Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ДІНИ ТОЛЕРНАТТЫҚ

13.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
ДІНИ ТОЛЕРНАТТЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Eжелгі дәуірден қоғамдық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарған діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар көптеген ғасырлар бойы қоғамдық және саяси институттардың қалыптасуына, орнығуына және танылуына ықпал етті. Сондықтан дін мен саясаттың арақатынасы тым күрделі, кейде оларды ажырату мүмкін еместей көрінеді.


Ғылыми тұрғыдан алғанда дін мен саясаттың зерттеу пәндері мен объектілері әртүрлі. Алайда, күнделікті өмірде бұл құбылыстар көзге оңайлықпен көрінбейтін жай сандар арқылы байланысады. Дін мен мемлекет арасында алшақтық бар зайырлы мемлекеттердің өзінде бұл құбылыстар түбегейлі ажыратылмаған. Мұның басты себебі – дін мемлекеттен бөлінгенімен қоғамнан тыс бола алмайды. Сонымен бірге дін мен саясат әлеуметтік топтардың және жалпы қоғамның идеологиялық ұстанымдарына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бұл теократиялық мемлекеттер тәжірибесінен анық көрінеді. Әртүрлі елдер мен халықтардың даму тарихына көз жүгіртсек, дін мен саясаттың өзара ықпалдастығы мен интеграциясы бірнеше бағытта жүзеге асатынын көреміз.
Біріншіден, ұлттық дүниетанымның бір саласы саналатын дін белгілі бір идеология ретінде саяси өмірге белсене араласты. Дін ұстанатындардың сана-сезіміне ықпал ету арқылы діннің саяси-әлеуметтік өмірге араласуының тамыры тереңде жатыр. Әлемдік діндердің даму тарихы осыны көрсетеді. Діннің ықпалы діндар адамның көңіл-күйінен, саяси құбылыстарды зерттеуде, бағалауда көрінеді.

Екіншіден, діни жетекшілер мен діни ұйымдар өз саясатын жүргізіп, қоғам мен мемлекеттегі өз мүддесін қорғауға ұмтылады. Көптеген елдерде діни партиялар, діни және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қозғалыстары бар. Солар арқылы діннің қоғамдық-саяси өмірге араласуы жүреді. Мысалы, Германиядағы Христиан Жастар Одағы секілді ірі діни ұйымдар кең таралған жақтастары арқылы сенушілердің саяси көзқарасына, көңіл күйіне және саяси әрекеттеріне әсер етеді. Бұл жерде діни ұйым жетекшісінің сол кездегі саяси құбылысты қалай бағалайтыны және әлемдегі немесе аймақтағы саяси ахуал үлкен рөл атқарады.

Үшіншіден, дін мен саясаттың арақатынасы саяси қайраткерлердің дін мен оның ұйымдарын, моральдық негіздерін өз саяси бағдарламасына немесе мүддесіне пайдалануынан анық көрінеді. Қазір дінаралық қақтығысты, келіспеушілікті болдырмау өте маңызды. Демек, діннің өркениет тарихындағы бейбітшілікті сақтап, оны тұрақты дамуға бағыттаудағы оң рөлі мен қабілеті саяси қайраткерлерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, кейбір саясаткерлер мен саяси ағым өкілдері діни сананы жеке мүддеге пайдалануға ұмтылады. Қысқа мерзімдік ұстанымды күшейтуді көздеген мұндай саясаткерлер қоғамның даму барысымен, уақыт талабымен санаспай отыр. Екі құбылыстың өзара байланысы туралы ойлағанда осыны есте ұстаған жөн.
Төртіншіден, діни фактордың саясатқа араласуы көпшілік қоғамдық қозғалыс мүшелерінің, қарапайым діндарлар мен діни қызметкерлердің арман-мақсатын ақтау үшін дінге және діни құндылықтарға сүйенетінін анық байқатады. Өздеріңіз білетіндей, адамзаттың тарихи даму барысында дін жалпы- адамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, қоғамның негізіне айналды. Әлемдік діндер тарихына үңілсек, олардың қоғамда қалыптасқан қайшылықтарды шешуді бірінші орынға қойғанын көреміз. Мұндай қайшылықтар шиеленісу шегіне жеткенде саяси-әлеуметтік процестер діни сипат алуы мүмкін.

Бесіншіден, діннің саясатқа араласуы мемлекеттілікті жою немесе әлсірету қажеттілігінен де көрінеді. Бұл фактор сыртқы күштер жағдайды өз мақсаты мен мүддесі үшін шешуге ұмтылғанда белсене түседі. Осыған орай түрлі діни топтардың арасынан жік шығады. Діни бірегейлікке үлкен мән беріліп, бір діннің басқалардан артықшылығы байқалады. Осылайша бір мемлекет екі бөлікке бөлінеді (Үндістан мен Пәкістан тарихы). Бұл бір діни наным-сенімді ұстанатын адамдар арасында алауыздық тудыруға бағытталған болуы әбден мүмкін. Елімізде Ислам дінін ұстанатын жандардың, әсіресе, жастардың діни ілімдері мен діни жоралғылары арасында аздаған айырмашылық болатынына бүгін ерінбеген пікір айтатын болды.

