Талдықорған: +7°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ

13.05.2020
ӘЛЕУМЕТ
ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданындағы Шырғанақ ауылында тұратын абзал да ақжарқын азамат Оразбай Бекбатырұлы мамыр айында алпыс жастың асқарына шықты.
Оның есімі Нарынқол, Кеген өңіріне жақсы таныс. Өйткені, оның өзіндік өмірлік ұстанымы, тура мінезі бар. Адал жүреді, ақ сөйлейді. Жанының алалығы, ешкімге жаттығы жоқ. Істің, тынымсыз еңбектің адамы. Қайда жүрсе де артына ізгілікті ізін, қолтаңбасын қалдыра жүреді. 

Оразбайдай жайдары, ақ тілеулі азамат жайлы сыр шертетін болсақ, ол еркін күреспен айналысып өскен ауыл баласы. Осы күрес түрінен спорт шеберлігіне кандидаттығын қорғаған. Мектепті жақсы бітіріп, әскер қатарында аға сержант дәрежесімен рота командирінің орынбасары болады. Алматы қаласындағы медицина институтын да үздік бітірген түлектердің бірі. Мамандығы дәрігер-стоматолог. 
Ел жүрегінде, тарих беттерінде қалған әйгілі Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың бірі. 16-17 желтоқсан күндері өзі құралпы студент жастармен бірге алаңда болады. Институттағы жақсы оқитын, үлгілі студенттің бірі болғандықтан студенттік кеңестің құрамынан ғана шығарылған. 2012 жылдан «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Жастайынан әдеби кітапты жастанып оқып, радионың күйтабағынан батырлар жырын тыңдап өскен Оразбайдың өнер мен өлеңге де жақындығы бар. Туған Отан, ел мен жер туралы толғаныстары мерзімді басылымдарда жарық көріп келеді.
Кейіпкеріміздің 40 жылға таяу еңбек өтілі бар. Мамандығы бойынша отыз жыл еңбек етті. Еңбек жолын Шырғанақ ауылдық дәрігерлік емханасында дәрігер-стоматолог болып бастаған. 1991 жылдан ауылдағы дәрігерлік пункттің меңгерушісі болды. 
Білімді, білікті, ұйымдастырушылық қабілеті мол азамат медпункт орналасқан бұрынғы шаруашылық кеңсесін күрделі жөндеуден өткізуге негіз қалады. Ел-жұртын ұйымдастырып, көптің қолдауы, көмегімен ескі ғимаратты заманға лайық қалыпқа келтірді. Дәрігерлік шаңырақ бүгінде ел игілігіне айналған. 
Ауылда тұратын азамат 2011 жылдан бастап өз алдына шаруа қожалығын құрып, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды ірі қара өсірумен де қосымша айналысты. Қазір  «СПК Шырғанақ» өндірістік кооперативі сенімді басқаруға берілген. 
Оразбай балалық бал дәурені, жарқын да жайдары жастық шағы өткен Шырғанақ ауылын жанындай жақсы көреді. Ес біліп, азамат болып ат жалын тартып мінгелі жүрегі мен жанарында тұратын ауылына бар жақсылығын жасап келеді. Ауылында әкім тұрақтамай, бірінен кейін бірі ауысып жатқан тұста кезекті бір сайлауда өз кандидатурасын ұсынған. Аудандық мәслихаттың депутаттары ел мен жердің жайын жақсы білетін, қолынан іс келетін Оразбайға үлкен сенім артты. Сөйтіп 2017 жылдан ауылдық округ әкімі болып жемісті, абыройлы жұмыс істеп келеді. Бұл орайдағы жетістігі жайлы айтар болсақ, 2018 жылдың қорытындысымен Тәуелсіздік мерекесінде «Ең үздік ауыл әкімі» атанды. Бұл Көкпияз, Кіші Қарқара, Талды, Кеңсу секілді бірнеше ауыл қарайтын округте маңдайын терлете, шапқылай жүріп жасаған еңбегінің өтеуі екені анық.  
Бір ғана 2018 жылдың ауқымында округте атқарылған шаруаларға миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылып, жұмыс жүргізілді. Кіші Қарқара ауылында жаңадан дәрігерлік нысан ғимараты салынып, ел игілігіне берілді. Талды ауылының әр отбасы таза ауыз суға қол жеткізді. Шырғанақ ауылында бірнеше көше асфальтталып, көше шамдары жарқырады. Өткен жылы өзінің бас болып қолға алуымен ауыл іргетасы қаланғанының 90 жылдығы кең көлемде аталып өтіліп, ел есінде қалды. 
Сол тұста ауылдан шыққан азаматтардың қолдауымен ардагерлер аллеясы, шағын  футбол алаңы жасалып, іске қосылды. Ауылдың тарихы туралы кітап жарық көрді. Биыл бұрынғы мешіт ғимаратын шағын спорт кешеніне айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның сыртында майдангерлерге арналған ескерткіш жөндеуден өткізілді. Биыл тағы да екі көше асфальтталып, ел игілігіне айналмақ. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, үздік әкім, атпал азамат Оразбай Бекбатырұлының зайыбы Мира Мұқалдиеваның да мамандығы дәрігер. Екеуінің шаңырағынан қанаттанған Руслан – жеке кәсіпкер. Қуандық  Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық қауіпсіздік саласында жұмыс істеп жүр. Өзінің жолын қуған Марғұландай ұлдары – дәрігер- стоматолог. Медицина университетінің 6-курсында оқып жүрген Маржан – болашақ хирург. Қара шаңырағына аққудай қос келін түскен. Томирис, Інжу, Айзере, Еркежан атты қылығы тәтті алтындай немерелері бар.
Өмірінде тура жолынан айнымаған, адал еңбегін серік, өміріне көрік еткен азаматтың осы уақытқа дейін жүріп өткен жолы мәнді де мағыналы ғұмырының жарқын беттері іспетті. Адалдығы мен еңбекқорлығы, адамдық асыл қасиеттері өз алдына жеке әңгіме боларлық Оразбайдың жақсы күндері, шуақты сәттері алда деп білеміз.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде күн жылына бастайды

Елімізде күн жылына бастайды

17.04.2026
Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

17.04.2026
Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

17.04.2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

17.04.2026
Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.