Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ АРҚАУЫ

12.11.2021
ӘЛЕУМЕТ
ЖАҢАШЫЛДЫҚ АРҚАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі білікті маман». І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  «Zhansugurov College» дәл осы пікірді ұстанады. Осы орайда колледж директоры Марат Мәлтекбасовтың басшылығымен жас ғалымдардан құралған «Ғылыми Startup академия орталығы» құрылған. Оның мүшелері – білуге, үйренуге, жаңашылдыққа жаны құмар колледж білімгерлері.

Жас ғалымдар құрамының мақсаты – терең білімге, белсенді дамуға, жаңа белестерді бағындыруға құштар жастармен жұмыс істеп, олардың әлеуметтік-инновациялық жобаларын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.         
2019-2021 жылдары колледждің ғылыми даму қарқыны жоғары деңгейде болды. Республикалық, облыстық, қалалық Startup, IT байқауларда білімгерлеріміздің жобалары үздіктер  қатарынан  көрінді.  Атап  айтсақ, 2019 жылы  туризм  мамандығының  білімгері  Кенже Сұңқар ұсынған инновациялық-ақпараттық портал  «Талдықорғанға саяхат» жобасы «Jetisý – Startup» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауында III орынға ие болды. Талдықорған қаласы бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында өткізілген үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысқан шәкірттеріміз жүлделі І және ІІІ орындарды иеленді.
Биыл құқықтану мамандығының білімгерлері Мадияр Малдыбеков, Лейла Бірімтай, Адэлия Хасанованың «QR-код негізіндегі кітап және тест жинағының жаңа үлгісі» атты жобасы Жетісу университетінің «Jetisý — Startup» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауында II орын алса, ақпараттық жүйе мамандығының білімгері Сапар Сұлтан «Биологиялық ыдырайтын полилактидті полимерлер» жобасымен III орын тұғырынан көрінді.
Талдықорған Жоғары политехникалық колледжі ұйымдастырған «IT project» жобасында Лейла Бірімтай, Адэлия Хасанова, Мадияр Малдыбековтың жобалары I орын, Кенже Сұңқар ұсынған жоба III орын алып, үздік жоба атанды.    
Колледжіміздің білімгерлері республикамыз бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 52 студенттік команда қатысқан «Enactus Kazakhstan National Expo 2021» байқауында 3-орынды еншіледі.
 Жас ғалымдар құрамынан Сапар Сұлтан, Бірімтай Лейла, Өмірсерік Шолпан және Адэлия Хасанова Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауында 1-орынды иеленіп, 1 жыл бойы ай сайын 40 000 теңге шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болды.  Осы байқаудың ең алғашқы жеңімпаздары болып «Zhansugurov college»-нің студенттері танылды.   
Жобаны іске асыру бойынша жас ғалымдарымыз көптеген курсқа қатысып, түрлі мамандардан кеңес алды. Жастардың қашанда жаңашылдыққа жаны құштар. Ғылым жолына қадам басқан білімгерлеріміздің  әлі талай шыңды бағындырарына сенеміз. Оларды ынталандырып, бағыт-бағдар беру – біздің парызымыз. Осы орайда студенттер арасында колледжішілік  инновациялық идеялар мен startup жобалар байқауы өткізіліп, жеңімпаздарды колледж директоры Марат Мәлтекбасов дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қазіргі таңда біздің жас ғалымдарымыз өз білімін шыңдап, Республикалық «Мен кәсіпкермін» жобалар байқауына 5 бағыт бойынша қатысуға өтініш жолдады. Атап айтсақ, «Пластикалық қалдықтардан эко блок шығару үшін жұмыспен қамту», «Ақылды арба», «Qr-код негізіндегі тест және  оқулықтар жинағы», «Экологиялық таза энергия өндіретін цилиндр», «Энергия өндіретін тақтайшаларды өндіріске шығару» жобаларымен қатысып, бақтарын сынамақ. Сонымен қатар республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар акселераторы байқауына «Энергия өндіретін инновациялық тақтайша» жобасымен қатысуда.   
Қазіргі таңда ғылым саласы түбегейлі жаңару, жаңғыру үстінде. Елімізде білікті мамандар, айтулы жетістіктер мен әлемдік деңгейдегі зертханалар бар. Олай болса колледжіміздің жас ғалымдарына  жаңа биіктерді бағындыруда сәттілік тілейміз.

Гүлмира Абзалқызы,
«Zhansugurov College» ғылыми  Startup академия орталығының жетекшісі

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.