Талдықорған: +12°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«КӨНЕМІН»: АЛМАТЫЛЫҚ ТІЛЕНШІ ӘЙЕЛ ҚАЛАЙ КҮН КӨРІП ЖҮРГЕНІН ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ

09.02.2020
ӘЛЕУМЕТ
"КӨНЕМІН": АЛМАТЫЛЫҚ ТІЛЕНШІ ӘЙЕЛ ҚАЛАЙ КҮН КӨРІП ЖҮРГЕНІН ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласындағы көпшілік «барахолка» деп атап кеткен базарда тіленшілікпен күн көріп жүргендер қатары тым көп. «Сығандар қайыр тілеп жүр. Осындай тірліктен Құдай сақтасын», — деп айтқан үлкендердің сөзін естігеніміз болмаса, олармен тілдесіп көрмеппіз. «Сығандар ауыл аралап жүр», — десе, терезені жауып, есікті құлпылап жау келе жатқандай тығылатынбыз. Олардың да адам екенін білсек те, ерекше қорқыныш сезімі бойды билейтін. Аналарымыз: «Нан берсек алмайды. Ақша сұрайды. Өздерінің қайыр сұрап жүргендеріне болайын? Бұлардың өмір сүруі бізге міндет секілді», — деп қабақ шытқандарын да талай көрдік.

Жалпы, тіленшілердің өз саясаты бар екеніне сенесіз бе?

Талдықорғанда азды-көпті алақан жайғандар бар. Күнделікті сол істі қызметі санайтындар да жоқ емес. Олардың басым көпшілігі жұма күні мешіттің жанын торуылдайды. Тіпті, қасиетті күні қол жаюшылардың саны артатынын мешіт қызметкерлері талай байқаған. Алланың үйіне мінәжат етуге келгендер садақа есебінде оларға барын беріп, разы қылады. Бұл тізімді бала-шағасының қарауынсыз қалған қарттар, үй-күйсіз жүрген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар толықтырады.

Тіленшілермен тілдескенімізде жұма күні жоқ дегенде 5-6 мың, кейде одан да көп табыс табатынын айтқан. Бәрінің сылтауы – елдегі қымбатшылық. Ал мегаполис қала саналатын Алматының тіленшілері ше?

Олардың саясаты талдықорғандық тіленшілерден әлдеқайда мықты. Таяуда базарға барғанымызда қол жайып, қайыр сұрағандардан көз сүрінді. Бірі мүгедек баласын арбамен сүйресе, екіншісі сәбиін құшақтаған күйі базар жағалауда. Бізді олардың тірлігі қызықтырды. Бір-екі сұрақ қойып едік, тіл қатпады. Қолдарын қимылдатып, ақша деп ишара білдіріп тұр. Ақшаның шетін көрсетпейінше сөйлеспейтінін түсіндік. Содан алақанын толтырып едік, күлімдеп, әр сұрақты жауапсыз қалдырмады. Олардың айтуынша, баласыз жүрсең, пайда түспейді. Ал көпшілік ересек адамға емес, балаға жаны ашығанынан алақанды құр қалдырмайды екен. Мұны тәжірибе жүзінде іске асырып көрген олар табыс табу үшін біреудің баласын алып шығуға да барады екен.