Шынында діни наным-сенімнің көптүрлігі белгілі бір тұрғыда қоғамда интеграциялық, біріктірушілік қызмет атқаруы да мүмкін. Бұл қоғамның өркениеттілік, парасаттылық деңгейіне байланысты. Керісінше жағдайда діни плюрализм конфессияаралық жанжалға апаруы да мүмкін. Сондықтан дін саласындағы өзекті мәселенің бірі – дінаралық сұхбатты жетілдіру. Бұл әртүрлі діндер мен олардың арақатынасы туралы стереотиптік ұстанымдардан арылуға ықпал етеді. Мысалы, христиандар мен мұсылмандар ғасырлар бойы ықпал ету аймақтарымен өзара бәсекелесіп келді. Мұндай бәсекелестік конфронтацияларға, тіпті, қантөгісті соғысқа апарғаны да мәлім. Осыған байланысты халықтар арасында қырғиқабақ төзімсіздік белең алды. Батыстағы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мұсылмандар туралы жағымсыз бейне қалыптастырып, басқа діндерге қарсы қоюға деген талпынысы Ислам әлемін алаңдатады. Тіпті, Мұхаммед пайғамбардың мерзімді басылым беттерінде «террорист» ретінде бейнеленуі мұсылман елдерінде қандай толқу тудырғаны белгілі. Мұндай әрекетке Ислам туралы терең білімі бар, өзін өркениетті санайтын жанның бара қоюы екіталай. Сондықтан елімізде жыл сайын өтіп тұратын халықаралық саммиттерде жасалатын журналист этикасы туралы баяндамаларда осы мәселе ескерусіз қалмауы тиіс.

Есте ұстайтын тағы бір жағдай – әр кезеңде діннің қоғамдағы орны және қызмет атқаруы маңызды. Әрине, орта ғасыр мен қазіргі Батыс пен Шығыс қоғамдарындағы діннің орны мен рөлі екі бөлек. Шығыс қоғамында дін өзінің бастапқы мазмұнын сақтаса, батыста XVI ғасырдан бастап секулярлау процесі орын алып, дін мен саясаттың, дін мен басқа да қоғамдық салалардың аражігі алшақтай түскенін ескеруіміз керек. Сондықтан қоғам өкілдерінің рухани өміріндегі діннің маңызын анықтауға біртұтас қадам тұрғысынан келуге болмайды. Сондай-ақ, діннің қоғамдық ықпалына келгенде жеке тұлғалық сана деңгейін естен шығармаған абзал. Өйткені, діни құндылықтар мен ұстанымдардың тұлға бойындағы көрінісі мен дәрежесі де әртүрлі болатыны мәлім.

Тарих қойнауына көз салсақ, дін мен саясатқа ортақ нәрсе – билік екенін көреміз. Саясат та, дін де қоғамдағы заңды билікке қол жеткізуге ұмтылады. Алайда саясат пен діннің билікпен арадағы байланысының өзіндік ерекшелігі бар. Діни сана құдайлық құдіретке, құдайлық беделге бағынса, саяси тұлғалардың жүріс-тұрысы мен сана-сезімі нақты бір қайраткердің немесе әлеуметтік топтың әсеріне бағынады. Егер дінде билік көзге көрінбейтін тылсым бастауды мойындаса, саясатта билік нақты, осы дүниелік әлеуметтік күшке негізделеді. Алайда нақты өмірде дін тек абстрактілі рухани билікпен шектеліп қалмай, құдайлық билікпен қатар осы дүниелік саяси билікті орнатуға да талпынады.

Қазіргі өркениет үшін діннің саясат құралына айналуы қауіпті тенденцияға айналып отыр. Америкалық саяси сарапшы С. Хантингтонның: «діни ерекшеліктер өркениеттер қақтығысына апарады» деген болжам жасағаны мәлім. Болжам болғанымен айтарының растығын жоққа шығара алмаспыз. Қауіптің алдын алу оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда артық. Сондықтан қазіргі шынайы саясаткерлер мен діни көсемдер жалпыадамзаттық сана мен бейбіт қатар өмір сүру мүдделерін бұқара халық санасына сіңіру жолында күш-жігер жұмылдыруды көздейді. Бұл бағытта халықаралық ұйымдар тарапынан көптеген істер атқарылып жатыр. Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің 2 съезі жаңа өркениеттік сананы қалыптастырудағы, әлемдік және дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған оң тәжірибесі мен мүмкіндігін адамзат алдында тұрған ортақ мәселелерді шешуге бағыттаудағы жаңа белес болды. Ғасыр соңында жаппай қырып-жою қаруынан бас тартып, ядролық қарусыздану үлгісін көрсеткен Қазақ Елінің жаңа дәуір басында діни-саяси алауыздық пен жауласудан арылып, ортақ мекеніміз Жер шарында бейбіт қатар өмір сүруге, тұрақты дамып гүлденуге шақыруы ұлттар мен ұлыстардың жүрегінде үміт отын жағып, халықаралық аренада қолдау тапқаны қуанарлық жайт.

Сәуле Ерболғанова,
«Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің маман-теологы 
 

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.