Талдықорған: +8°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ «МАГНУМДА» АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

02.04.2020
ӘЛЕУМЕТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ "МАГНУМДА" АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде елдегі азық-түлік жетіспеушілігін болдырмау, бағаның шарықтап кетуінің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау туралы облыстарға тапсырма берген еді. Осыған орай, Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ тапсырмасымен азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін облыстық бюджеттен қосымша 1 млрд.теңге қаржы бөлініп, тауар сатумен айналысатын сауда орталықтарына қолдау танытты. Осы қаржының тең жарымы «Магнум» сауда орталығына бөлінді. Соған сай сауда орталығы осы аптадан бастап әлеуметтік азық-түліктерді базар бағасынан әлдеқайда арзан бағада сата бастады.

«Магнум» сауда орталығына арнайы келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов сауда орталығын аралап, сатушы қызметкерлермен, тұтынушылармен әңгімелесіп, сөредегі баға көрсеткіштерін тексеріп шықты.

Талдықорғандағы «Магнум» сауда орталығының директоры Лаура Ыдырысованың айтуынша, мұнда бүгінгі таңда 9 мыңға жуық азық-түлік тауары сатылады. Ең бастысы, азық-түлік тауарының 50 пайызы отандық және жергілікті өнімдер. Демек, азық-түлік тапшылығы туындамайды. Сондай-ақ, сөрелерде ілінген бағалар да көңілге қонымды. Айталық, өткен аптада осы сауда орталығында келісі 134 теңгеден сатылған қырыққабат бүгінде 98 теңгеге, 125 теңгеден саудаланған картоп 111 теңгеге, 121 теңгеден сатылған пияз 68 теңгеге, 332 теңгеден сатылған күріш 291 теңгеге түскен. Басқа да әлеуметтік тауарлардың бағасы базар бағасынан айтарлықтай арзандаған.

Сауда орталығының қызмет көрсету тәртібі де жүйеленген. Бетперде тағып, вирустан қорғанатын арнайы киім киінген қызметкерлер орталыққа келген әр адамның дене қызуын тексеріп, қолын арнайы дайындалған сұйықтықпен залалсыздандырып барып ішке кіргізеді. Зат таситын қоларбалар да залалсыздандырылмай қолданысқа берілмейді. Зат сатып алу, тауар таңдау, оның бағасын білуде қандай да бір түсінбеушілік туындаса қызметкерлер қашанда қасыңнан табылады.

Осындай жақсы істерді көрген облыс әкімі мұндай бастаманы аудан, қала, елді мекендерде жалғастыру керектігін айта келіп:

– Әрине, ауылдарда «Магнум» сауда орталығы жоқ. Бірақ елді мекендердегі азық-түлік сататын дүкендермен бірлесе отырып, осындай мүмкіндіктер жасау жағын қарастыру керек, – деді.

Өңірдегі азық-түлік тапшылығын болдырмау, баға өсуінің алдын алу үшін басқа да тиімді жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, мұндай шаралар Талдықорған қаласында жоғары деңгейде қолға алынған. Бұл жайлы қала әкімі:

– Бізде 19 түрлі әлеуметтік тауардың бағасы бақылауда. Бағаның өсіп кетпеуі үшін түрлі шара қабылданып, атқарылуда. Сол қатарда қала әкімдігі «Коммуналдық базардың» жанынан арнайы сауда нүктесін ашып, күріш, картоп, пияз, ұн, тағы да басқа күнделікті жиі тұтынатын тауарларды арзандатылған бағада сатып жатыр.  Мысалы, 50 келі ұн базарда 8-9 мың теңге болса, біз 6,5 мың теңге деген баға қойдық. Өткен бір аптаның ішінде 50 тонна ұн сатылды. Сол сияқты картоп 80 теңге, пияз 60 теңге, ет 1800 теңге бағамен саудаланып жатыр. Сондай-ақ, өткен аптада «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-мен бірлесіп, келісін 180 теңгеден 15 тонна қант сатылды. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасады, – деді.

«Магнум» сауда орталығының өкілдері мемлекет қолдауының арқасында жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын, керекті тауарлар қорының жеткілікті екендігін және тауар жеткізушілер ортасында келісімшарт жасалып, жұмыс тұрақты кесте бойынша жүретінін тілге тиек етті. Демек, облыста азық-түлік тапшылығы, бағаның негізсіз көтерілу жағдайы болмайды.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды

Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды

17.04.2026
Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.