— Есімім Роза, – деп бастады сұлу келіншек әңгімесін. – 34 жастамын. Шымкенттің тумасы болғаныммен Алматыда өмір сүріп жатқаныма жиырма жылдан асты. Туған-туысым, ата-анам бар. Бірақ ешқайсымен араласпаймын. Сезімнің жетегіне еріп, отбасылы азаматтан сәбилі болдым. Әке-шешем бұл қателігімді кешірмей, үйден қуды. Содан тағдырыма көніп, үш жасар қызымды жетектеп, осы тірлікті кәсіп етіп жүрмін. Тапқаным пәтерақыма, күнкөрісіме жетеді. Өзіммен тағдырлас екі құрбым бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Балалы болмай тұрғанымда асханада, мейрамханада ыдыс, еден жуушы болып жұмыс істедім. Кейін балалы болған соң ол жерден табатын 2-3 мың теңгеге күн көре алмайтынымды түсініп, осы жолды таңдадым. Оның үстіне баланы қарайтын адам жоқ, тәрбиеші алайын десем, оның өзі удай ақша. Тұрақты табыс жоқ. Бірде 2-3 мың, ал кей күні 5-6 мың теңге табамын. Кейде таныстарымды көріп қаламын. Маған емес, қызыма жандары ашып, қолыма жасыл, қызыл ақшаларды қысып кетіп жатады. Болашақта не істейтінімді әзірге ойластырмадым. Қатты қиналып кеттім. Тапқаным күнкөрістен артылмайды. Жақындарыма барып, кешірім сұрайын десем, қабылдамайтындарын білемін. Тағдырым осы шығар?! Көнемін. Басқа амал жоқ, қызым үшін өмір сүріп жүрмін.

Осылайша ағынан жарылып әңгімесін айтқан ол көз жасын көл етті. Жүрегіне беріш боп қатқан ауыр тағдыры әдемі бойжеткенді біраз жасқа қартайтыпты. Өкінішті.

Базардан нәпақасын тауып жүрген саудагерлер тіленшілерді бес саусағындай танып, әр әрекетін жаттап та алған. Олар қол жайғандарға бір тиын да татырмайтынын айтады. Себебі, он екі мүшесі сау бола тұра елге алақан жайғандарына қарсы. Тіпті, оңай жолмен пайда табуды балаларына да үйретіп қойған. Базар тірлігіне отыз жылдай араласқан ағамыз кейінгі кезде тіленшілердің қатарын қазақтар да толықтырып жүргеніне наразы екенін айтты. Қаракөздердің тірлігі намысына тиген соң тұрақты жұмыс тауып бергісі-ақ келген. Алайда таңның атысынан  күннің батысына дейін тік тұрып жұмыс істеуге құлықсыздар мұндай көмектен бас тартқан.

Сау балаларын мүгедек етіп, пайда тауып жүргендерді естігенде жаға ұстадық. Ақша адамды сонша азғырғанын түсіндік. Бұл кәсіп сыған халқына тым жақын. Олардың табиғаты осыған сұранып тұрғандай. Тепсе темір үзетін азаматтардың әр бұрышта отырып, бір жапырақ қағазға «Көмектесіңізші» деп жазып алып қайыр тілегені ұлтқа сын. Қақаған аязда да, шіліңгір шілдеде де баласын бауырына басып, ел тастаған бақыр тиынды қуып жүрген қаракөздердің бұл қылығы көңілге көлеңке түсіреді.

Хакім Абайдың «Есектің артын жусаң да мал тап» деген нақылы еріксіз ойға оралады. Қазір мұндай сөзді айтатын, оны құлаққа құятын адам тым сирек. Тегінде, қазақ бала-шағасын, ағайын-туысын қаңғытып, қол жайып, қайыр сұратуды ар, намыс санайтын халық емес пе еді? Тіленшілікті тірлік етіп жүргендер жақыннан қайыр болмаса, намысқа тырысып, жұмыс істеп, еңбек етіп өз күндерін өздері көруге әрекет жасаса қуанар едік. Бәрінің айтар бір ғана жауабы – жұмыс жоқ. Жоқ емес. Бар, тек тілек, ниет болса. Ал еріншек, жалқау адамға қашанда сылтау табылып тұратынын бәріміз білеміз.

Иә, тағдыр жаза басып, сәл қателескеніңді кешірмейді. Жеті рет өлшеп, бір рет кеспесең, құрдымға кеткенің кеткен.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды

Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды

16.04.2026
2026-2030 жылдарға арналған серіктестік: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығы

2026-2030 жылдарға арналған серіктестік: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығы

16.04.2026
Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

16.04.2026
Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

16.04.2026
Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.