Талдықорған: +23°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ СЕНІМ АРТАСЫЗ? САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

09.02.2022
ӘЛЕУМЕТ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ СЕНІМ АРТАСЫЗ? САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Халықтың зейнет-ақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шықты.

Зерттеу еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың тұрғындары арасында қала мен ауыл жұртшылығына телефон арқылы және тікелей сауалнаманы қоса алғанда аралас жүргізілді. Барлығы 3000 респонденттен сауалнама алынды. Зерттеу сауалнамасының негізгі бөлігі Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға, сондай-ақ, Қазақстанның зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенім дәрежесін анықтауға бағытталған 25 сұрақтан тұрды.

Бұл ретте сауалдың негізгі мақсаты респонденттердің зейнетке шыққан кезде өздерінің болашағы үшін жеке жауапкершілігін қаншалықты түсінетінін және оған қаншалықты көңіл бөлетіндерін анықтау болды.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, көпшілік қаржылық әл-ауқаттарының негізгі көзі мемлекеттен және БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы болады деген пікірді ұстанады. 2271 адам немесе сауалнамаға қатысушылардың 75,70% осылай жауап берді. 288 респондент (9,60%) өз бизнесіне сүйенеді, ал БЖЗҚ-дағы жинақтарынан басқа, өзге де жинақтарға 244 респондент немесе сұралғандардың 8,13% үміт артады.

Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық базалық және ілгері деген екі деңгей бойынша талданды.

Қазақстандықтар базалық деңгей бойынша көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берді. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің басым бөлігі – 1475 адам (49,17%) «БЖЗҚ» АҚ міндеті – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын шоғырландыру, зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылады деп дұрыс айқындады. Респонденттер, сондай-ақ, зейнетақы жарналарының түрлері, төлемдер мен зейнетке шығу жасы туралы жақсы хабардар болып шықты. 1317 респондент (немесе сұралғандардың 43,9%) Қазақ-станның барлық азаматтарына кепілдік берілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі туралы, еңбек өтілі бойынша мемлекеттік еңбек (ортақ) зейнетақы жөнінде, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған жұмыскердің меншікті зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері туралы құлағдар екен. Жалпы алғанда, базалық деңгейдегі білім коэффициенті 69,9%  құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен асып түсті.

Ілгері деңгейді бағалау үшін сұрақтар күрделене түсті. Олардың жауаптары да әр түрлі болды. Мысалы, сауалнама көрсеткендей, сұралғандардың басым бөлігі немесе 1187 респондент (39,57%) зейнетақы активтерін инвестициялауды тек ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады деп санайды. Бұдан едәуір аз адам – 738 респондент (24,60%) инвестициялық табыс алу үшін зейнетақы активтерін инвестициялауға қатысты ИПБ (инвестициялық портфельді басқару) міндетінен хабардар екен. Сонымен қатар, 721 респондент (24,03%) инвестициялық табыс алу үшін зейнетақы активтерін инвестициялауды БЖЗҚ жүзеге асырады деген қате пікірді ұстанады.

Респонденттердің басым бөлігі инвестициялық табыстың мөлшері бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыға, бағалы қағаздардың нарықтық құнының және шетел валюталары бағамының өзгеруіне байланысты өзгеретінінен, бұл ретте инвестициялық кірістің қор нарқындағы ахуалға байланысты оң да, теріс те болуы мүмкін екендігінен хабардар (1252 респондент немесе сұралғандардың 41,73%). Сондай-ақ, респонденттердің басым бөлігі зейнетақы жинақтарының қандай да бір инвестициялық активтерге салынатынын және инвестициялық табыс есебінен көбейетінін білетіндерін көрсетті (1307 респондент немесе сұралғандардың 43,60%).

Нәтижесінде, халықтың зейнетақы жүйесі туралы хабардар болуының ілгері деңгейінің жалпы білім коэффициенті 43,4% құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен бір жарым есе  жоғары. Еске сала кетсек, былтыр ол 27,5% көрсеткен болатын.

Жалпы, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейі зерттеу барысы көрсеткендей, жұртшылықтың едәуір бөлігінің қаржылық сауаттылық бойынша базалық білімдері бар және ол жыл сайын артып келеді. Бұл жолғы зерттеуде ілгері деңгейдегі білімнің едәуір өскені атап өтілді.

Дәстүр бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі шамамен бірдей мәнге ие. Яғни, респонденттер үшін БЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады әрі олардың БЖЗҚ-ға жинақтаушы зейнетақы жүйесін жүзеге асыру операторы ретінде қарайтындарын көруге болады. 2021 жылы Қорға деген сенімнің орташа деңгейі 5,8 баллды құрады (ең төменгі мәні 1, ең жоғарғы мәні 10 балл), яғни нәтиже орташадан жоғары. Бұл жолы ең жоғары балл Батыс Қазақстан (6,8), Қарағанды (6,6) және Шығыс Қазақстан (6,5 балл)  облыстарында тіркелді.

Халықтың еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі де 5,8 балды құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде Батыс Қазақстан (6,7 балл), Шығыс Қазақстан (6,6 балл), Қарағанды (6,4) және Жамбыл (6,2) облыстарында тұратын респонденттер зейнетақы жүйесіне ең көп сенім білдірді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы ақпарат көздері жөнінде де сауалнама жүргізілді. Нәтижесіне сүйенсек, жауап берушілердің көпшілігі ақпаратты (жаңалықтарды) әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алуға бейім – 1324 рет аталынған (барлық жауаптың 44,1%), одан сәл азырақ – теледидар арқылы – 1305 рет аталынған (43,5%). Ең танымал ақпарат көздері арасында үшінші орында – ақпараттық және өзге де сайттар – 384 рет аталынған (12,8%).

«БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі Қор жайында ақпарат алуды жұрттың барлығы үшін еш қиындықсыз оңай деп санайды (1817 адам немесе жауап бергендердің  60,57%).

Сұрау салынған азаматтар өз жинақтары туралы ақпарат алу мәселесіне қатысты ХҚО-ға (1712 рет аталған) немесе БЖЗҚ-ға жеке жүгінуді (1624 жауап беруші атап өткен) таңдайды. Респонденттердің пікірінше, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың үшінші неғұрлым оңтайлы тәсілі – электрондық мекенжайға үзінді көшірме алу (1280 рет аталған), бұдан әрі – мобильдік қосымша арқылы ақпарат алу нұсқасы (1205 рет аталған) келтіріледі.

Зерттеу нәтижелерін ескере отырып, БЖЗҚ-ға және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру барысында БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін болады.

БЖЗҚ баспасөз орталығы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда BMW жүргізушісі ескерткіш маңында дрифт жасап, жазаланды

Талдықорғанда BMW жүргізушісі ескерткіш маңында дрифт жасап, жазаланды

27.04.2026
Елена Рыбакина маусымдағы жеңістер саны бойынша әлемде көш бастады

Елена Рыбакина маусымдағы жеңістер саны бойынша әлемде көш бастады

27.04.2026
Жоғары білім алғандардың әрбір үшіншісі басқа салада еңбек етеді

Жоғары білім алғандардың әрбір үшіншісі басқа салада еңбек етеді

27.04.2026
Қазақстанда әлем брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады

Қазақстанда әлем брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады

27.04.2026
2000 теңгелік купюра енді қабылданбайды

2000 теңгелік купюра енді қабылданбайды

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.