Талдықорған: +22°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мемлекеттік басқару академиясы гранттар санын көбейтті

15.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік басқару академиясы гранттар санын көбейтті
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжаттар қабылдау науқанының басталуы туралы брифинг өтті. Онда Жетісу өңіріндегі мемлекеттік қызметшілер мен басқару саласына қызығушылық танытқан азаматтар үшін маңызды жаңалықтар айтылды.

Академияның Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Жайық Тазабекұлы оқуға түсудің жаңа ережелері мен талаптарын егжей-тегжейлі баяндады.

– «Биылғы оқу жылының басты ерекшелігі – мемлекеттік білім беру тапсырысының, яғни гранттар санының айтарлықтай артуында. Биыл магистратура бағдарламалары бойынша грант саны 80-ге жуық көбейіп, жалпы саны 200-ге жуық адамды қабылдау жоспарланған, ал докторантураға 12 орын бөлініп отыр. Осылайша, мемлекеттік қызметтегі кадрлардың сапасын арттыру көзделіп отыр. Біздің мақсатымыз – тек білім беру емес, заманауи мемлекеттік аппараттың талаптарына жауап бере алатын, стратегиялық ойлайтын басқарушылардың жаңа толқынын дайындау. Биыл гранттар санының көбеюі – талантты азаматтарға берілген зор мүмкіндік», – деп атап өтті.

Оқуға құжаттарды қабылдау процесі биыл 1 сәуірден басталып, 1 маусымға дейін, яғни бар болғаны екі ай ішінде жүзеге асырылады. Барлық үдеріс admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы толықтай электронды форматқа көшірілген. Ол үміткерлер үшін уақытты үнемдеуге және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларында да бірқатар өзгерістер бар. Мысалы, биыл «ЕМВА – Іскерлік-әкімшілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» сияқты жаңа бағдарламалар қосылды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» бағыттары ғылыми-педагогикалық бағытқа ауысуына байланысты енді 1,5 жыл емес, 2 жыл оқытылатын болады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар мәселесі де сөз болды. Оқуға түсуді жоспарлаған азаматтар admission.apa.kz порталына тіркелу кезінде мемлекеттік органның жолдамасын (егер мемлекеттік қызметші болса) және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін жүктеуі тиіс. Оған қоса, жоғары білімі туралы дипломның немесе докторантура үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасын қосымшаларымен бірге дайындау қажет.

Тілдік талаптарға келсек, үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен еместігін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификатының болуы міндетті. Ал ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттар (IELTS, TOEFL немесе Duolingo) тек докторантура бағдарламалары мен «Халықаралық қатынастар» және «Мемлекеттік саясат» магистратурасына тапсырушылар үшін талап етіледі. Мемлекеттік қызметшілер кадр қызметі растаған қызметтік тізімін жүктесе, басқа үміткерлер еңбек қызметін растайтын құжаттарын ұсынуы керек. Кейбір бағдарламалар бойынша функционалдық жұмыс өтілін растау үшін лауазымдық нұсқаулық пен құрылымдық бөлімше туралы ереже де сұралуы мүмкін. Докторантураға үміткерлер зерттеу жұмысы жоспарының жобасын (research proposal) дайындап, барлық құжаттарды электрондық-цифрлық қолтаңбамен растап, өтініш жіберуі тиіс.

– «Конкурстық іріктеу кезеңдері де өте қызықты әрі салмақты өтпек. 5-7 маусым аралығында үміткерлер аналитикалық эссе жазып, өздерінің талдау қабілеттерін көрсетсе, 5-19 маусымда сұхбат кезеңі басталады. Сұхбат барысында үміткердің кәсіби құзыреттілігі, оқуға деген ынтасы және мемлекеттік басқару жүйесін білу деңгейі бағаланады», – деді Жайық Тазабекұлы.

Оның сөзінше сұхбат офлайн форматта өтеді және бейнежазбаға түсіріледі, бұл іріктеудің әділдігін кепілдендіреді. Іріктеудің алдын ала қорытындылары 25 маусымда белгілі болса, түпкілікті шешім 10 шілдеде шығарылып, оқу 1 қыркүйекте басталады. Ақылы негізде оқуды қалайтындар үшін жинаған балдары мен конкурстық комиссияның сараптамалық бағалауы негізге алынатынын да айта кеткен жөн.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Өзенді өлкеде балық аулауға ресми түрде шектеу қойылды

Өзенді өлкеде балық аулауға ресми түрде шектеу қойылды

15.04.2026
Жетісуда заңсыз LED шам орнатқан 100-ден астам жүргізуші жауапқа тартылдыи

Жетісуда заңсыз LED шам орнатқан 100-ден астам жүргізуші жауапқа тартылдыи

15.04.2026
Мемлекеттік басқару академиясы гранттар санын көбейтті

Мемлекеттік басқару академиясы гранттар санын көбейтті

15.04.2026
Президент табыстаған пәтерлерге жас ғалымдар қоныстанды

Президент табыстаған пәтерлерге жас ғалымдар қоныстанды

15.04.2026
Тұрақ ережесін бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады

Тұрақ ережесін бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады

15.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.