Талдықорған: +29°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚУРАҒАН АҒАШ, СЫНҒАН АЯЛДАМА: ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ БҮГІНГІ КЕЙПІ ҚАНДАЙ?

10.08.2021
ӘЛЕУМЕТ
ҚУРАҒАН АҒАШ, СЫНҒАН АЯЛДАМА: ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ БҮГІНГІ КЕЙПІ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласын көркейту жұмыстарын жандандыру бойынша жиын өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, Талдықорған қаласының әкімі, құрылыс, сәулет және коммуналдық шаруашылық салаларының басшылары қатысты. Күн тәртібінде облыс орталығын абаттандыруға қатысты мәселе қаралып, оны Амандық Ғаббасұлы қатты сынға алды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Облыс басшысы жақында Талдықорған қаласын аралап, проблемалық мәселелермен жеке танысқанын айттты. Аралау барысында, ағаштардың түбі құрғап, суарылмағанын, арықтардың қоқысқа толып, тазаланбай тұрғанын байқаған.

Осыған байланысты өткен жиында облыс басшысы: «Біздің қаламыздағы ағаштар көз алдымызда «өліп» жатыр. Кейбіреулерінің тіпті жапырақтары да жоқ, бәрі қурап қалған. Неліктен олар уақытылы суарылмайды? Бұл қажеттіліктерге қаражат толық көлемде бөлінді, қызметкерлер штаты кеңейтілді. Өз жұмыстарыңызға неге немқұрайды қарайсыздар?» – деді. Сонымен бірге, дәрігерлерге қойылатын ескерткіштің орнын әзірлеу, жабық жүзу бассейнін абаттандыру жұмыстарының баяу жүріп жатқанын да сынға алды.

Жиын барысында Амандық Ғаббасұлы берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуы тиіс екенін және мұның бәрі ерекше бақылауда болатынын жеткізді. Сондай-ақ, аймақ басшысы жаңа оқу жылының жақын арада басталатынын, бірінші қыркүйекке дейін барлық мектеп оқушыларды қарсы алуға сақадай-сай дайын болып, мектеп аулаларына күтім жасалуы тиіс екенін назарға алды. Бұған қоса, күрделі жөндеу жүріп жатқан мектептердегі құрылыс жұмыстары да кестеге сәйкес аяқталып, білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын болуы шарт екенін осы салаға жауапты лауазымды тұлғалардың қаперіне салды.

Амандық Ғаббасұлы, сондай-ақ, облыс орталығының басты көшелеріне жеке тоқталып, Талдықорғанда тек үш негізгі көше бар екенін, алайда олардың ретке келтірілмейтінін де атап өтті. Тіпті, автобус аялдамаларының жағдайына қатысты да сын айтылды.

– Аялдамалар сынған, жарықтандырылуы да нашар. Неге осы мәселелерге мән бермейсіздер? Неге проблемаларды уақытылы шешуге талпынбайсыздар? Біздің қала шағын, жаяу жүріп, бәрін көруге болады ғой. Осының бәрі жауапсыздықты білдіреді. Өздеріңізге жүктелеген міндеттерді дереу орындауға кірісіңіздер, қалаға тәртіп орнатыңыздар. Ол үшін барлық жағдай жасалған, қаражат бөлінген, қажетті техникалар да жеткілікті, қызметкерлердің де толық штаты бар. Басшыдан бастап, қарапайым жұмысшыға дейін жұмыс істеу керек, сонда ғана нәтиже көрінетін болады. Бір ай уақыт беремін. Қыркүйекте қаланы өзім аралаймын. Соған дейін қаланың көркейту жұмыстарын сәулет, құрылыс, басқа да тиісті мекемелер бірлесіп, қалпына келтіруді талап етемін, – деді аймақ басшысы.

Осы орайда Амандық Ғаббасұлы өзінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовқа, Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаевқа, құрылыс, сәулет және коммуналдық шаруашылық салаларының басшыларына қатаң ескертулер жасап, кемшіліктерді түзету жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.