Талдықорған: +19°C
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Толғақты мәселелердің күрмеуі шешілді

19.05.2026
ӘЛЕУМЕТ
Толғақты мәселелердің күрмеуі шешілді

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген сөз тіркесі әдетте көп айтылып, бірақ нәтиже шықпаған жайларға қолданылады. Ескелді ауданында «бес ай бойы алынбаған, бес ай бойы берілмеген Отырардай» шешімін таппаған мәселелер бар-тын. Былтыр ескелділіктермен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев сол мәселемен күресуді аудан әкіміне нығырлай тапсырған. Мәселені «май шаммен қарап», Жамал апайдай зарықтырған «сақалды құрылыстарды» аяқтап, қоғам игілігіне пайдалануды ілкімдеуді жүктеген. Жуырда журналистер көпті толғандырған мәселелердің тіні тарқауын таразылап, аймақ басшысы тапсырмасының орындалу барысымен танысып қайтты. 

Тілшілер қосыны әуелі 2020 жылдары басталып, былтырға дейін сиырқұйымшақталған Бақтыбай ауылының Мәдениет үйінің құрылысын көрді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауының арқасында аталмыш ғимарат жаздың соңына дейін пайдалануға беріледі. Жаңа мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін заманауи мәдени-спорттық орталыққа айналмақ. Мұнда балалар мен жастар шығармашылықпен айналысып, кітапханаға, хореография залына, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатыса алады.

Жаңғырту жұмысын жүргізіп жатқан «Градцентр» серіктестігі құрылыс учаскесінің басшысы Бірлік Қамытбаевтың айтуынша, келесі аптадан бастап құрылысшылар ғимараттың қасбетін әрлеу мен аумақты абаттандыру жұмыстарына кіріседі. Сонымен қатар, жиһаздар жеткізіліп, қажетті жабдықтар орнатылады. Қазіргі таңда нысанда шамамен 30 адам еңбек етуде. Айта кетейік, Мәдениет үйі 340 орынға арналған.

– Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталуға жақын. Облыс әкімінің тапсырмасын орындап, нысанды уақытында тапсыру үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Ішкі жұмыстар аяқталып, тазалауға көштік. Бір аптаның көлемінде құрылысшылар толықтай Мәдениет үйінің сыртындағы абаттандыру, әрлеу жұмыстарына кіріседі, – деді ол.

Ауыл тұрғындары да әлеуметтік нысанның ашылуын асыға күтуде. Ауыл кітапханасында жұмыс істейтін Гүлмира Азамбаева жаңа ғимарат қоғамдық өмірдің нағыз орталығына айналатынына сенімді.

– Бұл өте әдемі әрі ыңғайлы ғимарат болады. Кітапхана үшін барлық жағдай жасалып жатыр, кітап қоры да көбейеді. Қазіргі таңда бізде 20 мыңнан астам кітап бар, – дейді ол.

Ғимараттың іші заманауи кейіпке енуде. Кең бөлмелерде болашақ мәдени орталықтың рухы сезіледі. Жақын күндері мұнда музыка әуені, балалардың күлкісі мен көрермендердің қошеметі қайта жаңғырады. Құрылысшылар қазіргі қарқынын сақтаса, Мәдениет үйі уақытында беріледі.

Аймақ басшысының ерекше бақылауындағы тағы бір нысан – Алдабергенов ауылдық округіне қарасты Жастар ауылындағы 20 пәтерлі тұрғын үй. Өткен ғасырдың 90-жылдары құрылысы аяқсыз қалып, қаңыраған ғимаратты қалыпқа келтіру былтыр аудан әкімдігіне жүктелген-ді. Бүгінде мемлекеттік қаржыландырудың арқасында нысанға екінші өмір берілуде. Қажетті жобалық-сметалық құжаттардың барлығы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кеткен. «Жаркент Алғыр» серіктестігінің бас инженері Қайыр Әбілпейісовтың айтуынша, бүгінде ескі құрылымдарды бұзу және қайта жаңғыртудың негізгі кезеңдеріне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

– Газ, электр желісі және барлық инженерлік коммуникация тартылады. Жоба аясында аула аумағын абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу қарастырылған. Автономды жылыту үшін блокты-модульді қазандық орнатылады. Үйді толық дайын күйінде тапсыруды жоспарлап отырмыз, – дейді компания өкілі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жаңа үйдегі пәтерлер кезек тәртібімен әлеуметтік осал топтарға «Отбасы банк» арқылы беріледі. Заманауи тұрғын үйді осы жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс толық аяқталған соң ондаған отбасы жайлы баспаналы болмақ.

