Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БҮГІН ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ — ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ТЕҢГЕСІНЕ 28 ЖЫЛ ТОЛДЫ

15.11.2021
ӘЛЕУМЕТ
БҮГІН ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ - ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ТЕҢГЕСІНЕ 28 ЖЫЛ ТОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осынау тіршілікке қажетті тетіктерді меңгерген адам баласы ғасырлар бойы өркениеттің өзіндік үлгісін жасап, осы күнгі әлемдік саясатты қалыптастырды. Бүгінгі геосаяси жағдайға көз салар болсақ, шегарасы шегенделіп, ұлттық бет-бейнесін өрнектеген елдер егемендігін әйгілейтін Ту, Герб, Гимн сынды мемлекеттік рәміздерді асқақтатып, Ұлттық валютасын күллі әлемге паш етуге барын салуда. Сол бағытқа бет алғандардың қатарында өз тәуелсіздігін жариялағанына 30 жыл толып  отырған Қазақстан Республикасы да бар.

Аллаға шүкір, бір азаматтың оң мен солын танитындай уақыт межесінде жеткен биігіміз бен көздеген кезеңдеріміз жоқ емес. Солардың қатарына Ұлттық валютамыз – Теңгенің даму жолын жатқызуға болады. 1992 жылы 27 тамыз күні теңгенің үлгілерін бекіткен Ұлттық банк Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер сынды суретшілер жасаған теңгенің нұсқасын бастыру үшін Ұлыбританияға жібереді. Арада жыл өткен соң, яғни 1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, еліміз үшін маңызды саналар сәттің жаңалығын паш етті. Сөйтіп, 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының төл валютасы теңге айналымға енгізілді.

Содан бастап теңгеміз талай өзгерісті бастан өткеріп, бастапқы құнын сақтап қалу жолында ғаламдық текетірестің ортасына түсті. Алғашында қағаз тиындарды жолаушы тасымалына төлеген жұртшылық көп ұзамай жезден жасалған 2, 5, 10, 20 және 50 тиынды сықырлата ұстады. Алғашында шет мемлекетте шығарылып келген қағаз теңгеміз бүгінгі күні Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында басылса, темір тиын Өскемендегі Монета сарайында құйылады. Бұл да болса еліміздің жеткен жетістігін тағы бір мәрте дәлелдейтін дерек деп білемін. Әйтпесе, КСРО атты алпауыт мемлекет құлағаннан кейінгі ауыр кезеңде Қазақстан Республикасының дамудың өзіндік жолынан қалай өткенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауындағы қиын күндердің ауыртпалығы азаматтардың есінен шықпауы тиіс. Сонда ғана бар мен жоқтың бағасын білетін боламыз. Әйтпесе, тоқшылықтың сынағы қазір бізге ысырап болып түсіп тұрғанын айтпасқа болмас.

Қош, сонымен, алғашқы қадамын жасаған теңгеде бейнеленген әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Абылай хан, Әбілхайыр хан секілді тұлғалар өскелең ұрпақтың санасына мықтап орнығып, Қазақ елінің тарихы тереңде жатқанын ұғындырғандай еді. Сол арқылы тәуелсіздікті сақтаудың қажеттігін түсінуші едік. Алайда уақыт өте келе заман ағымына сай теңгенің бетіндегі белгілі тұлғалардың орнына еліміздің тұмса табиғаты мен тарихи орындары кескінделе бастады. Ең бастысы, теңге әлемдік валюталардың арасында өзіндік бет-бейнесімен, қолдан жасауға оңайлықпен келмейтіндігімен ерекшеленеді. Себебі, оның бойындағы бірнеше қабатты қағазға орнатылған сақтық жолақтары арнайы технологияны қажет етеді. Яғни, жасанды купюраның қолдан жасалғаны бірден айқындалып шыға келеді. Сондықтан жалған валюта жасаушылар теңгеден алыс жүргенді қалайды. Бұл ұзақ жылдар дайындалып, арнайы талқылаудан соң айналымға енген төл теңгеміздің басымдығын аңғартса керек.

1997 жылы Президенттің Жарлығымен 15 қараша – Теңге күні әрі қаржыгерлер күні болып бекітілді. Содан бері еліміздің әрбір азаматы осынау күнді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі – Ұлттық валюта күні ретінде атап өтеді. Ғасырлар бойы елі мен жерінің азаттығын, ұрпағының қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүргенін аңсаған батыр бабаларымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың арман-тілегі орындалып, Қазақстан Республикасы өз алдына мемлекет болып танылды. Ендеше, еліміздің мемлекеттігі баянды, төл теңгеміздің құны жоғары болсын!

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.