Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

22 сәуір 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданында өндірістік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның айқын дәлелі ретінде аудан әкімі Дәулет Халелов және тиісті мекеме өкілдерімен бірге «Novatech Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Жұмыс сапары барысында өндіріс орнының негізгі көрсеткіштері жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, зауыттың өндірістік қуаты, өнім шығару көлемі, техникалық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуеті сараланып, кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігіне баға берілді. Қазіргі таңда зауытта темір-бетон бұйымдарын өндіру тұрақты жолға қойылған.

Кәсіпорынның күнделікті өндіріс көлемі оның қарқынды жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Г10.30-2 маркалы өнімнен тәулігіне 30 дана, Г15.30-2 өнімінен 30-45 дана, ал Г20.30-3 бұйымынан 5 дана шығарылады. Сонымен қатар ЛР-6 – 22 дана, ЛР-8 – 13 дана, ЛР-10 – 2 дана көлемінде өнім өндіріледі. Бұл көрсеткіштер зауыттың нақты өндірістік қуатын айқындап, тапсырыстарды уақытылы орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Зауыттың техникалық базасы да жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Өндіріс алаңында 2 дана жүк көлігі, 2 текше метрлік 1 погрузчик, 10 текше метрлік 2 миксер және 2 дана козловой кран жұмыс істейді. Аталған техника өндірістік үдерістің үздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін арттыруға жол ашуда.

Сонымен қатар кәсіпорында бетон-смесительный узел (БСУ) іске қосылған. Бұл қондырғы құрылысқа қажетті бетон қоспаларын дер кезінде дайындап, өндіріс процесінің тиімді әрі жүйелі жүргізілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде зауыт өз өнімін сапалы әрі уақытылы ұсынуға толық мүмкіндік алып отыр.

Бүгінде кәсіпорында жалпы саны 56 адам еңбек етуде. Оның ішінде 25-і жергілікті тұрғындар. Бұл көрсеткіш әлеуметтік маңызын да айқындай түседі. Жергілікті халықты жұмыспен қамту арқылы зауыт ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Кездесу барысында аудан әкімі өндіріс орнының әлеуетіне жоғары баға беріп, мұндай кәсіпорындардың өңір экономикасын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, құрылыс саласының қарқынды дамуы инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асуына тікелей әсер ететінін жеткізді.

– Өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі – аудан экономикасының нығаюының басты кепілі. Осындай кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Сондықтан біз өндірісті қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді аудан басшысы.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.