Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТАҒЫ ДА КӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ОТЫН ҚҰНЫН АСПАНДАТЫП ЖАТҚАН КІМДЕР?

05.12.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТАҒЫ ДА КӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ОТЫН ҚҰНЫН АСПАНДАТЫП ЖАТҚАН КІМДЕР?
WhatsAppTelegramFacebook

Жұртшылық көмірден тарықпауы керек. Бюджет қаражаты жыл соңына дейін игерілуі тиіс. Бұл мәселелер тағы бір мәрте аудан-қала әкімдері және салаға жауапты қызметкерлермен өткен селекторлық кеңесте пысықталды. Жиынға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ төрағалық етті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Осыған байланысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Абылқасымовтың баяндамасы тыңдалды. Айтуынша, жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Жылу желілеріндегі температуралық режим бақыланып, нормада сақталуда. Жылумен жабдықтау кәсіпорындарына қатты отын қажеттілігі 405,3 мың тонна, бүгінде жеткізілгені 55%. Қоймалардағы көмір қалдығы 49,9 мың тонна. Мазут қажеттілігі — 15 мың тонна, қалдығы — 6,6 мың тонна. Жылумен жабдықтау ұйымдарының алдындағы дебиторлық берешек — 643,3 млн.теңге. Олардың негізгісі облыстың бюджеттік мекемелері мен жеке кәсіпкерлер.

Аймақта 737 бюджеттік нысан сұйық отынмен жылытылады. Жалпы қажеттілік — 26,2 млн.литр. Бюджеттен 5,6 млрд.теңге бөлінген. Бүгінде тасымалдау жұмысы жүргізіліп, 71% жеткізілген. Елдегі сұйық отын тапшылығына, бағаның өсуіне байланысты кейбір жеткізушілер жасалған шарт бойынша өз міндеттерін орындай алмағандықтан, отын тасымалдаудан бас тартқан. Осы ретте шұғыл шара қабылданып, денсаулық сақтау саласына 2,3 млн.литр, білім беру нысандарына 14,5 млн.литр сұйық отын жеткізіліп, жаңа тасымалдаушылар анықталған.

Жылыту маусымына тұрғындар үшін 1,33 млн. тонна көмір қажет. Бүгінде халыққа 84% сатылған. Аудан әкімдерінің мәліметіне сәйкес, елге көмір жеткізу бойынша Ақсу, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары және Қапшағай қаласында көрсеткіш төмен. Көмір тапшылығы бойынша проблемалар бар. Олар көмірді үйге автокөлікпен жеткізу қызметі бағасының күрт өсуі, жеке тұрғын үй аумағында қаптағы көмір бағасын 2-3 есеге қымбатқа сату. Сондай-ақ, тұйықтарда қатты отынды құм-тас немесе ескі көмірмен араластыру дерегі орын алған.

Лаззат Махатұлы бұл мәселелерді бүге-шігесіне дейін талқылап, сала қызметкерлерінен жауап алды. Жиында, әсіресе, көмір тапшылығын болдырмау, бағасын тұрақты ұстау, халыққа жеткізудегі тасымалдау проблемалары назарға алынды. Мысалы, тұйықтарда көмір бағасы тұрақты, бірақ тасымалдау ісіне келгенде делдалдардың кесірінен отын құны көтеріледі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауаптыларға аталған мәселелерді тереңнен зерттеп, зерделеп, күрмеуін тарқату жолдарын қарастыруды, қалай болғанда көмір бағасын көтермеу мәселелесін шешуді тапсырды.

Кеңесте Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков, Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бұлдыбаев, тағы басқа жауапты тұлғалардың есебі тыңдалды. Белгілі болғанындай, Қаратал ауданына күніне жеті, аптасына қырық вагон көмір келіп жатыр. Талдықорған қаласында да тасымал мәселесі шетінен реттелуде. Мысалы, бұрын шаһарға күніне алты вагон келсе, қазір олардың саны он бес, он алтыға жеткен. Ал Текеліде он күндік қана қор сақталған.

Лаззат Махатұлы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, көмірге қатысты мәселені 10-15 күн ішінде бір жүйеге келтіріп, жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеруді тапсырды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.