Талдықорған: +37°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Білім бәйгесіндегі биік белес

16.08.2026
ӘЛЕУМЕТ
Білім бәйгесіндегі биік белес

qaz.ulysmedia.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын мектеп бітірушілер үшін ең жауапты кезеңнің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұл сынақ түлектің білім деңгейін бағалап қана қоймай, оның таңдаған мамандығына жол ашатын маңызды кезеңге айналды. Биыл Жетісу облысының түлектері де білім додасында өз нәтижелерін көрсетіп, үлкен өмір жолына жаңа мақсатпен қадам басты.

ӨҢІРДЕГІ 314 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті 7394 түлек тамамдады. Олардың 470-і «Алтын белгі» төсбелгісін иеленсе, 623 оқушы үздік аттестат алды. ҰБТ нәтижесінде 50-70 балл аралығында – 1790, 70-90 балл аралығында – 1435, 90-110 балл аралығында – 808, 110-130 балл аралығында – 369, ал 130-140 балл аралығында 53 оқушы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар 986 түлек шығармашылық бағыт бойынша сынақ тапсырды.

Биыл ҰБТ тапсырған 5834 түлектің 2525-і мемлекеттік грант иегері атанды. Облыс бойынша орташа көрсеткіш 77,3 балды құрады. Ал ең жоғары нәтиже – 139 балл.

Жоғары нәтиже көрсеткен түлектердің дайындық жолына назар аударсақ, олардың әрқайсысының өз тәжірибесі бар. Бірі ұзақмерзімді дайындыққа басымдық берсе, енді бірі бірнеше сынақтан кейін өз нәтижесін жақсартқан. Ал кейбірі мамандық таңдау барысында түрлі бағытты саралап, ақырында өзіне жақын саланы таңдаған.

ҚАРАТАЛ АУДАНЫ І. Есенберлин атындағы мектептің түлегі Мирас Русланұлы ҰБТ-дан балл жинап, облыс бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол Астана қаласындағы М. Нәрікбаев атындағы университеттің «Қаржы» мамандығына мемлекеттік грант иегері атанды.

Мирас ҰБТ-ға дайындықты екі жыл бұрын бастаған. Оған бұл шешімге әпкесінің тәжірибесі түрткі болған. Әпкесі тестілеуден 131 балл жинап, інісіне үлгі көрсеткен. Осыдан кейін Мирас 10-сыныптан бастап жүйелі дайындыққа кірісіп, білімін толықтыруға және әлсіз тұстарымен жұмыс істеуге көңіл бөлген.

– ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсету мен үшін біркүндік дайындықтың немесе кездейсоқ жетістіктің нәтижесі емес. Оның артында екі жылдық еңбек, жүйелі дайындық және маған әрдайым қолдау көрсеткен жақындарымның сенімі тұр, – дейді Мирас.

Жас түлек жоғары нәтижеге жетуде күнделікті еңбектің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, дайындық барысында бірден нәтиже күтпей, білімін біртіндеп толықтыруға дағдыланған.

Мамандық таңдауда Мирас математика мен логикаға деген қызығушылығына сүйенген. Қаржы саласында білім алып, болашақта осы бағытта кәсіби маман болуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол өз жетістігінде ата-анасы мен ұстаздарының қолдауын да ерекше бағалайды.

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі Айзере Ғабиденқызы ҰБТ-дан балл жинап, «Алтын белгі» иегері атанды. Ол Сүлеймен Демирел атындағы университеттің «Шет тілі: екі шет тілі» бағыты бойынша мұғалім даярлау мамандығына мемлекеттік грант иеленді.

Айзере бала кезінен ағылшын тіліне қызыққан. 9-сыныпта болашақта ағылшын тілі мұғалімі болуды жоспарлағанымен 10-сыныпта мамандық таңдау мәселесіне қайта оралып, медицина саласын да қарастырған. Осы кезеңде биология мен химия пәндеріне дайындалып, шығармашылық бағытта да өзін сынап көрген. Кейін кәсіби бағдар беру маманымен кеңесіп, өзінің қабілеті мен қызығушылықтарын саралаған. Осыдан кейін бала күнгі арманына қайта оралып, ағылшын тілі мұғалімі болу туралы шешімін нақтылаған.

– Мамандық таңдауда адасқан жоқпын. Мен өзімді іздедім, – дейді Айзере.

Ол IELTS-тен 6,5 балл жинап, кейін ҰБТ-ға JUZ40 арқылы дайындалған. Үздік оқушылар қатарындағы TURBO бөліміне қабылданып, өзіне талап қоятын ортада білімін жетілдірген.

Айзере өзінің жетістігіне ата-анасының қолдауы да үлкен әсер еткенін атап өтті. Олар қызының орнына мамандық таңдауды емес, өзіне ұнайтын бағытты анықтауына мүмкіндік берген.

– Ата-ананың баласына бере алатын ең үлкен сыйы – оның таңдауына деген сенімі, – дейді ол.

Енді жас түлек SDU университетінде білім алып, халықаралық талаптарға сай білім бере алатын білікті ағылшын тілі мұғалімі болуды көздейді.

КӨКТҰМА АУЫЛЫНЫҢ «Алтын белгі» иегері Аружан Қанияттың ҰБТ нәтижесі бірнеше кезеңнен қалыптасты. Қаңтар айында – 132, наурызда – 139, негізгі ҰБТ-ның алғашқы мүмкіндігінде –131, ал екінші мүмкіндігінде балл жинады.

131 балл алған сәтте көңілі түскенімен Аружан дайындықты тоқтатпады. Қайта күш жинап, екінші мүмкіндігін пайдалануға шешім қабылдады.

– Бір нәтиже менің мүмкіндігімді анықтамайды, – дейді Аружан.

Оның кәсіби бағытының қалыптасуына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Чайкенова Құралай апайының ықпалы ерекше болды. Ұстазының қолдауымен облыстық ғылыми жобада бақ сынап, III орын иеленді. Сонымен қатар 9-10-сыныптарда қазақ тілі пәнінен олимпиадаларға қатысып, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болды.

Аружан ұстазының сенімі өзінің қабілетін бағалауға және филология бағытын таңдауға ықпал еткенін айтады.

Енді Көктұма ауылының түлегі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Филология» мамандығы бойынша білімін жалғастырмақ. Ауыл мектебінен басталған білім жолының Елордада жалғасуы – жас түлек үшін жаңа кезеңнің бастауы. Оның бүгінгі нәтижесі табандылықтың, ұстаз қолдауының және өз күшіне деген сенімнің жемісі.

ЖОҒАРЫ БАЛЛ – талапкердің белгілі бір кезеңдегі білім деңгейін көрсететін маңызды нәтиже. Дегенмен оны жас түлектің болашақтағы мүмкіндігін айқындайтын жалғыз өлшем деуге болмайды. Өйткені университетке түсу – білім жолының мәресі емес, жаңа кезеңнің бастауы. Ендігі міндет Ұлттық бірыңғай тестте жинаған балмен тоқтап қалмай, сол нәтижені білім алуға, кәсіби ізденіске және нақты жетістікке ұластыру. Таңдаған мамандығын терең меңгеріп, алған білімін өмірде қолдана білу – әр түлектің алдындағы басты мақсат.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Білім бәйгесіндегі биік белес

Білім бәйгесіндегі биік белес

16.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – қоғам үнін жеткізетін маңызды алаң

16.08.2026
Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026
Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

15.08.2026
Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.