Талдықорған: +7°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«НҰРЛЫ ЖЕР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮЙЛІ БОЛҒАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

22.05.2020
ӘЛЕУМЕТ
"НҰРЛЫ ЖЕР": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮЙЛІ БОЛҒАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Үйі бардың күйі бар», «Өз үйім – өлең төсегім» дейді дана халқымыз. Бұлай деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Расымен де жеке баспанаң, тұрақты жұмысың мен өзіңді күтіп отырған отбасың болса мұның өзі бір бақыт емес пе?! Осыны мықтап ескерген Үкімет те түрлі бағдарламалар арқылы халықтың үйлі болуына барынша жағдай жасап отыр. Нәтижесі көңіл көншітеді. Оған баспанаға қол жеткізіп, қоныстойын тойлап жатқан отбасылардың жыл озған сайын көбейіп келе жатқаны дәлел.

Жалпы, құрылыс саласын экономиканың негізгі драйверлерінің бірі деп айтамыз. Осы ретте Үкімет бұл бағыттағы жұмыстың одан әрі жанданып, құрылыс қарқынының ұлғаюына, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына күш салып келеді және ол ең маңызды міндеттердің біріне айналуда. Аталған сала бойынша бүгінде елде шамамен 700 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұған өз ретімен іске асып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қосып отырған үлесі де қомақты. Себебі, ол талай адамның баспанамен қамтамасыз етілуіне жол ашып отыр.

Аталған бағдарлама шеңберінде биыл ел бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деген болжам бар. Егер, ойға алынған жоба-жоспарлар өз деңгейінде орындалып, ілгері басатын болса барлығы 32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және несиелік пәтерлермен қамтамасыз етілетін болады. Бұл үйлер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, аз қамтылғандар мен жастар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне пайдалануға беріледі.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін оған ең алдымен сапалы материалдар қажет. Үкімет бұл мәселені де назарынан тыс қалдырып отырған жоқ. Осы орайда «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы бойынша отандық құрылыс индустриясы аясында 178 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде шыны, арматура, санфаянс, керамика тақтайшалары мен лак бояуларын шығаратын жобалар бар. Егер бұлар сәтімен іске қосылатын болса тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті 95 пайызға арттыруға мүмкіндік беріп, 8 мың жаңа жұмыс орнын құруға ықпал ететін болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Жетісу жерінде де атқарылып жатқан ілкімді істер бар. Осы ретте 119 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Оның 52 жобасы тұрғын үй құрылысы, 67 жобасы инженерлік инфрақұрылым. Аталған жобаны жүзеге асыруға 41,6 млрд.теңге қаражат қарастырылған. Оның 23,6 млрд.теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджет есебінен бөлініп отыр. 

Биыл 938,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде бюджет есебінен берілетін 519 тұрғын үй бар. 2020 жылы республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 18,0 млрд. теңге қарастырылған. Оның 8,6 млрд. теңгесі көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына жұмсалмақ. Ал әлеуметтік осал топтарға 975 жалгерлік тұрғын үй беріледі. Оның ішінде 377 тұрғын үйі көпбалалы отбасыларға арналған. Сонымен бірге, жергілікті бюджеттен 50 пәтер сатып алынып, жалпы 719 көпбалалы отбасы баспаналы болады. Несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы алаңы 51,4 мың шаршы метрді құрайтын 648 пәтерлі 51 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұған қоса, жалпы алаңы 9,0 мың шаршы метрді құрайтын 91 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, ағымдағы жылы барлық бағыт бойынша 135 отбасы тұрғын үй сатып алған, оның ішінде 71 көпбалалы отбасы бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында да үйлі болып отырған отбасылар аз емес. Мәселен, былтыр осы бағдарлама аясында 500 отбасы баспанаға қол жеткізсе, биыл тағы 600 отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Сондықтан, әлі талай адам баспаналы болу бақытына ие болып, шаттыққа бөленбек.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде күн жылына бастайды

Елімізде күн жылына бастайды

17.04.2026
Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

17.04.2026
Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

17.04.2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

17.04.2026
Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.