Талдықорған: +20°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ

14.07.2021
ӘЛЕУМЕТ
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай аудандық  Мәдениет үйінде орналасқан «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен ұйымдастырылған жиында мемлекеттік тілдің ел тұтастығы мен бірлігі үшін маңызы туралы және де қазақ тілін оқытудың әдістемесін жетілдіру мәселесі жайлы айтылды.

Аталған жиынға Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Ескелді, Балқаш аудандары мен Текелі, Қапшағай қалаларында орналасқан орталықтардың меңгерушілері мен мамандары және бірқатар жоғары оқу орындарынан арнайы шақыртылған оқытушылар қатысты
Жиын барысында филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Орынай Жұбаева мен филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирел атындағы университеттің аға оқытушысы Бота Хасен өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, қазіргі таңда тіл ережелерін оқыту кезінде жіберілетін қателіктерге кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде іс жүргізудің қалай жүзеге асып жатқандығына, қазақ тілінде сөйлеген кезде адамдардың қандай қателіктер жіберетіндігі жайлы кеңінен айтып өтті. Өткір мәселені көтерген баяндамашылар еліміздегі қазақ тілінің бірқатар ережелерін қайта қарап, оның мәртебесін арттыру мәселесі бойынша өз ойларымен бөлісті.
Мемлекеттік тілдің мерейін қайтсек үстем етеміз деген жанашырлар жиналған алқалы жиында талай мәселе көтерілді. Сондай-ақ, тілдің қолдану аясын кеңейту үшін қандай шаралар атқару қажеттігі жөнінде кеңінен талқыланды. Оқыту мәселесін жетілдіру мақсатында өткен семинар «Тіл парасат» атты мемлекеттік тіл білгірлері байқауымен жалғасты. 
Өзге этнос өкілдері бола тұра бүгінде қазақ тілін жетік меңгеріп, әр аудан мен қалалардағы орталықтарда сабақ алып жүрген тыңдаушылар арасында ұйымдастырылған байқау төрт кезеңнен тұрды. Оның барысында сайыскерлер өзін дұрыс таныстыра білу, емле ережелері жағынан, биыл мерейтойы аталып жатқан Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы қаншалықты жақсы білетіндігі туралы өзара жарысып, өздерін үкілеп жіберген өңірлерінің ғана емес, тілдің мәртебесін биіктетуге тырысып бақты. 
Танымдық байқау соңында қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.