай, алдымен кәсіби дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Маман баланың қозғалу мүмкіндігін бағалап, қажетті құрал түрін дұрыс анықтайды. Сапалы дайындалған ортез баланың еркін қозғалуына, күнделікті өмірде өздігінен әрекет етуіне және оңалту нәтижелерін жақсартуға жол ашады. Мұндай қолдау отбасыларға қосымша қаржылық салмақ салмай, баланың денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі

28.09.2026
Талдықорғанда 22 жастағы ананың өлімі: Сот-медициналық сараптама жарты жылға созылды

Талдықорғанда 22 жастағы ананың өлімі: Сот-медициналық сараптама жарты жылға созылды

28.09.2026
Елімізде авиаотын өндірісі 825 мың тоннаға жетеді

Елімізде авиаотын өндірісі 825 мың тоннаға жетеді

28.09.2026
Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды

28.09.2026
Қорғаныс министрлігі екі сарбазға қатысты қауесетті жоққа шығарды

Қорғаныс министрлігі екі сарбазға қатысты қауесетті жоққа шығарды

28.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.