Талдықорған: +19°C
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ОРЫНДЫҚТЫҢ СИҚЫ МЫНАУ»: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА КІМ ҚҰЛАҚ АСАДЫ?

15.06.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ОРЫНДЫҚТЫҢ СИҚЫ МЫНАУ": АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА КІМ ҚҰЛАҚ АСАДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылдық пошта ғимараты – тұрғындардың айына бір немесе одан да жиі бас сұғатын, сан алуан қызмет түрін пайдаланатын маңызы зор бірден-бір әлеуметтік нысан. Бір сөзбен айтқанда, ауылдың ажары әрі айнасы іспетті. Сондықтан болар, ауыл тұрғындарының пошта үйі мен пошташыға деген құрметі әркез ерекше. Ауылдық поштаның заманауи талапқа сай жабдықталып, жарқырап тұруы поштаға келген тұрғындардың да көңіл-күйіне айрықша әсері болары хақ. Ал олай болмаса ше?

Талдыбұлақ ауылдық поштасына шаруамен атбасын бұрған едім. Расы керек, Мақатаев көшесіне орналасқан пошта ғимаратын әзер таптым. Тапқаныма қуанып, ауласына аяқ басқанымда, тіпті, көңілім құлазып сала берді. Ауылдық «Қазпошта» бөлімшесінің табалдырығынан төріне дейін тозығы жеткені көзге ұрып тұр. Ескі ғимараттың едені тозып, қабырғаларындағы сылақтары сыпырылып түсе бастаған. Керегесі ойдым-ойдым, ала шұбар. Сұрықсыз көрінісі мен сыздан денем тоңазып кетті. Соған қарамастан іштегі пошта қызметкерлері келген тұтынушыларға кідіріссіз қызметтерін көрсетуде. Карантин талаптарына сай әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, кезегім келгенде ішке ендім. Амандықтан соң тілшілік әдетпен поштаның тозып кеткенін бірден тілге тиек еттім.

– Осы ғимаратта жұмыс істеп келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Ғимарат «Қазақтелекомның» иелігінде, жалға алынған осы екі бөлмеде еңбек етеміз. Талдыбұлақта халық саны жылдан-жылға артып келеді. Қазірдің өзінде 7 мыңға жуықтап қалды. Тұрғындарға зейнетақы, жәрдемақы түрлерімен қоса, сәлемдемелер, төлемақы түрлерін қабылдап, тапсырамыз. Бөлме тар, компьютерлік техникаларымыз ескі. Қыста суық, электрлі жылытқышпен отырамыз, – дейді пошта қызметкерлері.

Халық санынының артқанымен, пошташы штаты сол қалпы. Ауыл тұрғындарына небәрі екі пошташы табанынан тоза қызмет көрсетеді. Оның бірі — ширек ғасырға жуық табан аудармастан еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі пошташы Гүлнұр Асқарова. Ал оператор Фарида Әбдірахманованың да орныққанына бес жылдан асқан.

Алайда ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан пошта қызметкерлері бүгінінен ертеңгі күндерінің жақсы боларынан әлі де үміт үзбеген. Себебі, жыл сайынғы ауыл, аудан әкімдерінің ел алдындағы есептерінде Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Бірлік пен Талдықбұлақ ауылдарына жаңа пошта ғимаратын салу мәселесі күн тәртібінен түсіп көрмеген. Бұл өзекті мәселе айтылудай-ақ айтылғанмен, «баяғы жартас, сол жартас» күйінде.

— Ғимараттың халыққа қызмет еткеніне 40 жылға жуықтады десем, артық етпес. Осы ауылда туып-өстім, көзімізге оттай басылады. Бірақ бүгінгі тозығы жеткен қалпы жанымызға батып жүр. Себебі, ауылымызда 6 мыңнан астам тұрғын болса, соның ішінде, мыңнан астам зейнеткер ай сайын осы поштаға келіп, зейнетақысын алады. Бірін-бірі көріп, хал-жағдай сұрасып, мәре-сәре болып жатады. Сондықтан, бұл поштаны әлеуметтік нысан ғана емес, ауыл адамдары шүйіркелесетін мәдени орталық деуге болады. Зейнетақысын алуға келген жасы үлкен кісілер күні бұрын жазылып, кезекке тұрады. Тізе бүгетін орындықтың сиқы мынау. Тар бөлмеде екі адам айнала алмайды. Адам шошырлық ахуалына куә ауыл тұрғындары жыл сайын жаңа пошта салу мәселесін көтеруден шаршамаған. Тіпті, жоғарыға дейін хат жолдадық, нәтижесінде жер мәселесі де шешім тапқандай болған. Кейіндеп сол көздеген жердің 1 соттығына мобильді байланыс операторы телемұнара (телевышка) орнатып қойды. Салдарынан ауыл поштасының жай-күйін көтерген тұрғындардың жанайқайы тағы да жарты жолда қалып тұр, – дейді Талғар аудандық мәслихат депутаты, ауыл тұрғыны Айтжамал Нұрбатырова.

Елдің мұңы мен үніне құлақ асар жан пенде болса, бұл мәселе баяғыда шешімін табуға тиіс еді. Жылда «әне-міне» деген құрғақ уәдеге құлақтары үйренгендей. Ауыл поштасының ахуалын айтқан халықтың жанайқайы қашанғы желге ұшады? Ойлана-ойлана, сүреңсіз пошта ғимаратынан алыстай бердік.

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — автор

Талдыбұлақ ауылы,

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.