Талдықорған: +18°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ХАЛЫҚ ТЫҒЫЗ, ПРОБЛЕМА КӨП. ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЛҒАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

25.12.2021
ӘЛЕУМЕТ
ХАЛЫҚ ТЫҒЫЗ, ПРОБЛЕМА КӨП. ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЛҒАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданында сапары барысында Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ аймақтағы коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелерін шешуге назар аударып, әлеуметтік нысандарды аралады. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қанат Бозымбаев құрылысы шамамен 99% аяқталған 1200 орынды мектепке барды. «Мектеп заманауи, бірақ тым ауқымды. Ғимараттың пайдалы алаңын тиімді қолдану керек. Алдағы уақытта құрылыс және білім басқармаларына бірлесіп, салынатын мектептердің типтік үлгісін әзірлеуді тапсырамын. Мектептердің құрылысына инвесторларды да тарту керек», — деді Қ.Бозымбаев. Сондай-ақ, облыс әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын «Жаңа» шағын ауданның құрылысы жобасымен танысты. Мұндағы халықтың болжамды санын ескере отырып, әлеуметтік нысандардың тұрғындарға қолжетімді болуын қарастыру керектігін ескертті. Әкім Талғар өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына да көңіл бөлді.

Ауданды суаратын сумен қамту да – маңызды мәселе. 13 шақырымға созылған магистралды каналға күрделі жөндеу қажет. Бұл канал шамамен 3 ауданды қамтиды, оның тозығы жеткендіктен қазір судың 40%-ы ысырап болуда. Қауіпсіздік үшін каналдың бетін жабу керек.

 — Шығыны аз заманауи материалдарды пайдаланыңыздар. Күрделі жөндеу жүргізудің алдында жобаның тиімділігі жөніндегі есептеулерді көрсетіңіздер. Қазіргі кезде каналдың қамтитын суару алқабының көлемі мен жөндеуден кейінгі қамтитын ауқымы қандай болады, жоспарланып отырған күрделі жөндеу қандай нақты нәтиже береді, соның бәрі айқын болуы керек. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдайтын боламыз, — деді Қ.Бозымбаев.

Қанат Алдабергенұлы «Баймене» ЖШС-да болды. Серіктестік басшысы Евгений Қамбаровтың айтуынша, кәсіпорынның 70 га интенсивті алма бағы бар және ол жемісті ұзақ уақыт сақтаумен және өңдеумен айналысады. Калибрлеуге арналған іріктеу және алманы қаптау желісі, табиғи алма шырыны мен езбесін дайындау  өндірісі бар. Сол сияқты 5100 тонна өнім сиятын жеміс сақтау қоймасы бар. Заманауи құрал-жабдықтардың арқасында кәсіпорын 1 кг алмадан 65-70% таза шырын шығарады, ал екі мәрте пастерлеудің нәтижесінде шырында консерванттар қоспай-ақ алманың барлық пайдалы қасиеттері сақталады.

Алма мен шырын Алматы нарығында, ірі сауда желілерінде «Alem Alma» брендімен саудаланады. Болашақта алма шырынының шарабы, джем, алма сірке суы, газды сусындар және басқа да өнім шығару, бақ аумағын 40 гектарға ұлғайту жоспарда бар. Жоба толық іске қосылғанда тартылатын инвестиция көлемі 6,1 млрд. теңгеге жетеді.

Сапар соңында аудан активімен кездескен Қанат Бозымбаев бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқан мәселелерге назар аударды. Олардың қатарында сумен, газбен, тұрғын үймен қамту, саяжай массивтерінде инфрақұрылымның жоқтығы, жер учаскесі кезегі, үш ауысымды мектептерді жою, жол апаттарының алдын алу секілді бірнеше мәселе бар.

— Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстым, бірқатар нысандарды араладым. Аудан үлкен, халық тығыз орналасқан, проблема көп. Әсіресе, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлу керек. Саяжай массивтерінің егжей-тегжейлі жоспарын және оларды кешенді дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең бірінші кезекте тұруы тиіс. Өз жұмыстарыңызда Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын үнемі басшылыққа алыңыздар. Әлеуметтік желіде тұрғындардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай, түскен сұрақтарға қарапайым, түсінікті түрде жауап беріңіздер. Жеке азаматтарды қабылдауды тұрақты өткізіп, халықпен тілдесіңіздер. Әрине, біз бүгін барлық проблеманы түгел қамтыдық дей алмаймыз. Бірақ ең бастысы өзекті мәселелерді шешу жолдарын айқындап алдық. Оларды бұдан әрі жұмыс барысында бірлесіп іске асыратын боламыз, — деді Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімі Бесағаш ауылындағы блокты-модульді қазандыққа да барды. «Горизонт KZ» ЖШС 2 млрд.теңгеге орнатқан бұл қазандық биылғы жылдың қараша айында іске қосылған. Нысан Бесағаш ауылындағы «Нұрия», «Динара групп», «Алма Тау», «Достар», «Бесағаш 2» тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсетуге арнап салынған. Облыс әкімі заманауи, жаңа әрі үнемді, газға қосылған қазандықтың жұмысын оң бағалады.  

Сапар барысында Қанат Бозымбаевқа Бесағаш ауылының оңтүстік-батыс бөлігін дамытудың жобасы таныстырылды. Соның ішінде «Talgar Eco City», «Аспан сити», «Besagash» және «Достар» тұрғын үй кешендерінің құрылысы жайлы кеңінен баяндалды. Бұл ретте Қанат Алдабергенұлы тұрғын аумақтарды дамыту ісін кешенді түрде қарастыру керектігін қатаң ескертті.

— Кешенді құрылыс жоспарына әлеуметтік нысандар салуды да енгізу керек. Яғни, тұрғын үй кешенін салушы әрбір кәсіпкер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін негізге алуы тиіс. Оған қоса саяжай массивтері аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген баламалы жер телімін ұсына отырып, тұрғын үйлерді салу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Құрылыс жүргізу барысында жергілікті жерде өндірілген материалдарды қолдануға, қазақстандық мазмұнға басымдық берілуі керек. Ал жұмыс барысында туындаған мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз, — деді Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімі Бесағаш ауылындағы Мәдениет үйінің 3 жылдан бері созылып келе жатқан күрделі жөндеуіне қатысты туындаған мәселелерге де назар аударды. «Ауыл – ел бесігі» жобасымен қолға алынған құрылыс жұмыстары нысанда өрт болу салдарынан тоқтап қалған. Облыс әкімі мынадай баяу қарқынмен мердігер мекеме жоспарда белгіленген мерзімде жөндеу жұмыстарын аяқтай алмайтындығын қатаң сынға алды. Егер келісімшарттарды орындамаса, заңға сәйкес шаралар қабылдауды тапсырды.

Сапар барысында сорғы станциясы мен резервуарлардың жұмысына да көңіл аударылды. Мұнда облыс басшысына бұған дейін Бесағаштағы «Алма Тау», «Нұрия» ЖК-ларын сумен қамтуда туған қиындықтарды шешу жолдары баяндалды. Атап өтсек, су құбырлары бірнеше жерден жарылған еді. Сондықтан қазір су құбырын төсеген мердігер мекеме құбыр желісінің бірінші тармағын қайта ауыстырып жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Мердігер мекеме екінші тармақты да сапалы құбырға ауыстыратын болды. Мұндағы негізгі қиындық — бұл ЖК-ларға берілетін ауыз су көзі Алматыдан тартылған. Сондықтан Бесағаштың оңтүстік бөлігін ауыз сумен қамту желілерінің құрылысын жүргізуге қажеттілік бар. Осыған орай аталған жоба да облыс басшысына таныстырылды.

Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін «Ой Қарағай-Лесная сказка» тау шаңғы демалыс базасы ауданның іргелі туристік нысандарының бірі. База басшылығы нысанның іргесін кеңейтіп, «Апорт Ақ-Тас» тау курорттық кешенін салуды қолға алмақ. Жоспарға сәйкес жоба 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс. Дегенмен оған қажетті жол, электр энергиясы, су таратқыш сияқты инфрақұрылымдармен қамтуға көмек сұрады. Қанат Бозымбаев тау туризмін дамыту жөнінде арнайы мастер-жоспар әзірленетінін айтты.

— Тау курорттық кешенін салу — бұл үздік туристік жоба. Жоба іске асырылса, қанша жұмыс орны ашылады, қанша салық түседі, туристер легі қаншаға артады, соның бәрін зерделейміз. Және осы мастер-жоспарда облыстағы туризм саласының туындаған мәселелерінің барлығы, соның ішінде сіздер көтерген мәселелер де қамтылатын болады, — деді Қанат Бозымбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.