Талдықорған: +12°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Өзекті мәселелер талқыланды

6 маусым 2017
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттің дамуына ықпал ететін тетіктердің бірі – Қоғамдық кеңестер. Қарапайым тұрғындар мен беделді азаматтар кеңестің қарауына өздерін толғандырған мәселелерді ұсына алады. Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің  кезекті  отырысында 6 мәселе қаралды. Алдымен Талдықорған қаласының әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВТІҢ есебі тыңдалды.

Көпшілікке нақты мәліметтер ұсынған Бағдат Әбілмәжінұлы:
– Өткен жылы жоспарланған көрсеткіштерді артығымен орындадық, негізгі салалар бойынша көзделген межелерге қол жеткізілді, – деп облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. – Кәсіпкерлік саласында да алдыңғы жылмен салыстырғанда алға басушылық бар. Аумақтық индустриялдандыру картасы аясында 4 жоба бойынша өндірістер жобаланған қуатын игеріп, 485 жаңа жұмыс орны құрылды. Қаладағы «JLC Сүт» ЖШС белгіленген қуатын 1,7 есеге, «Алматы бояулары» 127,1%-ға, «Темірбетон» ЖШС тұрғын үй құрылымы цехы 124,3%-ға, «Қайнар-АКБ» ЖШС 100,0%-ға арттырып, қалада 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бюджет түсімі 1,3 есеге артып, өткен жылы 25,3 млрд.теңгеге жетті.
Қала әкімінің айтуынша, биылғы       4 айдың ішінде 20,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы көлем индексі 150%-дан асты. Облыс әкімінің қолдауымен аумағы 594 гектарға тең «Талдықорған» индустриялды аймағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамтылды. Онда өсімдік майын тазартып, ыдысқа құюмен шұғылданатын «Сарқан май» және синтетикалық жуғыш заттар шығаратын «Аманат Қазына» зауыттары іске қосылды. Енді алдағы маусым айында «Лу Нюань Жетысу» ЖШС ет өңдеу зауытының, «Эфко Алматы» серіктестігі сервистік-дайындау орталығының құрылысын бастайды. Биыл 481 жаңа жұмыс орнын ашатын 7 жаңа өндіріс іске қосылмақ. Оларға тартылған инвестиция 6 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, есепті мерзімде 2,7 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілді. Қала аумағындағы егіс алқаптарында өсірілетін қант қызылшасының көлемі 82 гектарға дейін ұлғайтылып, 2900 тонна өнім алу жоспарланып отыр. Суландыру желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып, ұзындығы 14,0 шақырымға тең «Шығыс», «Кемеращы» және «Еңбек» магистральді ішкі шаруашылық тоғандары жөнделіп жатыр.
Осындай жетістіктерді таныстырып, көпшілік назарына толымды көрсеткіштерді ұсынған қала әкіміне Талдықорғандағы «Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова сауал жолдап, Желтоқсан көшесіндегі, №17 үйде жаз кезінде ыстық судың болмайтынын жеткізіп, қаладағы көптеген ғимараттарға арбалы мүгедектердің кіруі үшін пандустардың салынбағанын атап өтті. Сонымен қатар қалаға келген табиғи газды жекелеген үйлерге орнатудың бағасы әрқилы екендігін алға тартқан қоғам белсендісі бір танысынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның мамандары өз қызметіне 120 мың теңге, «Жетісугаз» ЖШС-ның қызметкерлері 95 мың теңге сұрағанын жеткізіп, жекелеген азаматтар үшін бұл соманың қымбаттығын айтты. Осы сауалдарға байланысты қала әкімі құзырлы мекемелерге тапсырма беріп, түйткілді мәселелерді шешуге уәде берді. Ал, табиғи газды жеткізумен айналысатын мемлекеттік ұйымдардың жұмысындағы жеңілдіктерді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әсет Қанағатов түсіндіріп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың табиғи газ орнату жұмыстарының ақысын 6 айға дейін бөліп төлеуге болатынын жеткізді.
Алқалы отырысты ашып, жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Тойбаев бұдан соң мінберге облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын жария талқылау үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Асқар Қожабаевты шақырды. Басқарма басшысы таныстырған өзгертулерді қолдаған Қоғамдық кеңес мүшелері бұдан соң облыс әкімдігінің 2016 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Есепті көпшілікке облыстық қаржы басқармасының басшысы Болат Сәтбаев таныстырды. Қоғамдық кеңес мүшелері келесі кезекте облыс әкімдігінің «Алматы облысы бойынша есептегіш аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Қаулысының жобасын, «Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйылтылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы» Қаулысының жобасын және «Алматы облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қаулысының жобасын жария талқылады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30
Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Бүгін, 13:05
Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.