Талдықорған: +22°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БІРНЕШЕ ТАПСЫРМА МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН: ӘКІМДІКТЕ ӨТКЕН СЕЛЕКТОР

28.08.2020
ӘЛЕУМЕТ
БІРНЕШЕ ТАПСЫРМА МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН: ӘКІМДІКТЕ ӨТКЕН СЕЛЕКТОР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімдігінде қылмыстық құқықбұзушылықтар картасын жаңарту, деректер базасын өзектендіру бойынша селекторлық жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ төрағалық етті.

Жиынға құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, облыстық басқармалардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері қатысты. Жиында облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Т.Дәркенбаев баяндама жасады.

– Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының – 100 нақты қадамының» 32-қадамындағы «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасын» құру мақсатында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 2017 жылы 742 елді мекеннің электрондық картасын әзірледі. Осы жұмыстардың шеңберінде облыстың барлық елді мекенінің мекенжайларын түгендеу бойынша жүйелі жұмыстар орындалды. Кеткен кемшілік те жоқ емес. Барлық жұмыстың атқарылуын тікелей басшылыққа алып отырмыз, – деді басқарма басшысы.

Облыс әкімінің орынбасары аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көптеген хаттамалық тапсырма мен хатқа сәйкес жұмыстар толық көлемде орындалмай отырғанын айтты Лаззат Махатұлы:

– 2018-2020 жылдар аралығында пайдалануға берілген объектілер электрондық картаға толық енгізілмеген. Сондықтан карта өзектілігін жоғалтуда. Бүгінге дейін жаңартылған карталарын 12 аудан мен 2 қала тапсырды. Ақсу, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Кеген, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары. Қаратал ауданы жаңартылған картада қателіктердің анықталуына байланысты қайта пысықтауға жіберілді. Алакөл, Ескелді, Қарасай, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласынан қандай да бір шаралар қабылданғаны туралы ақпарат түскен жоқ және жаңартылған карталарын тапсырмады. Кеткен кемшіліктерді 7 қыркүйекке дейін аяқтауларыңызды тапсырамын. Одан әрі тұрақты негізде электронды карталарды жаңартып, тоқсан сайын есеп бересіздер, – деп нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында жергілікті атқарушы органдардың деректер базасын өзектендіру бойынша анықтама беру рәсімін оңтайландыру үшін 2018 жылғы  23 қаңтардағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевпен бекітілген Жол картасының 1.3 тармағына сәйкес «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін көшенің атауын өзгертуге қатысты мұрағаттан алынған деректер толтыру қажеттігі айтылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 2019 жылғы 10 маусымда мұрағаттық мәліметтерді қосу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бірақ осы іс-шаралар жоспарының тармақтары көрсетілген мерзімде орындалмаған. Бұл «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі «Мұрағат» модуліне мұрағаттық мәліметтерді енгізу бөлігінде жұмыстарды жедел аяқтау үшін әкімдіктердің мамандарды бөлуіне қатысты болған. 2019 жылғы 13 тамызда екінші іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалу үшін жолданған. Алайда бұл тапсырма да шешімін таппаған. Облыс әкімінің орынбасары аудан мен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімдері «Мұрағат» модулінде елді мекеннің құрамдас бөлігі және қайталама нысандар мен жер учаскелері бөлімінде тарихи мәліметтерді енгізу жөніндегі жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

– Кеткен кемшілік бойынша жұмыстарды сәулет бөлімдері, «Азаматтарға арналған үкімет», ономастика және мәдениет және мұрағат бөлімдерімен бірлесіп жүргізу қажет. Бүгінгі күні 3 мың 665 дерек тіркелген. Жұмыстар толық аяқталған жоқ. «Мекенжай тіркеліміне» мұрағаттық мәліметтерді енгізу туралы ақпарат жаңартылмаған. Мәліметтерді енгізу көрсеткіші төмен болуы облыс рейтингіне әсер ететіндігін ұмытпағанымыз жөн, – деген Лаззат Махатұлы жауапты мамандарға жұмыстарын ширатуды  міндеттеді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бір қателік – үлкен қауіп

Бір қателік – үлкен қауіп

24.04.2026
Бөденеден береке тапқан ғалым

Бөденеден береке тапқан ғалым

24.04.2026
Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

24.04.2026
Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

24.04.2026
Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.