Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ҚАРАСТЫ КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

09.12.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ҚАРАСТЫ КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласына қарасты «Көктал» ықшамауданында көптен бері газ мәселесі шешілмей келеді. Осыған ашынған тұрғындар жақында Алматы облысы әкімдігіне барып, наразылықтарын білдірген. Айтуларынша, бұл елдімекенге газ құбырларын тарту жұмыстары бір жыл бұрын аяқталыпты. Алайда әлі күнге дейін газ берілмеген. Шыдамы таусылған халық ақырында осылай бас көтеруге мәжбүр болдық дейді.

Біз бұл мәселенің анық қанығын білу үшін алдымен «Еркін» ауылдық округінің әкімі Қанат Рыспековке жолықтық. Оның айтуынша, «Көктал» ықшам ауданына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары 2018 жылы қазан айында басталып, 2020 жылды аяқталған. Магистральдық газ құбырын орнатумен «ТурГаз» ЖШС айналысыпты. Тапсырыс беруші – облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

Әкім сөзіне сүйенсек, «Еркін» ауылына газ былтыр берілген. Алайда осы округтің құрамына кіретін «Көктал» ықшам ауданына көгілдір отын әзір берілетін түрі жоқ. Себеп – газ құбырын жүргізген мердігер мекеме жұмыстың толық аяқталғандығын растайтын құжатты биыл қараша айында ғана өткізіпті. Енді «ҚазТрансГаз» компаниясының мамандары құбырларды жіті тексеріп, ақаудың жоқтығына көз жеткізулері керек.

«Газ су сияқты емес. Өте қауіпті. Бірден қоса салуға болмайды. Оның жолдары қиын. Газ құбыры тартылып біткенімен, тексеру жұмыстары бір айдан астам уақытты талап етеді. Содан кейін барып газ жіберіледі. Халыққа өтініш, қырқына шыдап келдік қой, енді қырық біріне шыдасақ жағдай реттеледі», — дейді Қ.Рыспеков.

Иә, жергілікті биліктің «жағдай реттеледі» деп келе жатқанына біраз болған. Халық соған наразы. Тіпті, тұрғындардың көбісі «газ келеді» дегенге иланып, үйлеріне көмір түсірмепті. Мәселен, бүгінде «Көктал» ықшам ауданында 1500 үй бар. Соның тең жарымына жуығы газ пештерін орнатып үлгерген. Солардың бірі – Күлпаран Шынтемірова.

Зейнеткермен жүздескенімізде, ол бізге бір жыл бұрын үйге газ құбырын жүргізгендерін айтты. Шелекпен көмір тасып, күнде от жағу қиынға соққандықтан алғашқылардың бірі болып осындай қадамға барған. Сөзіне сенсек, монтаждау жұмысына 450 мың теңге кетіпті.

«Газдың келуін күтіп отырғанымызға біраз болды. Соған сеніп ертерек көмір алу қамын да жасамадық. Кейін күн суытып кеткен соң амалсыз көмір сатып алуымызға тура келді. Енді ол таусылуға жақын. Бір-екі тонна қанша уақытқа жетер дейсің? Жығылғанның үстіне жұдырық демекші, қазір көмір де тапшы болып тұр», — деген зейнеткер қысылтаяң уақытта отырғандарын жасырмады.

Негізі, халықтың көтерілетін жөні бар. Қыркүйек айында «ҚазТрансГаздың» адамдары келіп, тұрғындарға жиналыс ашқан. Сонда олар «биылдан қалмай газ беріледі» деп көпшілікті сендіріпті. Бұл сөзге иланған халық малдарын сатып, несие алып газ пештерін орнатқан.

«Көріп тұрғандарыңыздай газ әлі жоқ. Билік өкілдері үнемі халықпен санасып отыруы керек қой. Шешілмей жатқан мәселе болса, оны дер кезінде бізге келіп түсіндірсін. Сонда мұндай даулы мәселе туындамас еді. Ал, олар үндемей отырады. Осыдан барып, халық көтерілмей қайтсін?» — дейді «Еркін» ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тортай Ізбасқанов. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары көгілдір отыннан бөлек, қазір көмір тапшылығы бүйірден қысып тұрғандығын да алға тартып отыр.

Тортай ағаның айтуынша, көмір сатумен айналысатын қоймалар көмірді қарапайым халыққа емес, алыпсатарларға беріп жатқан көрінеді. Ал, олар қатты отынды қапқа салып, халыққа қымбат бағаға сатуда. Осыны билік өкілдері назарға алса екен дейді ашынған халық.

Көкталдықтар облыс әкімдігіне шулап барғанда аймақ басшысының орынбасары Л.Тұрлашев жақын арада бұл мәселенің оң шешімі болатынын айтып, халықты сабырға шақырған. Жалпы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өкілдерінің айтуынша, дау-дамайдың туындауына газды уақытында бермеген газ жеткізушілер кінәлі. Енді жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл мәселені газбен қамту арқылы шешеміз деп уәде беріп отыр. Олар тұрғындармен кездесу барысында «Көктал» шағын ауданын газбен қамту бойынша жол картасы әзірленіп, қол қойылғандығын түсіндіріпті. Сондай-ақ, ауылды көгілдір отынмен қамту үдерісін жеделдету үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов шұғыл түрде Нұр-Сұлтан қаласына іссапарға аттанған. Мұнан бөлек, облыс әкімдігі «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Р.Сүлеймановқа арнайы хат жолдапты. Яғни, енді «Көктал» елді мекеніндегі газ құбырларын тексеру жұмыстары жақын уақытта жүргізіліп, ақаулар болмаған жағдайда газ жіберіледі.

Жоғарыда тұрғындардың көмір тапшылығынан да зардап шегіп отырғанын айттық. Билік өкілдерінің сөзіне сенсек, бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапқан. Қазір қаладағы көмір қоймаларына вагондар тоқтаусыз келіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткенде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев көмір проблемасын шеше алмай отырған шенеуніктерге сөгіс жариялаған еді. Ол өз сөзінде аудан, қала басшыларына бағаны бақылауда ұстау керектігін айтып, көмір жетіспеушілігінен халық зардап шекпеу керектігін тапсырған болатын.

Данияр САҒЫНДЫҚ

Дереккөз — «Талдықорған» газетінің сайты

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.