Талдықорған: +12°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Шаңырақ шаттығы еселенді

Олжас Құрмашев

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған төрінде баспаналы болған жандардың қуанышында шек жоқ. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы 65 отбасы қоныстойын тойлады. Шаңырақ шаттығына кенелген жетісулықтарға қала әкімі Ернат БӘЗІЛ пәтер кілтін табыс етті. Жайлы, жарық баспана облыс орталығының Қадырғали Жалайыри көшесінде орналасқан заманауи тұрғын үйлерден берілді.

Облыс орталығы құрылғалы аймақ басшысының қолдауымен Талдықорғанда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы 175 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 630-дан астам азамат қоныстойын тойлады. Ал жыл басынан бері 249 адам баспанамен қамтылды.

– Халықты баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Жалпы, соңғы 2 жылда қалада бұл бағыттағы жұмыстар едәуір жандана түсті. Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған шамамен 1400 азаматты баспанамен қамтамасыз етеміз. Бұл кезек санын айтарлықтай азайтып, халықтың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деген шаһар басшысы қоныстой иелерін құттықтады.

Ата-анасынан жетім қалып, тағдырдың тауқыметін тартқан Дархан Жарымхановтың да арманы орындалды. Әжесінің тәрбиесінде өскен азамат 16 жыл үй кезегінде тұрған. Үкілі үмітін үзбеген ол енді жаңа пәтердің иесі.

– Шынымды айтсам, әлі де сене алар емеспін. Осы сәтті өте ұзақ күттім. Өз үйімнің болғаны – үлкен бақыт. Енді пәтер жағалап, әркімнің босағасын тоздырмаймын. Облыс және қала басшылығына қолдап, жетім балаларды назардан тыс қалдырмағандары үшін шын жүректен алғыс айта-мын, – деді ол.

2010 жылдан бері үй кезегінде тұрған Татьяна Кузьменко да бұл күнді көптен күткен. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ана үш баласымен бірге осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрған.

– Отбасыммен ұзақ жыл жалдамалы баспанада тұрдық. Қатты қиналдық. Оңай болған жоқ. Жабырқаған кезде жаңа шағынаудандарда салынып жатқан үйлерді көріп, «біз де бір күні баспаналы боламыз» деп сендік. Міне, сол күнге де жеттік. Біз үшін бүгін нағыз мереке, – деді Татьяна.

Жаңа баспана иелерінің қатарында «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Жанар Мырзабекова да бар. Жолдасымен бірге 5 бала тәрбиелеп отырған отбасының да өз баспанасы болмаған.

– Қолыма өз үйімнің кілтін алғаныма әлі де сенбей тұрмын. «Бір бөлмелі болса да үйіміз болса екен» деп армандап едік. Енді, міне, үш бөлмелі пәтердің кілтін алдық. Бұл – біздің отбасы үшін үлкен қуаныш. Қолдау мен қамқорлық үшін алғысымыз шексіз, – дейді көпбалалы ана.

Бүгінгі қоныстой жай ғана кілт табыстау рәсімі емес, үкілі үмітін үзбеген, асқақ арманына қол созған отбасылар үшін тарихи күн. Бұл – тұрақтылықтың, болашаққа деген сенімнің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлықтың шынайы көрінісі.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Шаңырақ шаттығы еселенді

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
Рух пен өнер тоғысқан мекен

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026
Қаламгердің биік белесі

Қаламгердің биік белесі

18.04.2026
Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

18.04.2026
Ойды алмастыру емес, толықтыру

Ойды алмастыру емес, толықтыру

18.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.