Былтыр аймақ басшысы халықпен кездесуінде Сырымбет елді мекенінің тұрғындары 30 жыл бұрын ауыл ішіне тіршілік нәрін сеуіп, қазір арнасы кепкен Алмалы және Бәйбіше каналдарының мәселесін базыналаған еді. Себебі, сусыз арнаның кесірінен ауыл іргесіндегі алма бақ қурап, тұрғындар есік алдына азын-аулақ бақша отырғызуды доғарған. Әрине, облыс әкімі түйткілдің тінін тарқатуды аудан әкімі мен құзырлы басқармаларға тапсырды. Нәтижесінде жарамсыз күйге түскен каналдар қалыпқа келтірілуде. Қос арнаны күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 420 млн. теңге бөлінген. Жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр және келесі жылы аяқталады. Қазір қызу қарекеттегі мердігер «Азия канал құрылыс» серіктестігі өкілдерінің мәліметінше, арна бойына ауыр техника мен ондаған жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс учаскесінің бастығы Қанағат Мергенбаев жоба аясында Текелі қаласы маңынан Екпінді ауылына дейінгі ұзындығы жеті шақырымнан асатын Бәйбіше каналына механикалық тазарту жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар 12 көпір өткелі салынып, алты шлюз орнатылады. Канал бойына ұзындығы шамамен 70 метр болатын акведук тұрғызылады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, суару мәселесі ұзақ жылдар бойы ең өзекті мәселелердің бірі болған. Сырымбет тұрғыны Бұғымбай Бегалиевтің сөзінше, отыз жылдан астам уақыт бойы арықтарда су болмаған соң, бау-бақша қурап, халық шаруашылықпен толық айналыса алмаған.

– Бұрын каналдардан су көрмейтінбіз десе болады. Соның салдарынан бақтар мен егістіктер қурап қалды. Қазір жағдай өзгеріп келеді. Енді көкөніс пен жеміс өсіріп, жерімізді қайта түлетеміз, – деді ол.

Қарабұлақ ауылы тұрғындары үшін ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген мәселенің бірі – «Жеңіс» саябағы еді. Бірнеше жылға созылған реконструкциядан кейін бүгінде ол ауданның жаңару нышанына әрі тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып отыр.

Айта кетсек, 2022 жылдан бері саябақтың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырған еді. Тек өткен жылы облыс басшылығының тікелей араласуынан кейін жұмыстар қайта жанданды. Саябақтың жалпы аумағы 5,6 гектар. Мұнда 67 орындық пен 77 қоқыс жәшігі орнатылған, үш әмбебап спорт алаңы мен төрт балалар ойын кешені жабдықталған. Сонымен қатар санитарлық тораптар салынған. Велосипед және жүгіру жолақтары төселген. Жол бөлігін абаттандыру үшін 400 тонна асфальт төселіп, бейнебақылау жүйесі іске қосылған. Бүгінде саябақ заманауи әрі көрікті демалыс орнына айналып келеді. Кешкі уақытта мұнда жастар серуендеп, балаларымен келген отбасылар демалып, тұрғындар спортпен шұғылданады. Қарабұлақ ауылының тұрғыны Рысхан Әубәкірова да жаңартылған саябаққа оң бағасын берді.

– Осындай әдемі әрі заманауи саябақтың пайда болғанына өте қуаныштымыз. Күн сайын кешке немерем Айтөремен осында келеміз: серуендейміз, жаттығу құрылғыларында жаттығамын. Бұл біз үшін пайдалы әрі үйреншікті демалыс орнына айналды. Ауылымызға көңіл бөліп, тұрғындарға осындай қолайлы жағдай жасаған облыс әкіміне алғыс айтамыз, – дейді тұрғын.

Қазіргі таңда саябақты күтіп ұстауға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жауапты. Өткен аптада аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы саябақта әлі де мәселе барын ашып айтты. Жиында Бейбіт Исабаев бұл жер аудан халқы үшін басты демалыс орындарының бірі екенін айтып, тазалық, абаттандыру, суару және аумақты күтіп ұстау жұмыстары жауапты мекемелердің тұрақты бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.

Жалпы, Ескелді ауданында көпті толғандырған өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. «Сақалды құрылыстар» да аяқталуға таяу. Бастысы, ауданда әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инженерлік жобалардың жүзеге асырылуы тұрақты бақылауда екені байқалады. Бұл өз кезегінде әрбір ауылдық округті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқанын және халықтың өмір сүру сапасын арттыру өңірлік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

19.05.2026
Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

19.05.2026
Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

19.05.2026
Жетісудың шұжығы

Жетісудың шұжығы

19.05.2026
Бірінші сыныпқа қабылдау: Жетісуда құжаттар толықтай онлайн форматқа көшеді

Бірінші сыныпқа қабылдау: Жетісуда құжаттар толықтай онлайн форматқа көшеді

19.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.